"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АЛТАЙ» БІРІНШІ ЛИГАДА ДОП ТЕБЕДІ

22.02.2018

«Алтай» командасы биылғы маусымда бірінші лигада доп тебеді. Өткен жылы түрлі кедергілерге тап болған команда екінші лигада ойнаған. Деңгейі мен кәсіби шеберлігі әлдеқайда қуатты команда екінші лигадан бірінші лигаға жолдама алған-ды.   Футболшылар қазір Анталия қаласында оқу-жаттығу жиынын өткізуде. Қазақстан Кубогы Шымкентте сарапқа салынады. Команда биылғы маусымды ел Кубогына таласудан бастайды. Айтпақшы, «Алтайда» легионер жоқ. Бас бапкер – білікті бапкер Сергей Тимофеев.

Жалпы, команданың дайын-дығы, «Спартак» стадионының жөнделуі және қалалық футбол орталығы жұмысыныңқайта жандануы сынды бірқатар мәселелер сейсенбі күні Семей қалалық ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатында айтылды.

Баспасөз мәслихатына Семей қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Мұрат Құржықаев, «Алтай» футбол командасының баспасөз хатшысы Думан Балықбаев, қалалық футбол орталығының басшысы Ефим Германович қатысты.

— Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовтің тапсырмасымен биыл «Спартак» стадионының алаңына жөндеу жұмыстары жүргізіледі. Жа-сыл алаңҚазақстан футбол федерациясының талаптарына сәйкес болуы керек. Заманауи технологияға сай жылытылатын, автоматты суару мүмкіндігіне ие жаңа көгал (газон) төсеп, жарықтандыру жұмыстарын жарақтау көзделіп отыр. Оның жобалық-сметалыққұжатын жасау үшін қаржы бөлініп, қазіргі таңда конкурс жарияланған. Межелі жұмыстар ағымдағы жылы басталады деп жоспарлануда,- дейді Мұрат Мұрсаханұлы.

Мұрат Мұрсаханұлының айтуынша, «Спартак» стадионына Қазақстан футболының 100 жылдығы қарсаңында, яғни 2013 жылы жөндеу жүргізілгенімен, жасыл алаңөткен ғасырдың 60-шы жылдарынан бері жаңартылмапты. Құрылыс жұмыстарын күз кезінде қолға алу жоспарланып отыр.

— «Алтайдың» жаттықтыру-шылар құрамында өзгеріс жоқ. Бас бапкер — Сергей Тимофеев, көмекшілері — Павел Евтеев, Игорь Востриков, Марат Есмұратов. 15 қаңтар мен 3 ақпан аралығында команда Шымкент қаласында жаттықты, қазір Түркияның Анталия қаласында. Біздіңғана аяқдопшылар емес, ол қалада еліміздіңөзге де командалары бар. Биыл біздің басты қарсыласымыз Жамбыл облысының «Тараз» командасы деп ойлаймын,- деген Думан Балықбаев команда құрамына да тоқталды. — Өткен жылғы құрамнан 8 ойыншы бар, жалпы, 20 қазақстандық футболшы бар. Үш легионер алуға рұқсат берілген. Әлі де команда құрамы толыға түсуі мүмкін.

Қазақстан Футбол федера-циясының талабына сәйкес, бірінші лигада ойнайтын командада екінші лигада ойнайтын қосалқы құрамы және жасөспірімдер футбол орталығы болуы керек. Сондықтан биыл жұмысы тоқтап қалған қалалық футбол орталығы қайта жанданады.

— Орталықта 11 жас ерекшелігі бойынша 2000-2010 жылы туған 300-ден астам жеткіншек спортпен шұғылдануда. Мұнда бір медицина маманы, 13 жаттықтырушы бар. Бапкерлер UEFA «А» және «В» санаты бойынша біліктіліктерін арттырған,- деген Ефим Германович ағымдағы жылы жасөспірім аяқдопшылар арасында шығыстың мерейі үстем болатынына сенім білдірді.

Жасөспірімдермен бірге жас-тар құрамасы да жасақталған. Спорт академияларының, футбол орталықтарының түлектері, аймағымыздағы үздік жас футболшылардан құралған команда екінші лигада ойнайды.

Айта кетейік, баспсөз мәслихатында мәлім болғандай, семейлік футболсүйер қауым мамыр айынан бастап «Спартак» стадионында әртүрлі кездесулерді тамашалай алады.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

 

Ұқсас жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

19.11.2026
Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

Қазақстанның экономикалық тұрақтылығын қамтамасыз ету, өнеркәсіптік өндірісті дамыту және халықтың өмір сапасын арттыру энергетика саласының тиімді жұмысына тікелей байланысты. Президент...

Толығырақ...Details

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

19.11.2026
Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

Адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары – құқықтық мемлекеттің ең басты құндылықтары. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында адамның қадір-қасиетін құрметтеу, жеке бас...

Толығырақ...Details

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

18.11.2026
Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

Абай облысында «Конституция және сөз бостандығы: журналистиканың жауапкершілігі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға Журналистер клубының мүшелері мен жоғары оқу орнының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

13 часов бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

13 часов бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

16 часов бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

17 часов бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

17 часов бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

2 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

2 дня бұрын

Қазақстандағы ғылымның дамуы: жеті жылда қаржыландыру көлемі 3,2 есе артып, коммерцияландыру деңгейі 31%-ға жетті

2 дня бұрын

«Әкелер одағы» Қазақстанда энергетикалық сусындарға толық тыйым салуды талап етті

2 дня бұрын

Almaty SuperSki кластерінің құрылысы қарқынды жүріп жатыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС