"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕРМАК СӘЛІМОВ: ЖЕТІСТІГІМІЗ КӨҢІЛ ҚУАНТАРЛЫҚ

09.02.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласыныңәкімі Ермак Сәлімовтің есептік кездесуі  7 ақпан күні Қалалық Мәдениет сарайында өтіп, оған оң жағалау тұрғындары қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар мен бағындырылған белестерді баяндаған қала әкімі алда тұрған мақсат – міндеттерді егжей – тегжейлі айтып өтті. Шаһар басшысы тарих қойнауына кеткен өткен жылы қала бюджетінің кірісі 120 пайыздан асқанын, барлық салалар бойынша көрсеткіштердің жақсарғанын атап өтті. Қаржыны игеру 100 пайызды құрағанын және мұндай жағдай Семей қаласында бұрын-соңды болмағанын да жеткізді. Сонымен қоса, қала басшысының мәліметіне сүйенсек, шаһардыңәлеуметтік-экономикалық тұрғыда даму көрсеткіші айқын аңғарылады және экономикалық тұрақтылық байқалады. Тұрғын үй құрылысы саласында ауыз толтырып айтарлық істер аз емес.

— 2017 жылы барлық қаржыландыру көздері арқылы 92 мың 434 шаршы метр 20 көп пәтерлі тұрғын үй қолданылуға беріліп, 680 отбасы баспаналы болды. Биылғы жылы Қарағайлы ықшам ауданындағы 954 пәтерлі 14 үйдің құрылысын аяқтап, сонымен қоса 504 пәтер болатын 7 көп қабатты үйдің құрылысын бастауды жоспарлаудамыз. Ол 7 несиелі үйдің 6-уы кезекте тұрған әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған отбасыларға сатып алу құқығынсыз берілмек,- деді Ермак Бидахметұлы.

Семей әуежайының ұшу-қону жолағына халықаралық стандарттарға сай жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатқанын мәлім еткен қала әкімі Семей – Санкт-Петербург, Семей – Новосібір, Алматы – Семей – Омск, Семей – Петропавл бағыттары бойынша әуе рейстерін ашуға ұсыныс түсіп жатқанын және жөндеу жұмыстары аяқталған соң ұсыныстар легі арта түсетіні жайлы да айтып өтті.

Ұзындығы 23 шақырым болатын 8 көше, бірнеше ондаған жылдардан астам уақыт жөндеу көрмеген дренажды-нөсер кәріздер жөнделді. Бұл бағытта биыл 2 млрд. теңгеден астам қаржы бөлінгені, ол қаражат көзіне 17 көше (25 шақырымнан астам) жөнделетіні жөнінде қала әкімі семейліктерді хабардар етті.

Қала басшысы ерекше назар аударған тағы бір мәселе – қоғамдық жолаушылар тасымалы.

— Жол ақысының тарифі 80 теңгеге дейін көтерілді. Тиісінше, біз де жолаушы тасымалдаушыларға көліктерін жаңалауға, қозғалыс кестесін бұзбауға талап қойып отырмыз. Қазіргі таңда жаңа 20 автобус халыққа қызмет етуде. Ағымдағы жылдың  алғашқы тоқсанында отандық, оның ішінде семейлік өндірушілерден алынған 15 жаңа автобус жолға шығады,- деген шаһар басшысы жолаушылар тасымалын жақсарту жұмыстары үнемі назарда екенін тілге тиек етті.

Қалада балалар ауруханасын салу ұзақ жылдардан бері шешімін таппай келе жатқан мәселе еді. Ермак Бидахметұлының айтуынша, көптің тілегі орындалатын уақыт та алыс емес.

— 16 млрд. 200 теңгеге жоспарланған 200 орындық қалалық балалар ауруханасын салу жағын қарастырып жатырмыз. Құрылыс алаңы белгіленген. ШҚО Денсаулық сақтау басқармасымен бірлесіп бұл жобаның биыл басталуы үшін жұмыс істейміз,- деді Ермак Бидахметұлы.

Сондай-ақ қала басшысы денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет, дене шынықтыру, қаланы абаттандыру, кәсіпкерлік салаларындағы жетістіктерді саралап, «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған істерге тоқталды.

Қала басшысының баяндамасынан соң сұрақтарға да кезек берілді. Жазбаша сұрақ қалдыруға арнайы жәшіктер қойылған болатын. Жәшік арқылы келіп түскен сұрақтарда жастар арасындағы жұмыссыздық, зейнеткерлікке шықса да орындарын босатпай жүрген еңбеккерлер жайлы, техникалық білім беру ісі, Орталық саябақты жекенің қолына беру туралы сауалдар жолдапты.

Сауалдарға жауап берген Ермак Сәлімов:

— Қазіргі таңда жастардың жұмыссыздық деңгейі ресми түрде 1,9 пайызды құрайды. Бұл — өткен жылмен салыстырғанда төмен көрсеткіш. Жастар тәжірибесі, тұрақты және уақытша жұмыспен қамту бойынша 4000 жас еңбекке тартылды. Жұмыссыздықпен күрес жүргізілуде. Ал зейнетақы ала отырып, бұрынғы қызметінен босатылмаған жандар мәселесіне келсек, мемлекеттік органдарда зейнет жасына жеткен еңбеккерлер 1 жыл ғана жұмыс істей алады. Ал жекеменшік кәсіпорындарға жол көрсетуге құқығымыз жоқ,- деп атап өтті.

Жәшік арқылы жолданған сауалда жолдаушы Орталық саябақты кім бақылайтынын, жалға берілген жерлердің ақылары қандай мақсатқа жұмсалатынын, саябақты жекенің қолына немесе сенімді басқаруға беру жайын білмек болыпты.

— Орталық саябақ — мемлекет меншігі, коммуналдық төлемдер мен қызметкерлердің жалақысы қала бюджетінен қаржыландырылады, жалға беру ақылары арқылы саябақ өз күнін өзі көреді. Ол мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне қарайды. Орталық саябақты сенімді басқаруға немесе жекенің қолына беру жоспарда жоқ,- деген қала басшысы, Ленин көшесін абаттандыру жобасына сай, Орталық саябаққа да жөндеу жұмыстары жүргізілетінін мәлім етті.

Қала тұрғыны Кенжебек Сұлтанбеков көмір мәселесі жөнінде сауал тастады.

— Өткен аптада ғана көмір саудалайтын орындар мен «Қаражыра» кен орнына бардым. Қазіргі таңда семейліктер үшін көмір тапшылығы жоқ. Тек көмір тасымалына байланысты бағаның тұрақсыздығы мәселе болып отыр, яғни қатты отын 7 мың теңгеден 15 мың теңгеге дейін саудалануда. Проблеманы шешу үшін жұмыс жүргізіп жатырмыз,- деді сауалға орай Ермак Бидахметұлы.

Ленин көшесінің тұрғыны Галина Максимова көшені көріктендіру бойынша:

— Ленин көшесі абаттандырылатынынан хабардармыз, ол қашан жүзеге асады? Көше бойындағы кәсіпкерлік нысандарды да көркейту жұмыстарына жұмылдырсаңыздар,- деген өтінішін жеткізді.

Бұл ретте қала әкімі:

— Тарихи маңызы бар нысандарға ие бұл көше Арбат болады. Жаяу жүргіншілер, велосипедшілер жолы жасалып, жасыл желек отырғызылады, жаңа технология бойынша жарықтандырылады. Көше бойындағы кәсіпкерлік нысандар да өз аумақтарында көркейту жұмыстарына атсалысады,- деді.

— Бұрынғы «Буратино» саябағының орны 49 жылға жалға беріліпті. Ол қаншалықты заңды? Сонымен қоса қаланың сол жағалауы мен 343-ықшам ауданда тыныстайтын демалыс орындары жоқтың қасы. Сол аумақтарда саябақ ашу жоспарда бар ма?- деген Ұлан есімді қала тұрғынының сауалына орай қала басшысы жалға беру қаланың Бас жоспарына сай заңды түрде жүргізілгенін атап өтіп, сәулет және құрылыс бөлімінің басшысына саябақ зоналарын қайта қарап шығуды тапсырды.

Уральская көшесі, 3-үй мекенжайының тұрғыны М.Мұратбекова:

— Терможаңғырту бойынша 5 қабатты жатақханамызға жөндеу жұмыстары жүргізілген. Жұмыс сапасыз жүзеге асты. Соның салдарынан бесінші қабат тұрғындарының тең жартысы үйлерін тастап кетуге мәжбүр болып отыр. Сапасыз терможаңғырту жайлы аз айтқан жоқпыз, республикалық телеарналардан көрсетілді. Енді терможаңғыруға бөлінген 12 миллион теңгені төлеу тұрғындарға міндеттеліп отыр. Неліктен біз сапасыз жұмыстың ақысын өтеуіміз керек? Мәселенің шешім табуына атсалыссаңыз…- деген сауалына Ермак Бидахметұлы терможаңғырту бойынша келіссөз ПИК және мердігер компанияның келісімі арқылы жүзеге асқанын, оған қала басшысының араласа алмайтынын атап өтті.

Үйі қызыл отқа оранып, отбасымен далада қалған көпбалалы ана қала басшылығынан көмек сұрай келіпті.

— 2 ақпан күні үйім өртеніп кетті. 5 баламен далада қалдым. Барар жерім жоқ, қол ұшын созыңыздаршы. Депутаттар келіп балалардың құжаттарын қалпына келтіруге жәрдемдесетіндерін айтып еді,- дейді жәрдем сұрай келген көпбалалы ана Алмагүл Ғабдуллина. Көпбалалы ананың өтінішіне орай Семей қалалық мәслихатының хатшысы Бейсенбек Ақжалов жағдаймен халық қалаулылары таныс екенін, қол ұшын созатындарын жеткізді.

Ал Валентина Александровна атты тұрғын Трусова көшесі қашан жарықтандырылатынын сұрай келіпті. Сондай–ақ кейуана Ленин көшесі бойындағы коттедждердің тротуарға дейін қақпа салуы салдарынан жаяу жүргіншілер көлік жолымен жүруге мәжбүр екенін айтып, наразылық білдірді. Алғашқы сауалды өзіне жазып алған қала басшысы мәселені қарастыратынын айтып, екінші сауал бойынша сәулет және қала құрылысы бөлімінің басшысына сұрақты жазып алуды тапсырды.

Кездесуде жолданған сауалдың бірі бұрынғы мал дәрігерлік институтының ғимараты мен «Динамо» стадионының жағдайы болды. Қала әкімі қос нысанға жаңа ие табылғанын, ол нысандар жаңа кейіпке еніп, айтарлықтай өзгерістер орын алатынын жеткізді.

Толассыз сұрақтар таусылар шақта, кездесуге келген ақсақалдар мен ақ жаулықты аналар қала әкіміне алғыстарын білдіріп, Семейде атқарылып жатқан жұмыстарға көңілдері толатынын айтты. Қорытынды сөзінде қала әкімі Ермак Сәлімов:

— Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың биылғы жылғы Жолдауымен барлықтарыңыз жақсы таныссыздар деп ойлаймын. Алдымызда халықтың тұрмыс жағдайын жақсартып, Президент тапсырмасын орындау міндеті тұр. Семей әр кез білімнің, ғылымның, спорттың, мәдениет пен өнердің алтын бесігі болған. Сондықтан, дана Абай айтқандай, кекшіл болмай, көпшіл болып, береке-бірлігімізді сақтап, туған қаламыз Семей үшін, болашақ ұрпақ үшін аянбай еңбек етейік. Егемен елімізде, ұлылар туған топырақта ынтымақ салтанат құрсын, ел аман, жұрт тыныш, болашақ жарқын болсын!- деп халықты бірлікке, елдікке шақырды.

Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ,

«Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

26.08.2026
1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

Қазақстанда сыра мен сыра сусындарын міндетті цифрлық таңбалау кезең-кезеңімен енгізілуде. 1 қыркүйектен бастап жаңа талаптар шыны бөтелкелерге құйылған өнімдерге қолданылады....

Толығырақ...Details

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

26.08.2026
Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

Семейде Semey Hub ұйымдастырған «GovTech саласындағы жасанды интеллектіні дамытудың перспективалары» тақырыбында дәрістік-практикалық workshop өтті. Оған мемлекеттік қызметшілер, мәслихат депутаттары, ведомстволық...

Толығырақ...Details

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

26.08.2026
2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

Оқу-жаттығудың негізгі мақсаты – террористік сипаттағы қатерлерге жедел ден қоюға тартылатын күштер мен құралдардың әзірлігін арттыру. Іс-шара аясында нақты жағдайларға...

Толығырақ...Details

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

25.08.2026
«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

Халықаралық байқаушылар мен сарапшылар Қазақстанда өткен Құрылтай депутаттарының сайлауына, сайлаушылардың белсенділігіне және жаңа парламенттік модельдің перспективаларына оң баға берді. Польшаның...

Толығырақ...Details

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

25.08.2026
«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейі қазақ гобелен өнерінің ұлттық мектебінің негізін қалаушы, қазақстандық суретші Батима Заурбекованың туғанына...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

25.08.2026
Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада халықаралық пән олимпиадаларында жеңімпас атанып, жүлделі орындарға и болған оқушылармен және студенттермен кездесті. Салтанатты іс-шараға 21...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

1 қыркүйектен бастап сыра сатушыларға жаңа талаптар енгізіледі

11 часов бұрын

Мемлекеттік секторды цифрлық трансформациялау: цифрлық басқарма мамандарына Semey Hub резиденттері өткізген ЖИ-ні кәсіби қолдану workshop-ы

11 часов бұрын

2026 жылғы 27 тамызда Семей қаласында Абай облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабының ұйымдастыруымен терроризмге қарсы оқу-жаттығу өткізу жоспарлануда

11 часов бұрын

«Еуропалық нәтиже»: Құрылтай сайлауына азаматтардың келуі туралы шетелдік сарапшылар

1 день бұрын

«Мұра жіптері»: Қазақстан Республикасының Әбілхан Қастеев атындағы Ұлттық өнер музейінде Батима Заурбекованың гобелендеріне арналған ауқымды көрме өтеді

1 день бұрын

Мемлекет басшысы халықаралық пән олимпиадалары жеңімпаздарымен және жүлдегерлерімен кездесті

1 день бұрын

«ДАУЫС» коалициясы: Сайлау учаскелерінде белгіленген рәсімдер сақталды

3 дня бұрын

Қазақстанның Халық партиясы сайлау қорытындысын мойындайды – Н. Шоқанов

3 дня бұрын

«Ауыл» партисының төрағасы Қ. Айтуғанов сайлаудың ашық әрі ұйымдасқан түрде өткенін атады

3 дня бұрын

Асхат Рахимжанов: «Біз халықтың сенім мандатына ие болдық. Бұл — үлкен жауапкершілік»

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС