"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖҮЙРІКТЕ ДЕ ЖҮЙРІК БАР…

15.12.2017
10
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 13 желтоқсан күні Абай атындағы театрда Семей қаласы жастарының дәстүрлі форумы болып өтті. Салтанатты кеште қала өміріне белсене араласып, біліктілігімен көзге түскен жастар Семей қаласы әкімінің арнайы сыйлығымен марапатталды.

Ел Тәуелсіздігінің мерейлі мерекесі қарсаңында ұйымдастырылған форумда жаңашыл һәм белсенді жастар Семей қаласы әкімінің «Мемлекеттік жастар саясатын іске асыруға қосқан үлесі үшін» сыйлығын жеңіп алды.

Атап айтар болсақ, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің студенттері — «Жас Отан» жастар қанатының көшбасшысы Жомарт Риятов пен Қазақстан студенттер альянсы Семей қалалық бөлімшесінің көшбасшысы, «ҚР Үздік студенті — 2017» байқауының жүлдегері Ерасыл Төлеуқадыров «Жылдың жас көшбасшысы», «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Дархан Жұмаділов «Жылдың жас кәсіпқойы», «Жастар және балалар ұйымдары-ның Шығыс Қазақстан облыстық ассоциациясы» заңды тұлғалар бірлестігінің Семей қалалық филиалы «Жылдың жастар ұйымы», Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы студенті, «Студенттік парламент» ұйымының спикері Әліби Ыбыраев «Жылдың жас еріктісі» аталымдарына ие болды.

«Отбасы – ұлттың тірегі» ұстаны-мын берік ұстанған Бауыржановтар және бақытты отбасын елдің тірегі деп санайтын әріптесіміз Жібек Серғазының отбасы — Әбдікешовтер жанұясы «Жылдың жас отбасысы» аталымдарына лайық деп танылды. Ал самбо, дзюдо күрестерінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері Зере Бектасқызы мен грек-рим күресінен халықаралық дәрежедегі спорт шебері, ҚР құрамасының мүшелері Ернар мен Ернұр Қидахметовтер «Жылдың жас спортшысы» мәртебесіне қол жеткізді.

— Құрметті жас достар, биыл — Алаштың ғасыр тойы. «Мен жастарға сенемін» деп Мағжан ақын үміт артқан сендер бақытты ұрпақсыңдар. Азаттыққа қол жеткізген елде өмір сүресіңдер. Мен баршаңызды қала әкімі Ермак Сәлімовтің атынан Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын. Тәуелсіздік – болашақтың бастауы. Біздің алдымыз-да ұлы мақсаттар тұр. Отанымызды дамыған елдер қатарына қосу жолында бәріміз де табысты болайық. Егемен ел қуанышы құтты болсын,- деді қала әкімі аппаратының басшысы Зәуреш Исабаева.

Өрелі ойларын форум барысында ортаға салған жалынды жастар ел ертеңі үшін еңбек етуге әрдайым дайынбыз дейді.

— Елбасымыз еліміздің ертеңі, мемлекеттің жарқын болашағы  білімді де білікті әрі алғыр жастардың қолында екенін әрқашан айтып келеді. Мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыру аясында қол жеткізіп отырған бүгінгі жүлдемізді еңбегіміздің бағалануы деп білемін. Бұл марапат біздің болашаққа деген сенімімізді арттырып, жігерімізді жанып отыр. Біз, жастар, тәуелсіз еліміздің жарқын болашағы жолында аянбай еңбек етіп, барлық күш-жігерімізді сарп етуге дайынбыз,- деген тілегін жеткізді «Жылдың жас кәсіпқойы» аталымы иегері Дархан Жұмаділов.

Салтанатты кеш мерекелік концертпен қорытындыланды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

7 часов бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

7 часов бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

11 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС