"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨНЕРДЕ ЖОҚ ШЕКАРА

27.02.2018
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

22 ақпан күні Семейге америкалық «Humming house» тобы келіп, Абай атындағы театрда ақысыз концерт өткізді.

Рок жанрында ән орындаудың шебері «Humming house» фолк-бэнді Семейге Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің шақыртуымен келген. «Шетелдегі америкалық музыка» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кеш алдағы уақытта Алматы және Астана қалаларында жалғасын таппақ. Әншілер Қазақстанға алғаш рет табан тірепті.

— Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің қолдауымен Сіздердің елдеріңізге алғаш рет келіп отырмыз. Қазақ еліне, оның ішінде Семей қаласына ат басын бұрғанымызға қуаныштымыз. Біз рок жанрының бірнеше түрін біріктіріп өнер көрсетеміз. Бүгін соның ішінде өзімізге ұнайтын бірнеше әуендерді Сіздерге ұсынып отырмыз және семейлік достарымызды бірге ән айтуға шақырамыз,- деді «Humming house» тобының әншілері концерт барысында.

Әсіресе студент жастардың көңіл кілтін тапқан америкалық әншілер семейлік көрермендерге Абайдың «Айттым сәлем, Қаламқас» әнін тарту етті. Өз кезегінде  М.Төлебаев атындағы музыкалық училищенің студенттері де аталмыш топтың «Companion» әнін олармен бірге сәтті орындап шықты. Аталған кештің өтуіне мұрындық болған қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Назерке Аққожина алдағы уақытта да осындай ауқымды шараларды жүзеге асыруға ниетті екенін жеткізді:

— Астана қаласының 20 жылдығына орай, қаламызда кең көлемді шаралар жоспары бекітілген. Өздеріңіз білесіздер, өткен аптада «Астана құрдастары» атты қалалық байқау өтті. Алдағы жаз маусымында республикалық айтыс ұйымдастыру жоспарымызда бар. Біріккен Араб Әмірліктерінде сәуір айында өтетін ұлттық этнографиялық фольклорлық фестивальға қатысу туралы да ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан бізге ұсыныс түсіп отыр. Мүмкіндік туып, жолымыз түсіп жатса, бұл біз үшін үлкен абырой болатын еді,- деді Назерке Мәулітқызы.

— Бүгінгі кеш АҚШ Елшілігі мен Семей қаласы арасындағы тығыз қарым-қатынасты көрсетеді. Біздің бастамаға қолдау көрсеткен Семей қалалық әкімдігіне алғыс айтамыз. Былтырғы жылы Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің 25 жылдығы аталып өткен еді. Екі ел арасындағы қарым-қатынас жылдан-жылға нығая түсуде. Достықтың жалғасын табуына біз де өз септігімізді тигізгіміз келеді,- деді Қазақстандағы АҚШ Елшілігінің өкілі Мэтт Вилсон мырза.

«Humming house» вокалды-инструменталды тобы келесі күні жергілікті әншілерге жанды дауыста аспапта ойнаудан шеберлік сыныптарын өткізді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

24.06.2026
Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

Semeitany.kz – Семей қаласында салынып жатқан жаңа әкімшілік-іскерлік орталық аумағында бірден үш маңызды нысанның құрылысы басталды. Құрылыс алаңдарын аралаған Абай...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

24.06.2026
Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

Semeitany.kz – Семей қаласындағы Абай атындағы театрда Мемлекеттік қызметшілер күніне арналған салтанатты шара өтті. Жиынға Абай облысының әкімі Берік Уәли...

Толығырақ...Details

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

24.06.2026
Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

Semeitany.kz - Абай облыстық мәслихатының кезекті XXXVII сессиясында өңірдің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары қаралды. Жиында облыс әкімі Берік Уәли атқарылған жұмыстар...

Толығырақ...Details

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

24.06.2026
Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

Semeitany.kz – Абай облысында Қазақстан полициясы күніне арналған салтанатты шара өтіп, құқық қорғау органдарының қызметкерлері мен ардагерлеріне құрмет көрсетілді. Семей...

Толығырақ...Details

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

24.06.2026
Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

Semeitany.kz — Абай облысының әкімі Берік Уәли белгілі мүсінші, сәулетші, монументалды өнер саласының көрнекті өкілі Қазытай Нарысовпен кездесті. Қазытай Сыздықұлы...

Толығырақ...Details

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

24.06.2026
Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

Тамақ өнімдері мен халық тұтынатын тауарларды таңбалау, сертификаттау және декларациялау талаптарының сақталуы туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Семей қалалық...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде жаңа әкімшілік-іскерлік орталықтағы үш нысанның құрылысы басталды

7 часов бұрын

Мемлекеттік қызметшілер мерекесіне орай үздіктер марапатталды

7 часов бұрын

Абай облысында биыл 3 мыңнан астам жаңа жұмыс орны ашылады

7 часов бұрын

Абай облысында полиция қызметкерлері марапатталды

7 часов бұрын

Қазытай Нарысов Семейдің сәулеттік келбетін жақсартуға қатысты ұсыныстарын айтты

7 часов бұрын

Абай облысында өнімдерді таңбалау талаптары түсіндірілді

8 часов бұрын

Жастардың рухани дамуы мен ақпараттық сауаттылығы назарда

8 часов бұрын

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

5 дней бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

5 дней бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС