"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖИЫРМА ЖАҢА АВТОБУС ЖОЛҒА ШЫҚТЫ

05.01.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейліктер Жаңа жылды жағымды жаңалықпен қарсы алды. 30 желтоқсан күні 20 су жаңа автобус қалаішілік жолға шықты. Олардың барлығы да жаңадан құрылған автобус паркіне тиесілі. Қала әкімі Ермак Сәлімов желіге шыққан қоғамдық көліктің біріне отырып, автобустарға өз бағасын берді.

Дәл осы күні шаһардың Орталық алаңында жиырма көлікті жиып, жаңа автобустардың алғашқы техникалық тұсаукесерін өткізді. Бұл айтулы оқиға шын мәнінде қаламыздағы қоғамдық көлік қатынасының қайта жандана һәм жаңғыра бастағанын білдіреді. Өйткені жаңа техниканы жақында ғана құрылған автобус паркі сатып алып отыр. Бұл турасында аталған автобус паркінің директоры Асқар Зияданов:

— Семейдің қалалық жолаушы тасымалы көліктерінің жағдайы онша мәз емес. Бағыттарда ескі автобустар өте көп. Техниканың 70%-дан астамы 20 жылдан аса қызмет етіп келеді әрі заманауи талапқа еш жауап бермейді. Сол себепті біз қаламызда ең алдымен өз сапасы жағынан өзгелерден ерекшеленіп тұратын автобус паркін құруды жөн деп шештік,- деді.

Қазіргі жолаушыларға ұсынылып отырған автобустар өзінің сыртқы түрімен ғана емес, қолайлылығымен де жолаушылардың көңілінен шығатынына шүбә жоқ. Автобус паркі  басшысының айтуынша, көліктерді сатып алу кезінде өңіріміздің жол жағдайы мен күн райының ерекшеліктері ескеріліпті. Әрі мүмкіндігі шектеулі жандарға жағдай жасалу жағы да қаперге алыныпты.

— Бұл маңызды оқиға Семей қаласының қалаішілік жолаушы тасымалы нарығына жаңа жолау-шы тасымалдаушының шыққанын паш етті. Автобустар уақыт талабына жауап беріп қана қоймай, жолаушыларға сапалы қызмет көрсетуді жаңа белеске көтеріп отырған жайы бар. Бірыңғай жаңа формадағы кондукторлар мен жүргізушілер кең де жайлы салонда отыратын жолаушылардың көңілінен шығатын болады.

Бұдан былай аталған автобустар №5 және №8 бағыттар бойынша жолаушы тасиды. Осы бағыт бойынша бұрын жүріп келген автобустар енді уақытша басқа бағыттарға қатынайды. Біздің қаланың тұрғындары оларға өздерінің жоғарғы бағасын беретін болады,- дейді жолаушылар тасымалын бақылау орталығының директоры Бейсенғазы Тастекеев.

Орталық алаңда шаһар басшысы Ермак Сәлімов желіге шыққан 20 автобус 2017 жылы бастау алған жолау-шы тасымалы бойынша кең көлемді жұмыстардың нәтижесі екенін, бұл бағытта атқарылатын ауқымды істер әлі де алда екенін атап өтті.

— Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасы бойынша қалада жолау- шы тасымалының сапасын жақсарту бағытында нәтижелі істер қолға алынып жатыр. Бұл жұмыстар өзіндік қиындықтарға толы болғанымен, қол жеткізген табыстарымыз баршамызға айқын. Осы орайда біз жан-жақты саралай отырып, жаңа автобус паркін құруға қол жеткізе алдық. Жолаушыларға барлық жағдай жасалған жаңа техникаға қол жеткізу жолында ішінде жергілікті «Гордорстрой» ЖШС бар көптеген инвесторларға қолқа салдық. Олар сөзге келмей, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында көмек қолдарын соза білді. Бүгінгі таңда 2018 жылдың тамыз айына дейін басты бағыттардағы техникаларды жаңартатын боламыз. Ол үшін отандық өнім өндірушілерге арқа сүйейміз,- деді қала әкімі өз сөзінде.

Жаңадан құрылған жолаушы тасымалдаушы мекеме жақын арада автобус паркін елу автобуспен толықтыруды жоспарлауда. Мұның бәрі алдағы уақытта жолаушы тасымалы саласындағы қордаланған барлық мәселені шешіп бермесе де, қалаішілік жолаушылар тасымалының жақсаруына мүмкіндік туғызары сөзсіз.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

15 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

16 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

16 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

16 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС