"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЙДАНА» БАЛАБАҚШАСЫ СЕНІМДІ БАСҚАРУҒА БЕРІЛМЕК

23.01.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

18 қаңтар күні Семей ақпарат орталығында қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова және білім бөлімі мамандары «Айдана» балабақшасының сенімді басқаруға берілуі туралы мәселеге байланысты баспасөз мәслихатын өткізді.

Мемлекет қарамағындағы №2 «Айдана» балабақшасының сенімді басқаруға өтуіне наразылық білдірген ата-аналар бұл мәселені «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалында өткен қоғамдық қабылдауда көтерген еді. 325 балаға арналған балабақшаның жекеменшікке берілуі жайлы қала әкімінің орынбасары Надежда Шарова пікір білдірді:

— Елбасы өз Жолдауларында бизнес-ортаны қалыптастыру және кеңейту туралы үнемі айтып келеді. Бұл тұрғыдан алғанда, мемлекеттік – жекеменшік серіктестік маңызды рөл атқарады. Әлбетте, Семей қаласында да мемлекеттік – жекеменшік негізіндегі құрылымдар жақсы үлгі көрсетіп келеді. Бұл 3-6 жастағы балаларды мектепке дейінгі біліммен қамту мәселесін бір жолға қойып отыр. Осы орайда ескере кететін жайт, Айдана балабақшасы сатылымға қойылған жоқ. Нысан өтеуін төлеп алу құқығынсыз сенімді басқаруға беріледі. Тендер келісімшартында айтылғандай, инвестор 18 млн. теңге көлемінде инвестиция құюы шарт.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, келісімшарт бойынша, басқарушы тұлға қызметкерлер құрамы мен олардың еңбекақысының мөлшерін, нысанның сыртқы көрінісін сақтап қалуы тиіс. Сонымен қатар қала әкімінің орынбасары 2020 жылға қарай щаһардағы барлық балабақшаның сенімді басқаруға өтетінін еске салды.

— Мемлекеттік – жекеменшік серіктестік тек мектепке дейінгі білім беруде ғана емес, арнаулы білім беру салаларында да кең қолданылып келеді. Бүгінде Семей қаласында 14 мемлекеттік, 15 жекеменшік колледж бар. Денсаулық сақтау салаларында да бұл тәжірибе қолданылуда. Қазіргі күні Семейде 15 мемлекеттік балабақша болса, соңғы жылдарда бой көтерген 39 жекеменшік балабақша бүлдіршіндерді бақшамен қамту мәселесін шешіп отыр. Ал 2020 жылға қарай барлық балабақшалар сенімді басқаруға беріледі. Мәліметтерге сүйенсек, бұл орайда Алматы және Қызыл-орда облыстары көш бастап тұр,- деді қала әкімінің орынбасары.

Айта кетейік, «Айдана» балабақшасы сенімді басқаруға берілгенімен, жартылай мемлекеттік болып қала бермек. Басқарушы тұлға келісімшартта көрсетілген міндеттерді ғана орындайды.

Баспасөз мәслихатында ата-аналар аталмыш балабақшаны мемлекет қарамағында қал-дыруды өтінді. Олар халықтың пікірі ескерілмеді деген уәж айтуда:

— 23 қаңтар күні конкурстың қорытындысы жарияланады. Ал ата-аналардың пікірін сұраған ешкім болмады. Меніңше, алдымен ата – аналардың пікірін білу керек еді. Мемлекеттік пен жекеменшік нысанның айырмашылығы жер мен көктей екенін тәжірибемізде байқап жүрміз. Комиссия материалдық –техникалық жағдайына қарап таңдауы керек қой,-деді Р.Масаева есімді ата-ана.

Айта кетсек, балабақшаны сенімді басқаруға беру туралы шешімді қала әкімі жанындағы арнайы комиссия қабылдаған.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

1 час бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

1 час бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

1 час бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

1 час бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

1 час бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

2 часа бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

2 часа бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС