"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЕЛМЕН БІРГЕ ЕТІКПЕН СУ КЕШКЕН КҮН

16.03.2018
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Биылғы көктем шырайлы шығысқа асау мінезін көрсете келді. Аруларға арналған мерекемен әдемі басталған наурыздың 11-і күні Шығыс Қазақстан облысының бас  шаһары Өскемен мен Аягөздегі қарғын судың салдарынан болған төтенше жағдайды естіген алыстағы ағайын да ауыл жаққа алаңдаулы күй кешті… Көпшіліктің көңіліндегі үрейді әлеуметтік желіге ел жақтан бірінен соң бірі толассыз түсіп жатқан бейнекөріністер тіпті үдете түскен еді…

Облыс әкімі Даниал Ахметов қарғын судан зардап шеккен Өскеменнің барлық шағын аудандарын аралап шықты. Тұрғындармен кездесіп, келеңсіз жағдайдың қала басшылығы мен тиісті сала қызметкерлерінің өз істеріне жауапсыз қарауының салдарынан болғанын айтып, тиісті бағасын берді. Біздің жақта биыл қыста қар аз түскенімен, көктемнің басы төпеп жауған ақ ұлпасымен, қарлы жаңбырымен, төгіп – төгіп алатын нөсерімен халықты әбден әбігерге салды. Табиғаттың осындай құбылмалы мінезімен басталған наурыздың алғашқы аптасында-ақ әр өңірде су тасқынының қаупі байқала бастаған болатын. 10 – 11 наурыз күндері бір тәулікте түскен жауын — шашын мөлшері 48.2 мм-ді құрады. Бұл айлық деңгейден 72 пайызға артық. Биылғы қыстың аймаққа кеш келгені, қардың жұқа түскені себепті жер тоңы 1,5 метр тереңдікке дейін қатып қалғандықтан, еріген қар мен жаңбыр суының топыраққа сіңбегенінің де кері әсері жоқ емес. Өскемендегі Красин көшесіндегі және Аблакетка шағын ауданындағы бірнеше үйге су кіріп кетті. Табиғат апатынан зардап шеккен тұрғындармен кездескен Даниал Ахметов қалалық әкімдік пен ТЖ қызметі атқарған іске өз тарапынан бағасын берді:

— Бұл жерде екі мәселе көзге анық көрініп тұр. Дер кезінде жұмыс істеуге кедергі болған — біліксіздік пен құлықсыздық. Осы салаға жауапты қызмет шұғыл жағдайға дайын емес болып шықты. Басқа себеп көріп тұрған жоқпын. Небары төрт үй. Айналдырған төрт үйден дер кезінде су сорып ала алмаған,- деген Даниал Ахметов тиісті сала басшыларының ісіне көңілі толмағанын жасыра алмады. – Бұл — қала әкімінің жұмысындағы салғырттық және ТЖ жөніндегі басқарма қызметіндегі үлкен олқылық. Тікелей міндетін атқаруға жауапкершіліктің жоқтығы,- деп ренішін білдірген облыс әкімі алдағы уақытта барлық тиісті сала басшылары жауапқа тартылатынын жеткізді.

Красин көшесіндегі арықтар дер кезінде дұрыс тазартылмаған. Ал мердігер мекеме қызметі үшін толық ақысын алған.

Бұл күндері Сәтбаев атындағы даңғыл бойымен өткен қарғын судың салдарынан Жібек маталар комбинаты жақтан көлік қозғалысы қиындай түсті. Жол бойына су бөгеліп, кептеліс орын алу салдарынан таңертең Жібек жолы көшесі қиылысына дейінгі аумақ жабылды.

– Бүгінгідей жағдай орын алмау үшін күз кезінде дайындық шаралары жасалуы керек еді. Осы жерлерде алғашқы шұңқыр пайда болған уақыттан басталуға тиісті жұмыс болатын. Күзде жаңбыр болды. Сіздер көлденең қазылған ордың жатқанын білесіздер. Оның төмендейтіні айтпасақ та белгілі. Десе де тиісті сала ешбір қауіпсіздік шараларын қолға алмаған. Күзгі көрініс көз алдымда. Сол кезде қала әкіміне хабарласып, траншеяларды жабуды тапсырдым,- деді Даниал Ахметов,  –  5 — 6 кезекші көлік қойып, 2-3 скрепер бекітіп, жағдайды қатаң бақылауға алу керек еді. Көлденең жатқан сызат отырғанда, қолға күрек алып, дереу көму керек болатын. Басқа себеп те, шешу жолдары да жоқ.

Ұзын сөздің қысқасы, облыс әкімі тарапынан бүгінгі орын алған жағдай — сауатсыз жұмыс пен іске деген салғырттықтың салдары  деген баға берілді.  Аймақ басшысы бұл жағдайды жеке өзінің бақылауына алды.

Сонымен, облыс әкімі орын алған кемшіліктерге облыстың бас шаһары әкімінің  жауапсыздығы негізгі себеп екенін ашық айтты. Жауырды жаба тоқу артық болар, бұл — өскемендіктердің де басым көпшілігінің көңіліндегі пікір…

Өткен жылдың мамыр айының соңында Өскеменге жаңа әкім тағайындалды. Су басу қаупі сейіліп, жылу беру маусымы аяқталған мамыражай мамыр айында қызметке тағайындалған жаңа басшы әкімдік қызметтің жолы қиындықсыз, тақтайдай тегіс болады деп ойлады ма, кім білсін? Бұл қызметке дейін Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарып  келген 36 жастағы Қуат Тұмабаев облыстың бас шаһарына басшылыққа тағайындалғанда, Өскемен жаңашылдық пен жастықтың, сұлулық пен тазалықтың қаласына айналады деген үміттің болғанын жасырмаймыз. Өскеменнің жаңа басшысы орда бұзар жастан асып, қырықтың табалдырығында тұрған азамат болғандықтан, «жас әкім» деген сөзді қолданудың өзі де артық болар.

Қуат Мұхитұлы қалаға басшылыққа тағайындалған бетте жұмысын тек дәстүрлі БАҚ-тарда ғана емес, әлеуметтік желілер арқылы да жарнамалайтын жаңашыл әкім ретінде  көзге түсті. Ақпараттық белсенділігі жағынан үздіктердің қатарындағы әкімдердің бірі Тұмабаевтың Өскемендегі басшылық қызметі жұмысқа велосипедпен қатынап жүргенін баяндаудан басталған… Көп кешікпей мотоциклге әуестігін жарнамалап, кейін тіпті грейдердің тізгініне де өзі отырып қар тазалаған Қуат Мұхитұлы «Балалар әлемі» дүкеніндегі ойыншық машиналарды бірінен кейін бірін ұстап қызықтаған ерке баланың қылығын да еске салатынын жасырмаймыз… Бетке шіркеу, беделге көлеңке түсетін жағдайлар сыртқа шықпас па еді, кім білсін, тасқынға тосқын мезгілінде жасалса… Бүгін өскемендіктер өз әкімдерін көшедегі су сорғыш көліктердің тізгінінен іздейтіндей ме, қалай?…

Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов резеңке етікпен қаланы  аралап, жағдаймен жіті танысып шықты да, Аягөзге аттанды…

Риза МОЛДАШЕВА

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

56 минут бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 час бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 час бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

1 час бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

2 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС