"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ӘРҚАШАН ҰМЫТЫЛМАСҚА»

19.01.2018

17 қаңтарда Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінде, Шәкәрім Құдайбердіұлының туғанына 160 жыл толуына орай, «Әрқашан ұмытылмасқа» атты көрменің ашылу салтанаты өтті. Шараны құттықтау сөзімен ашқан музей директоры Болат Жүнісбеков «Ақшың» корпорациясының президенті, «Шәкәрімтану мәселелері» атты бес томдық ғылыми жинақты қаржыландырған белгілі меценат Марат Құрманбайға ҚР Мәдениет және спорт министрі А.Мұхамедиұлының және «Ақжол» Қазақстан демократиялық партиясының төрағасы А.Перуашевтың алғыс хатын, сонымен бірге «Абай» медалін табыс етті.

Ғылыми деректерге негізделген көрме Шәкәрім ақынның өз сөзімен «Әрқашан ұмытылмасқа» деп аталды. Бұл сөз ғұлама ғалымның қолтаңбаларында кездеседі. Мәселен, сақталып келген екі суреттің бірінде көне қадым ғарпімен: «Халелұлы Мұхамедин мырзаға, жас білгіштен әрқашан ұмытылмасқа Шәкәрім Құдайбердіұлынан. 1912 жыл 11 ғиянуар»,– деп жазылған.

Көрме «Білімділерге бес сауал», «Әрқашан ұмытылмасқа», «Үш анық», «Шәкәрім және өнер», «Шәкәрім кітапханасы», «Шәкәрім және дін», «Шәкәрімнің ұрпақтары», «Шәкәрім – Алашорда сотының төрағасы», «Шәкәрім музыкасы» атты бөлімдерден тұрады. Сондай-ақ көрмеге Шәкәрімнің қолы тиген шоқпар, саптыаяқ сынды құнды жәдігерлер қойылды.

Шара барысында Әміре Қашаубаев атындағы Семей мемлекеттік филармониясының әншісі Берік Омаров Шәкәрімнің «Анадан алғаш туғанда» әнін орындаса, музей жанынан ашылған «Абай» өнер мектебінің шәкірттері ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды.

Көрмеге Шәкәрімнің шөбересі Қайыртай қажы Мұхам-медшайыққызы, қаламыздың зиялы қауым өкілдері, ғалымдар, мәдениет мекемелерінің қызметкерлері, студенттер мен оқушылар қатысты.

Ойшыл ақынның 160 жылдығына арналған «Әрқашан ұмытылмасқа» көрмесі жыл бойы жұмыс істейді.

Біржан АХМЕР, Абайдың «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің ғылыми қызметкері.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында ауыл шаруашылығының үздік 10 еңбеккеріне автокөлік табысталды

29.11.2026
Абай облысында ауыл шаруашылығының үздік 10 еңбеккеріне автокөлік табысталды

Абай облысында Ауыл шаруашылығы және өңдеу өнеркәсібі қызметкерлерінің күніне орай салтанатты жиын өтті. Семей қаласындағы Абай атындағы кітапханада ұйымдастырылған мерекелік...

Толығырақ...Details

Тоқтамыс ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

29.11.2026
Тоқтамыс ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

Абай ауданының Тоқтамыс ауылдық округінде жаңа өрт сөндіру пункті пайдалануға берілді. Бұл биыл аудан аумағында ашылған бесінші өрт сөндіру пункті....

Толығырақ...Details

Семей қаласын дамыту жобаларының орындалу барысы талқыланды

29.11.2026
Семей қаласын дамыту жобаларының орындалу барысы талқыланды

Semeitany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен Семей қаласын дамыту мәселелеріне арналған арнайы жиын өтті. Басқосуда облыс орталығында жүзеге...

Толығырақ...Details

Ғылым мен инновация – Қазақстанның бәсекеге қабілетті болашағының негізі

29.11.2026
Ғылым мен инновация – Қазақстанның бәсекеге қабілетті болашағының негізі

Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы ғылыми әлеуетті нығайтумен, инновациялық технологияларды енгізумен және білімге негізделген экономика қалыптастырумен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт...

Толығырақ...Details

Тарихи және мәдени мұраны сақтау – ұрпақ алдындағы жауапкершілік

29.11.2026
Тарихи және мәдени мұраны сақтау – ұрпақ алдындағы жауапкершілік

Тарихи және мәдени мұра – халықтың ұлттық болмысын, рухани құндылықтарын және ғасырлар бойы қалыптасқан дүниетанымын айқындайтын баға жетпес қазына. Қазақстан...

Толығырақ...Details

Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

27.11.2026
Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

Қазақстанның ұзақ мерзімді экономикалық дамуы инвестициялық белсенділікті арттырумен, өнеркәсіптік өндірісті кеңейтумен және заманауи технологияларды енгізумен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында ауыл шаруашылығының үздік 10 еңбеккеріне автокөлік табысталды

2 часа бұрын

Тоқтамыс ауылында жаңа өрт сөндіру пункті ашылды

3 часа бұрын

Семей қаласын дамыту жобаларының орындалу барысы талқыланды

3 часа бұрын

Берік Уәли Семейдегі №93 сайлау учаскесінде дауыс берді

3 часа бұрын

Ғылым мен инновация – Қазақстанның бәсекеге қабілетті болашағының негізі

3 часа бұрын

Тарихи және мәдени мұраны сақтау – ұрпақ алдындағы жауапкершілік

3 часа бұрын

Инвестиция және өнеркәсіп: Қазақстанның экономикалық жаңғыруының маңызды бағыттары

2 дня бұрын

Заңды құрметтеу және азаматтық жауапкершілік – әділетті қоғамның негізі

2 дня бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

2 дня бұрын

Мемлекет басшысының Жолдауы – ел болашағына бағытталған стратегиялық бағдар

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС