"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҒАСЫР КУӘГЕРЛЕРІНЕ ҚҰРМЕТ

15.04.2016
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейде ғасыр жасаған қарияларға қала әкімдігі құрмет көрсетті. Семей қаласы әкімінің орынбасары Надежда                           Шарова қаладағы 100 жасқа жеткен үш көнекөз қариялардың шаңырағында болып, гүл шоқтары мен сый-сияпаттарын табыс етті.

Қала әкімінің орынбасары Надежда Васильевна алдымен Березовка кентіндегі Күнгей көшесінде тұратын жасы ең үлкен қарт ана Зейнезайп Шукшумбаеваның үйіне аялдады. Надежда Васильевна қарт әжейді қазақ тілінде құттықтап, өзінің жылы лебізін білдірді.

— Ғасыр жасап, көпті көрген қариясыз, заманыңызда ба-сыңыздан небір қиын сәттерді өткіздіңіз. Өмір ағымында тағдырдың тәлкегіне қарсы тұрып, әрқашан адамгершілікті бәрінен жоғары қоя білген рухы мықты, жүрегі таза, мейірімі мол ана тұлғасымен шыңға шықтыңыз. Жүз жас – Алланың берген сыйы, еңбегіңіздің зейнеті, туған – туыстарыңыздың ырыздығы,- деді қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова.

Зейнезайп әжей дәл осы күні, яғни 12 сәуірде, 100 жасқа толып отыр екен. Ұзақ жасаған қария әлі де тың. Құр қарап отырмайтын әжей бау-бақшада жұмыс жасағанды ұнататын көрінеді. Кейуананың ұзақ жасауының сыры да оның осындай еңбекқорлығында дейді жақындары. Әжейдің өмір жолы сан қилы. Сұрапыл соғыс кезінде, соғыстан кейін де  талай қиындықты басынан өткерген Зайнезайп әжей еңбекқорлығының арқасында ешбір ауырып көрмеген екен.

— Мен өмірі ауырған емеспін, ауруханаға да жатып көрмеппін. Дәрі-дәрмек те ішкен емеспін. Соғыс жылдары балалар үйінде жұмыс істедім. Колхоз жұмысына да араластым. Талай қиын жағдайлар бастан өтті. Өзімізде жоқ болса да барымызды майданға жіберіп отырдық. Бір күнде қаншама адам майданға аттанатын, жылап-еңіреп қалатынбыз. Енді соғыс болмасын, еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын,- дейді көнені көрген қарт әжей. Тыл еңбеккері бүгінде екі ұлдан отыздан астам ұрпақ сүйіп, бақытты ғұмыр кешуде.

Қарт әже Александра Красильникова 10 сәуір күні 100-ге толды. Семей қаласында дүниеге келген қария да сұрапыл соғыс жылдары талай қиындықты бастан өткерген екен. Нагорная көшесінде тұраты Мария Коваленко да 100 жасқа толды. Өңіріміздегі колхоз-совхоздарда жұмыс істеп, кейін зейнетке шыққан. Тыл еңбеккері — бүгінде немере, шөбере сүйіп отырған ардақты ана, бақытты әже.

Айта кетейік, биылғы жылы шаһарда 100 жасқа толатын 11 қария бар. Бүгінгі күнге дейін қалалық әкімдік жеті қарияны ғасыр тойымен құттықтап шыққан. Жергілікті әкімдік жыл бойы ғасыр жасаған қарияларымызға құрмет көрсетіп, әрбірінің үйіне баруды жоспарлап ортыр.

— Қарияларға қамқорлық жасау Елбасының да ұдайы назарында болып келеді. Біз көпті көрген үлкен кісілердің өмірлік тәжірибелерін үлгі-өнеге ете отырып, кейінгі буын жастарға ұлағатты тәрбие бере аламыз,- дейді қала әкімінің орынбасары Н.Шарова.

Асан МЫРЗАХАН,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

6 часов бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

6 часов бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

6 часов бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

6 часов бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

6 часов бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

6 часов бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

6 часов бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

6 часов бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

6 часов бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

6 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС