"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

САЙЛАУШЫЛАР СЕНІМІН АҚТАУ — СЫН

29.03.2016
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімі Ермак Сәлімовтің қатысуымен қалалық мәслихаттың VI шақырылымының I сессиясы болып өтті. Айта кету керек, 20 наурыз күні өткен деңгейлік мәслихаттар сайлауынан соң қалалық халық қалаулыларының құрамы біршама жаңарыпты. Бұл орайда ұйымдастырылған саяси науқанның нәтижесі жайында қаламыздағы аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Зейнолла Тоқаев мағлұмат беріп өтті.

 

Аталмыш сайлауда қалалық мәслихат төріндегі 24 орынға 83 үміткер өтініш білдірген екен. Алайда саяси дода барысындағы сайлау бюллетеніне 57 кандидаттың ғана есімдері тіркеліпті. Ал дауыс беру шарасына қаламыздағы электораттың 71,3 %-ы қатысқан. Сонымен қатар өз ақпараттандыруында Зейнолла Тоқаев қалалық мәслихаттың алтыншы шақырылымына депутат болып сайланған азаматтармен таныстырып өтіп, барлығын жеңістерімен құттықтап, алдағы уақыттағы қызметтерінде өңіріміздің өркендеуі жолында өзіндік мол үлес қосатындықтарына сенім білдірді.

Осыдан соң халық қалаулылары    дауысқа салу арқылы кезекті ұйым- дастырылған қалалық мәслихаттың бірінші сессиясының төрағасы ретінде №22 сайлау учаскесінен түскен депутат Рафаиль Хазиповты таңдап алды. Сонымен қатар депутаттар қалалық мәслихат хатшысына да дауыс берді. Бұл орайда аталмыш лауазымды осыған дейінгі шақырылым бойынша да атқарған Бейсенбек Ақжаловқа сенім артылды.

Осыдан соң қалалық халық қалаулылары мәслихаттың тұрақты комиссиялары, олардың құрамы мен хатшыларын таңдау мәселесін де қарастырды. Атап айтсақ, бюджет және қаржы, экономиканы дамыту істері бойынша тұрақты комиссия хатшысы ретінде №19 сайлау округінен түскен депутат Бауыржан Қайрамбаев; құқықтық мәселелер, депутат этикасы және құзыреттілігі мәселелері бойынша №8 округ депутаты Руслан Шелдебаев; өндірісті, әлеуметтік құрылымды дамыту, тұрғын үй коммуналдық шаруашылығы бойынша №16 округ депутаты Әміржан Ахмеджанов; әлеуметтік қорғау, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет пен спортты дамыту бойынша №21 округ депутаты Айнұр Арғынбекова тұрақты комиссия хатшылары болып сайланды.

Сонымен қатар депутаттар Семей қалалық мәслихатының кезекті сессиясының хатшысы мәселесін де қарады. Мәслихат хатшысы Бейсенбек Ақжалов айтып өткендей, бұл ретте қалыптасқан дәстүр бойынша сессия хатшылары сайлау округтерінің нөмір реттілігі бойынша тағайындалады екен. Бұл үрдісті осы жолы да сақтау барша халық қалаулылары тарапынан мақұлданды. Сондықтан кезекті сессияның хатшысы ретінде №1 сайлау округінің депутаты Марлен Көкірекбаев сайланды.

Жиын соңында депутаттар алдында қала әкімі Ермак Сәлімов сөз алып, барша халық қалаулыларын жаңа мандатты иеленулерімен құттықтады.

— Қазіргі депутаттық корпус 50%-ға жаңарды. Ендігі аралықта біз бірлескен түрде алдымызда тұрған тапсырмаларды тиімді тұрғыда шеше аламыз деп сеніммен айтуға болады. Алдағы жұмыс ауқымы айқын. Ынтымақтаса атқаруға тиісті бағдарламалар бар, сіздердің сайлаушыларыңыз — қалалықтардың үміттері мен сенімдері бар. Біз бірлескен түрде көп нәрсені атқара аламыз деген ойдамын,- деді өз сөзінде Ермак Бидахметұлы.

«СТ» — ақпарат

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС