"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚАҢТАРДЫҢ ҚЫСПАҒЫ

26.01.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қыс қаһарына мініп тұр. Қаңтардың қыңыр мінез көрсетіп тұрғанына бірнеше күн болды. Қыс қаһарына мінбес бұрын, Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындарға ескерту хабарламаларын жіберіп, қамдану керектігін айтқан-ды. Бұқаралық ақпарат құралдары да «аяздың көкесі» келе жатқанын жиі-жиі айтып, тұрғындарға құлаққағыс етті. Сарышұнақ аяз күндері оқыс жағдайлардың алдын алу үшін жауапты органдар тиісті шаралар қабылдап, халықты барынша сақ болуға шақырып, дабыл қақты.

21-нен 22 қаңтарға қараған түні семейлік құтқарушылар қақаған аязды күні қаладан тыс жолда қалып қойған бір топ адамды құтқарған. Семей қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы өкілдерінің ақпаратына сүйенсек, Астанадан Өскемен қаласына жол тартқан төрт жолаушы мінген көлік қаладан 80 шақырым қашықтықта, Семей — Курчатов бағытындағы тас жолда бұзылып қалған. Сақылдаған аязда көлікті жөндеу мүмкін болмағандықтан, олар құтқарушылардың көмегіне жүгінген. Қаладан жедел түрде «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ Семей қаласының №2 жасағының алты адамнан құралған құтқару тобы мен екі техника жіберіліп, жолаушыларға көмектесті. Үскірік аязда үсік шалып, зардап шеккендер жоқ.

— Сол түні термометр тілі — 42 градусты көрсетіп тұрған еді. Тас жолда көлік қозғалысы болмағандықтан, амалсыз «112» нөмірін теріп, төтенше жағдайлар қызметінен көмек сұрадық. Қоңырауға шұғыл әрекет еткен құтқару қызметі тез арада келіп, бізді Семей қаласына жеткізді. Қиын жағдайда көрсеткен көмектері үшін барлық құтқарушыларға алғыс білдіреміз,- дейді жолаушы Артем Нестеров.

Оқырмандардың естеріне сала кетейік, өткен жылдың соңында метеорологтер желтоқсан және қаңтар айларында еліміздің орталық, солтүстік және шығыс бөлігінде ауа температурасының көп жылдық нормадан төмен болатынын болжаған еді. Солай болды да. Енді ақпан айында, бізде жылымық тартып, күн жылына бастаған кезде, республиканың батысы мен солтүстік-батысы суытады деген болжам бар. Биыл көктем де ерте шығып, жауын-шашын әдеттегіден көбірек түседі деп күтілуде.

Бет қаритын қолайсыз ауа райы кезінде облыстық маңызы бар тас жолдар жабылып, «Семей — Павлодар облысының шекарасы» автожолының 577 — 733 шақырым аралығында дизельдік және қоғамдық көліктердің қозғалысына шектеу қойылған-ды. Аяз басталысымен-ақ өрт сөндіру қызметі, қалалық Ішкі істер басқармасы, Төтенше жағдайлар басқармасы, жедел медициналық қызмет, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық қызметі сынды тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ететін орындардан басқа мекемелерде жұмыс істеу уақыты қысқартылып, мектеп оқушылары мен жоғары оқу орындарының студенттеріне сабақтар тоқтатылған болатын. Себебі сынап бағанасы күндіз -37 — 39 градус болса, түнгі уақытта — 45-ке дейін жетті.

Семейдің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің қызметкерлері аязға байланысты арнайы жасақталған құрамда жұмыс істеуде. Қосымша жылу қазандықтары іске қосылғандықтан, қала тұрғындары үшін қолайсыз жағдай туындаған жоқ. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімінің басшысы Марат Аленов айтқандай, аяз күндері семейліктер отын тапшылығын сезінбеді.

Аязды күндері көліктерін оталдыра алмай жүргендердің қарасы көп болды. Көлік қозғалысының, оның ішінде жолаушылар көлігі жұмысының қиындауы, далада ұзақ жүрген жандардың тоңып қалуы сынды әрекеттер орын алды. Семей қаласының жедел жәрдем медициналық ауруханасы мамандарының мәліметіне сүйенсек, 22-25 қаңтар аралығында мекемеде қалыпты жағдайда жұмыс жүргізілген. Алайда жағдай тым жақсы деп те айта алмаймыз, үсік шалған екі адам ауруханаға жеткізіліпті.

— Қалыпты жағдай бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Аптаның басынан бері аяздың түсуіне байланысты жедел жәрдемге жүгінгендердің саны күрт өсіп немесе төмендеп кеткен жоқ. Бұл күндері үсік шалған екі адам ауруханаға түсті. Олардың қазіргі жағдайдары қалыпты, — деді Семей қаласының жедел жәрдем медициналық ауруханасы директорының емдеу ісі бойынша орынбасары Ғалия Алибаева.

Үсікке шалдыққан екі азамат та автокөліктерін жөндемек болып, аязда тоңып қалған екен. Сондықтан мамандар аязды күні, мүмкін болса, тыста көп жүрмеуге кеңес береді.

Айта кетейік, бұл — бейсенбі күні түске дейінгі алынған мәліметтер.

Жібек СЕРҒАЗЫ,

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

16 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

16 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

16 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

16 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС