"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАЯРЛЫҚ КУРСЫ АШЫЛДЫ

22.02.2018
6
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей мемлекеттік медицина университетінде мектеп оқушыларына арналған даярлық курсы ашылды. Бұл туралы жергілікті БАҚ өкілдеріне университет ректоры Ерсін Жүнісов мәлімдеді.

«Денсаулық» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруға арналған «Medical foundation» даярлық курсы 9-10-11 сынып оқушыларына арналған. Мұнда талапкерлердің ағылшын тілін, химия мен биология пәндерін терең меңгеруіне басымдық берілген. Ерсін Тұрсынханұлының айтуынша, бұл еліміздің медицина саласын дамытуда маңызды қадам болып отыр.

— ШҚО әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен Қазақстанда алғаш болып Семей мемлекеттік медицина университетінде «Medical foundation» даярлық курсы ашылды. Мұндағы негізгі мақсатымыз, ҚР Денсаулық сақтау саласын дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған «Денсаулық» бағдарламасында көрсетілгендей, жоғары оқу орындарындағы білім беру жүйесін жаңғырту, талапкерлерге бағыт-бағдар беріп, дұрыс таңдау жасауға көмектесу. Осылайша, университетіміздің студенті атанатын болашақ дәрігерлерді алдын ала  қабылдап, дайындаймыз. Айта кету керек, бұл бастаманы Қазақстандағы оқу орындары арасынан Семей мемлекеттік медицина университеті алғаш рет қолға алып отыр. Көптеген әріптестеріміз осы тәжірибенің сәтті шығуын күтуде. Бұл шараның тек біз үшін емес, бүкіл Қазақстанның медицина саласын дамытуда маңызы зор,- дейді университет ректоры.

Болашағын медицина саласымен байланыстырған талапкерлердің білім сапасының жоғары болуын көздейтін аталмыш бастама ҚР Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан мақұлданып, өз жұмысын бастаған. Университет ұжымы алдағы уақытта еліміздің басқа да қалаларымен бірлесе жұмыс істеуге ниетті.

— Жасыратыны жоқ, кейбір студенттер медицина саласын ата-анасының ықпалымен таңдаса, кейбірі оқудыңқиындығына шыдамай орта жолдан тастап кетеді. Сондықтан біз бәсекеге қабілетті студенттер даярлауды басты мақсат етіп отырмыз. Университет алды даярлық курстары Еуропа елдерінің тәжірибесіне әлдеқашан еніп кеткен. Бұл — әлемдік технология. Алдағы уақытта Павлодар облысы және Өскемен қаласымен бірлесе жұмыс істеу ойымызда бар. Сонымен қатар оқушыларға сапалы білім беретін профессорлық-оқытушылыққұрамды да даярлап жатырмыз. Оқушылар даярлық курсын 9 ай көлемінде оқиды. Бір топта 16 адамнан көп болмауы тиіс,- деді Ерсін Жүнісов.

Талапкерлер курс барысында медицина саласының негізгі күре тамыры саналатын химия және биология пәндерін тереңдете оқып, ҰБТ-ға дайындалады. Сондай-ақ оларға ағылшын тілінің деңгейлік курстарына байланысты арнайы сертификаттар да табысталатын болады.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ,

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

7 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

7 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

7 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

7 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

8 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

9 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС