"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАҒДАЙ ЖІТІ БАҚЫЛАУДА

16.03.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 13 наурыз күні Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов Аягөз қаласына арнайы келіп, тұрғындармен кездесті. Аудан орталығында болған апат салдарын саралап, күллі қазақстандықтарды толғандырған мәселеге нүкте қойды. Аймақ басшысы қызыл судан зардап шеккен аягөздіктердің ешбірі биліктің назарынан тыс қалмайтынын, барлығына тиісті деңгейде көмек көрсетілетінін жеткізді.

Осыдан 2 күн бұрын кіші Аягөз өзені арнасынан он есе асып, нәтижесінде аудан орталығындағы үш шағын көпірді қиратып, 148 үй су астында қалған еді. Ауданда табиғи апатқа байланысты төтенше жағдай жарияланып, зардап шеккен үйлердің тұрғындары дереу қауіпсіз жерге көшірілген болатын. Қазіргі таңда олар арнайы мекемелерге орналастырылып, ыстық тамақ және төсек-орынмен толық қамтамасыз етілген.

Айта кету керек, суда қалған 148 үйдің бүгінде 8-і құлаған. 10 үй апатты жағдайда тұр. Алайда облыс әкімі бұл сан алдағы күндері еселенуі ықтимал, сондықтан соңғы көрсеткіш емес дейді. Қызыл судың құрсауында қалған әр үйді өзі аралап шыққан Даниал Ахметовке тұрғындар арыз — шағымдарын барынша жеткізді. Мәселен, қирап қалған үйлердің ішінде Желтоқсан көшесі, 72 мекенжайында орналасқан Ильмира Қайымбаеваның баспанасы бар. Кішкентайына аяғы ауыр отанасы Даниал Ахметовке: «Қабырғасы сөгіліп, іргесі қираған шаңырағымды кім қалпына келтіріп береді?»- деген сауалын қойды. Облыс әкіміне дәл осы сипатта жолданған жалғыз сұрақ бұл емес. Өз кезегінде жапа шеккен жандардың қабырғасын қайыстырған, қала берді күллі қазақстандықтарды алаңдатқан мәселеге Шығыс Қазақстан облысының әкімі:

— Бірде-бір Аягөздің тұрғыны назардан тыс қалмайды. Баспанасы жарамсыз қалған отбасыларға осы қаладан үй сатып алып береміз. Қазіргі таңда маған Аягөзде 15 үй сатылады деген ақпарат берілді. Солардың бәрін сатып аламыз. Одан кейін орталықта 60 пәтерлі жаңа үй бой көтеріп жатыр. Сол жерден пәтер береміз. Ешкім баспанасыз қалмайды,- деп жауап берді.

Облыс әкімі мәлім еткен ресми жауапқа ризашылығын білдірген тұрғындар көз   жастарын жасыра алмады.

— Үй береміз деп уәде берді. Алла бұйыртса, баспаналы боламыз. Мамырда балам дүниеге келеді. Облыс әкімі Даниал Ахметовке зор алғыс білдіремін. Бәріне рақметімді айтамын. Келіп, көріп, жағдайымызды сұрап жатыр. Қуаныштан жылап тұрмын,- дейді Ильмира Қайымбаева.

Даниал Ахметов сондай-ақ Аягөзге облыстық «Парыз» қорынан 50 миллион теңге аударылатынын жеткізді. Аталған қаражат күн тәртібінде тұрған өзекті мәселелерді, атап айтқанда көмір, азық-түлік, киім-кешек сияқты тұрмыстық жағдайды шешуге жұмсалады.

Апат салдарын есептеуге құрылған арнайы комиссия жұмысын жалғастыруда. Бүгінде өзен деңгейі біршама төмендеген. Жергілікті билік көпірлерді қалпына келтіру жұмыстарын атқаруда. Ал қалада құрылған еріктілер қызыл су шайып өткен аумақтарды тазалау жұмысын жүргізуде. Сонымен қатар Даниал Ахметов Үржар, Күршім, Жарма сияқты жоғары қауіп төнген аудандар аумағындағы жағдайдың жіті назарға алынғанын, арнайы тікұшақпен бақылау басталғанын айтты.

Әлеуметтік желілерде аймақ басшысының осы бір сын сағаттарда елмен бірге болып, бұқараның қасынан табылғанына жылы лебіздер білдіріп жатқан желі қолданушылары көп. Оған әлеуметтік желілерде жарияланған видеолар дәлел.

Үш баласымен далада қалып, жанары жасқа толған анаға:  «Балаларыңызға облыс әкімі Даниал Кенжетайұлымен кездестім деп айтыңыз. Барлық көмекті жасаймыз деп сөз берді деңіз»,- деген Даниал Ахметов қанша баласы барын білген соң қамкөңіл жанға: «Үш балаңыз бар болса, үш бөлмелі пәтер аласыз. Айналайын, өмір осымен тоқтамайды. Қасыңда демеу болар балаларың бар. Ел басына күн туған шақта, біз де аянып қалмаймыз. Бар көмекті береміз. Халық та сөзсіз көмектеседі. Керек болса, жиһазға да қаржы бөлеміз. Міне, айналайын, осылай болады»,- деп жанары жасқа малынған жанды жұбатты.

Облыс әкімі Өскеменге оралысымен қарғын судан келген зардапты жоюға қатысты арнайы брифинг өткізді. Сәрсенбі, 14 наурыз күні өткен брифингте Даниал Ахметов журналистерге қарғын су қыспағында қалған Аягөз ауданында қолға алынып жатқан іс-шаралар турасында баяндап берді.

— Ең қиын жағдай Аягөзде болған. Біз бұл мәселені шеше алдық. Қауіпсіз жерге көшірілген тұрғындардың көпшілігі өз үйлеріне оралды. Қазір 73 адам мектеп–интернатта. Оларға жер — жерден қайырымдылық көмек келуде. Ауданда зардап шеккендерге көмек беру мақсатында «Аягөз-Болашақ» қоры жұмыс істеп тұр. Бүгін таңертең сол қордың есепшотына өзімнің бір айлық еңбекақымды аудардым, — деді Даниал Ахметов.                                                                                                                                                                      Облыстың дін өкілдері тарапынан «Шығыстың асары» акциясы бастау алды. Қала мешіттерінде азық-түлік, қаражат, киім-кешек сынды қажет заттар қабылдана бастады. «Нұр Отан» партиясының ШҚО филиалы және «Жас Отан» жастар қанаты қайырымдылық көмекті жинайтын пункт ашты.  Сондай-ақ былтырғы жылы қарғын судан зардап шеккендерге 10 тонна көлемінде көмек жинаған еліміздің қоғамдық ұйымдары мен кәсіподақтары «Тасқын көмек-2018» акциясын бастап кетті. ШҚО ТЖД дағдырыс орталығында шұғыл штабтың жұмысы ұйымдастырылған. Апаттан құтқару жұмыстарын жүргізу үшін барлық күштер тартылды. Оның құрамында қазір 1070 адам, 286 бірлік техника, 56 бірлік су құрылғылары бар, басқа да техникалар қазір кәсіпкерлерден алынып отыр. Қолайсыз ауа райы салдарынан 229 үйді су басты, оның ішінде Аягөзде – 186 үй, Өскеменде – 24, Ұланда — 5 үй. Жергілікті органдар, ТЖД қызметкерлері су басқан үйлерден 385 адамды эвакуациялады. Оның ішінде Аягөз ауданында 360 адам басқа жерге көшірілді. Қазіргі кезде 73 адам, оның ішінде 42 бала, №6 мектеп-интернатқа орналастырылған. Үш мезгіл ыстық тамақ беру жолға қойылды. Осы балалардың барлығы мектепке барып жүр. Аягөзге барғанымда ол жерде де болдым. Ал 70 жан уақытша туыстарына барса, 215 адам өз үйлеріне оралды,- деп атап өтті аймақ басшысы.

– Брифингте Даниал Кенжетайұлы  2 — 3 күннің ішінде міндетті түрде 8 үй сатылып алынатынын атап өтті. Содан кейін салынып жатқан 60 пәтерлік үй 3 – 4 айдан соң пайдалануға берілетінін жеткізді.

— Сол себептен мен кеше тапсырма бердім. 18 үйді қосалқы нарықта тез арада сатып алу керек. Қалыптасқан жағдайға орай, Аягөздегі үйдің бағасы аспандап кетпейтініне сенімдімін. Бұған қаржы бөлінді. Ал енді қалған қаржы қайда жұмсалады дегенге келсек, біз күнделікті тұрмыстағы мәселелерді шешуіміз керек. Мәселен, отын – су, киім – кешек, құрылыс материалдарын алу жағы шешіледі. Мен үш күн бұрын тапсырма бердім. Қазір арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар аудандарды тікұшақпен аралай бастады. Бізге барлық жағдай белгілі,- деді облыс әкімі. — Күрт еріген қар суы, әдеттегідей, жерге сіңбей, жөңкіле ақты. Қазақ мұны «қызыл су» дейді. Мұндай оқиға соңғы 50 жылда Аягөзде қайталанды. Қазірге дейін аймағымыздың 6 өңірі қадағалауда,- деп толықтыра түсті.

Аягөз ауданының әкімі Бақытжан Байахметов төтенше жағдай кезінде жұртты ортақ іске жұмылдыра білді. Қазір онда жұмыс істеп жатқан комиссия 180 үйге қатысты қанша қаржы қажет екенін есептеу үстінде. Ал Өскемендегі суда қалған төрт үй  қалпына келтірілді. Ұлан ауданында бұзылған Мамай көпірі жөнделді. Аудан әкімдігі су басқан кезде өзен жағасында орналасқан үш үйдің тұрғындарын дер кезінде қауіпсіз жерге көшіре білген.

— Қазіргі таңда 6 тікұшақ жағдайды жіті бақылауда ұстауда. Әрі әр топ маған қалыптасқан жағдайды екі мезгіл тұрақты хабарлап отыр. Біз осы ұшулар барысында жасалынған болжамдар негізінде әрекет ететін боламыз,- деген Даниал Кенжетайұлы төтенше жағдайға байланысты қатысушылар тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, брифингті қорытындылады.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі ақпараты негізінде әзірлеген Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

19.02.2026
Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

Американың The National Interest басылымында Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың “Сенімділік – жаңа күш” атты мақаласы жарық көрді, деп хабарлайды BAQ.KZ....

Толығырақ...Details

Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленді

19.02.2026
Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленді

Курчатов қаласына ғылым қалашығы мәртебесін беру мәселесі кезең-кезеңімен жүзеге асырылуда. Ел аумағында ғылымды қажетсінетін үш өңір қалыптастыру жоспарланып отыр, солардың...

Толығырақ...Details

В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

19.02.2026
В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

Филиал Государственной корпорации «Правительство для граждан» по области Абай сообщает о запуске пилотного проекта по предварительному бронированию талонов электронной очереди....

Толығырақ...Details

Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

19.02.2026
Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры барысында өңірдегі бірқатар инвестициялық жоба мен шағын кәсіпкерлік бастамалар таныстырылды. Жиында облыстың...

Толығырақ...Details

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

19.02.2026
Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

Абай облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі ұйымдастырған баспасөз туры аясында БАҚ өкілдері Семей қаласының тұтыну нарығы, әлеуметтік маңызы бар азық-түлік (ӘМАТ)...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

19.02.2026
Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

АҚШ, Вашингтон Вашингтонда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Америка Құрама Штаттарында тұратын және білім алып жүрген Қазақстан азаматтарымен кездесті. Әңгімелесу барысында Қасым-Жомарт...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Тоқаев Қазақстанның Бейбітшілік кеңесіне не үшін қосылғанын түсіндірді

8 часов бұрын

Курчатов қаласына 2026–2035 жылдарға арналған ғылым қалашығын дамыту жобасы әзірленді

9 часов бұрын

В городе Курчатов запускается пилотный проект по бронированию талонов электронной очереди

12 часов бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар мен кәсіпкерлікті қолдау қарқынды дамып келеді

13 часов бұрын

Семейде әлеуметтік маңызы бар азық-түлік нарығы мен инвестициялық жобалар дамуда

13 часов бұрын

Мемлекет басшысы Вашингтонда отандастарымызбен кездесті

13 часов бұрын

Құқықтық сауаттылық – тәртіп кепілі

20 часов бұрын

Жаңа Конституция педагогикалық ұжым алдында талқыланды

20 часов бұрын

Жетісуда жаңа Конституция білім, ғылым және инновацияларды дамытуға қосымша кепілдіктер беретіні талқыланды

1 день бұрын

Жетісу облысында жаңа Конституция жобасы мен саяси жүйенің басты өзгерістерін талқылады

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС