"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚОҒАМДЫҚ КЕҢЕС АЛДЫНДА ЕСЕП БЕРДІ

29.01.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

26 қаңтар күні Семей қалалық Қоғамдық кеңестің кезекті отырысы өтіп, қала әкімі Ермак Сәлімов кеңес мүшелері алдында 2017 жылдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстар жайында есеп берді.

Өткен жылды қорытындылау бағытында өрбіген кездесу аясында шаһар басшысы Ермак Сәлімов қаланың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне баса мән берді.

— Былтыр елімізде саяси-экономикалық рухани жаңғыру үдерісі жүрді. Президент алдымызға нақты міндеттер қойды. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен қаланың даму жоспары қабылданып, Премьер-министрдің қолдауына ие болды. Жоспардың орындалуы Даниал Кенжетайұлының тұрақты бақылауында. Қаладағы оң өзгерістер осы жоспар аясында жүріп жатыр. Биылғы Жолдауында Елбасы халықтың тұрмысын жақсарту бойынша негізгі бағыттарды айқындап берді. Біздің келешектегі жұмысымыз соларды орындау аясында жүретін болады,- деген Ермак Бидахметұлы ел дамуының негізгі көрсеткіші өмір сүру сапасымен және халықтың тұрмыстық жай-күйімен өлшенетінін айтып, соңғы үш жылда тұрғындар санының артқанын тілге тиек етті.

— Семейдің әлеуметтік-экономикалық ахуалының жақсаруының бірден-бір дәлелі – тұрғындар санының көбеюі. Қазір Семейде 340 мыңнан аса тұрғын бар. Бұл облыс халқының 4/1 бөлігін құрайды. Соңғы үш жыл ішінде халық саны 9 мың 800 адамға көбейсе, 3 мың 200 адам қоныс аударған. Нәтижесінде 6 мың 600 адамға өсім байқалады. Тұрғындар санымен қоса, жылдан-жылға қаланың әлеуметтік — экономикалық әлеуеті де өсіп келеді. 2017 жылдың қорытындысына сәйкес, экономиканың өсімі өнеркәсіп саласы бойынша 3%-ды, агроөнеркәсіп саласында 7,5%-ды, саудада 2,7%-ды, инвестицияда 34,5%-ды, құрылыс-монтаж саласында 39,5 %-ды құраса, орташа жалақы көлемі 6,1%-ға артып, 110 000 теңгені құрап отыр. Бюджетке келер болсақ, соңғы үш жылда меншікті кірістер 4,5 млрд. теңгеге ұлғайған. 2017 жылы бюджеттің жалпы көлемі 35 млрд. теңгені құрады. Бұл 2015 жылмен салыстырғанда 53%-ға көп. Барлық қаржыландыру көздерінің жиынтық сомасы 44 млрд. теңгеден асады.

Қала әкімінің айтуынша, өткен жылы индустриялық-инновациялық дамытудың мемлекеттік бағдарламасы бойынша 3 инвестициялық жоба жүзеге асырылып, 40-тан аса жұмыс орны ашылған. Сондай-ақ биылғы жылы «АгроПортал» ЖШС ет өңдеуші комбинатымен бірлескен жобаға қол қойылмақ. Аталған жоба қала экономикасына 8 млрд. теңгеден астам қосымша инвестиция тартса, жаңадан 250 жұмыс орны ашылмақ.

Қала әкімі Ермак Сәлімов айтып кеткендей, Еуропа қайта құру және даму банкімен құны 200 млрд. 846 млн. теңгені құрайтын несие шартына қой қойылды. Нәтижесінде қала көшелерін жарықтандыру, сумен және жылумен қамту мәселелері кезеңімен шешіледі.

— Тұрғын үй құрылысын жандандыру — қала өміріндегі маңызды бағыттардың бірі. 2017 жылы қаржыландырудың барлық көздері бойынша 902 мың 345 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Көп қабатты тұрғын үй құрылысы үшін су, электр, жылу жүйелерімен толықтай қамтылған Қарағайлы ықшам ауданы таңдалып алынды. Қазіргі уақытта аталған ауданда өткен жылы бой көтерген 14 тұрғын үйдің ішкі құрылыс жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл бағытта 1 млрд. теңге бөлініп, толықтай игерілді. Барлық жұмыстар жыл соңына дейін аяқталуға тиіс. Ал «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы арқылы құны  4 млрд. 333 млн. теңгені құрайтын 8 көп қабатты тұрғын үй құрылысы басталған болатын. Бұл жұмыстарды да 2018 жылдың соңына аяқтау көзделген. Жеке тұрғын үй құрылысы да біздің назардан тыс қалған емес. Семей қаласы бойынша 10 сотық жер телімін алу үшін 24 184 адам кезекте тұр. Ақсай, Ұшақтар, Комсомол, Суық бұлақ кенті, Бобровка, Жар-қын, Аққайың, Жібек жолы, Степной кенттерінде жеке тұрғын үйлер салынатын болады. Алайда, бір мезетте барлығын қаржыландыру мүмкін болмағандықтан, алдымен Ақсай, Ұшақтар, Комсомол кенттері таңдалып алынды. Ақсай кентінің жобалық-сметалық құжаттары дайын. Аталған кентті электр желісімен қамту жұмыстарын сәуір — мамыр айларына дейін аяқтау көзделген. Әрі қарай кварталішілік сумен қамту және тұрғын үй құрылысы жұмыстары басталады. Алдағы уақытта осы ауданда 320 балаға арналған балабақша мен 1200 орынға арналған мектеп салу жоспарлануда,- деді Е.Сәлімов.

Шаһарды абаттандыру, жылу қазандықтарын жөндеуден өткізу жұмыстарына да екпін берген қала әкімі Ермак Сәлімов бұдан кейін Қоғамдық кеңес мүшелерін толғандырған сауалдарға жауап берді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

«Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

1 день бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

1 день бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС