"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МАМАНДЫҚТАРКӨРМЕСІНДЕ

26.04.2016
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Орталық алаңда шаһарымыз бойынша дәстүрге айналған «Мамандығымды мақтан етемін» атты акция ұйымдастырылды. Жыл сайын өткізілетін аталмыш шараның негізгі мақсаты  мектеп бітіруші түлектерге, сонымен қатар өзге де жастарға мамандық таңдауда дұрыс бағыт-бағдар беру, кәсіби-техникалық білімнің маңыздылығын көрсету, жұмысшы мамандықтарын насихаттау болатын.

Биылғы жылы да түлектер үшін маңыздылығы жоғары саналатын акцияға қаламыздағы 29 колледждің ұжымдары толық қатысты. Бұл шараға арнаулы білім беретін мекемелер өкілдерінің жоғары даярлықпен келгендіктері байқалып тұрды. Орталық алаңды бойлай орналасқан мамандықтар көрмелерінен қаламыздағы әрбір колледждің кәсіптік білім берудегі әлеуеті туралы мол мағлұмат алуға болатын еді. Сонымен қатар техникалық, медициналық, аспаздық мамандықтар бойынша оқытатын оқу орындарының студенттері де кеңес сұрап келгендер үшін тиісті мәліметтер беріп жатты. Қызығушылық танытушылар арасында әсіресе биылғы жылы мектеп бітіретін түлектердің ата-аналары мен туыстары мол болды.

Ал осынау сәттерде алаң төріне көтерілген облыстық білім басқармасы басшысының орынбасары А.Нурсеитова, қала әкімінің орынбасары Н.Шарова, Шығыс Қазақстан облысы техникалық және кәсіби білім беру ұйымдары директорлары облыстық кеңесінің төрағасы О.Сартаевтар аталмыш акцияға орай өз пікірлерін білдірді. Акцияның берер мүмкіндігінің жоғары екенін атап өткен қала әкімінің орынбасары Надежда Васильевна ағымдағы жылы алтын ұяларымен қоштасқалы отырған түлектерге мамандық таңдауға бейжай қарамауға шақырды.

Ал өз пікірін білдірген ШҚО Кәсіпкерлер палатасы Семей қалалық филиалының директоры Ардақ Әділжанов барша түлектерді өз болашақтарымен ұштастыратын мамандықтар таңдауда дұрыс шешім қабылдауға үндеді. Ардақ Әділғазыұлы айтып өткендей, бүгінгі таңда өңіріміздегі кейбір кәсіп иелеріне сұраныс аса жоғары болса, кейбіріне керісінше. Мәселен, дәнекерлеуші мамандықтарын игерген жұмысшылардың жасы бүгінде 50-60 жасты құрайды екен. Яғни, жастар аталмыш кәсіпке бара бермейді. Нәтижесінде аймағымыздағы құрылыс, қайта жөндеу саласы бойынша аталмыш кәсіп түріне деген тапшылық қалыптасқан.

«Мамандығымды мақтан етемін» акциясы аясында шараға қатысқан мектеп директорлары, мектеп бітірушілер мен олардың ата-аналары сонымен қатар арнайы ұйымдастырылған концерттік бағдарламаны да тамашалады.

«СТ» — ақпарат

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

5 дней бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

5 дней бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

5 дней бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

5 дней бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

5 дней бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

5 дней бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

5 дней бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

5 дней бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

5 дней бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС