"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СУ БАСҚАН АУДАНДАРДА ЖАҒДАЙ ҚАЛЫПТЫ

27.03.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1-25 наурыз аралығында жауған жауын—шашын мөлшері қалыпты нормадан үш есе артық болды. Осының салдарынан аймақ бойынша 481 үй мен 110 саяжайды су басып қалды. Су тасқынының қауіпсіздігін қамтамасыз ететін шұғыл топ Өскемен және Семей қалаларында, Жарма, Зырян, Күршім, Қатонқарағай, Ұлан аудандарында күшейтілген тәртіпте жұмыс істеді. Бүгінгі күні облыстың үш ауданында: Аягөз, Глубокое және Шемонайхада — табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланып отыр. Бұл туралы ШҚО әкімі Даниал Ахметов 26 наурыз күні қала және аудан басшыларының қатысуымен селекторлық режімде өткен жиында баяндады.

— Аягөз ауданында 19 үйдің жағдайы апатты деп танылды, себебі белгілі. Аягөз қаласында қазір жағдай қалыпты. 286 адам өз үйлеріне оралды. 12 адам әзірге интернатта тұрып жатыр. Бір аптаның ішінде 13 үй сатылып алынды. Қазір апатты деп танылған 19 үй бойынша шарт жасалды. Қаржы мәселесі толық шешілген. Ауданға көмек ретінде 179 млн. теңге бердік. Барлық мәселе тез арада шешіледі деп сенеміз,- деді Даниал Ахметов.

26 наурыз күні облыс әкімі Глубокое ауданындағы Прогресс, Белоусовка, Предгорное ауылдары және аудан орталығында қарғын судан зардап шеккен тұрғындармен кездесіп, олардың жай-күйімен танысып қайтқан екен. Әкімнің баяндауынша, мұндағы жағдай тұрақты бақылауға алынған. Тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіруге байланысты тиісті шаралар қабылданыпты. Глубокое ауданында 175 үйге арнасынан асқан өзен суы кірген. 567 адам су басу қатері бар аумақтан Оралхан Бөкей атындағы орта мектепке, Белоусовка аграрлық колледжінің жатақханасына, Предгорное және Прогресс ауылдарындағы білім беру мекемелеріне көшірілді.

— Қазір арнайы комиссия құрылып, табиғи апаттан зардап шеккен үйлердің жайымен танысып жатыр. Біз комиссия шешімін басшылыққа алып, барлық шығынды өтейміз. Баспана мәселесін шешу үшін тез арада үйлерді сатып алу мақсатында ауданға 60 млн. теңге көлемінде қаражат бөлінді,- деп атап өтті аймақ басшысы.

Ал Шемонайха ауданында Уба өзенінің деңгейі 1,5 метрге дейін көтерілген екен. Алайда тиісті шаралар дер кезінде қолға алынғандықтан, апат ауыздықталды. Мұнда да су басқан үйлер анықталып отыр. 42 үйдің ауласына су кіріп, тұрғындар қауіпсіз жерлерге орналастырылды.

Селекторлық байланыс арқылы өткізілген мәжілісте сөз алған Семей қаласының әкімі Ермак Сәлімовтің сөзіне қарағанда, өңірдегі жағдай бірқалыпты. Шығыс кентінің сол жағалауында орналасқан бес үйді су басқан. Осы аумақтағы тағы 60-70 жеке секторға су жайылу қаупі төніп тұр. Мамандандырылған қызмет тұрғындарды дереу эвакуациялауға дайын. Қалада арнайы техниканың күшімен күніне екі мың текше метр су сорылады.

— Біздің алдымызға қойылып отырған стратегиялық маңызы бар міндет – Ертіс өзенінің жағалық жиегін нығайту. Себебі қауіп-қатер төніп тұрған Шығыс кенті, Түйемойнақ аралы сынды аумақтарда мыңдаған адам тұрады. Бұл мақсатқа жұмсалатын қажетті қаржы қала қазынасында болмағандықтан, қазіргі күні күрделі жөндеуден өтіп жатқан әуежай басшылығымен келіссөз жүргізілді. Нәтижесінде әуежайдың құрылысында артық қалған я болмаса жарамсыз болып жатқан бетон плиталарын пайдаға жаратсақ, өзеннің жиегін нығайтуға бір септігі тиер деген ойдамыз,- деді қала әкімі Ермак Бидахметұлы.

Оқырмандардың есіне сала кетейік, 2017 жылдың күзінде 4,9 шақырымды құрайтын дренажды-нөсерлік кәріз жүйесі қаланың он көшесінде жаңартылған болатын. Ол үшін қала бюджетінен 107 млн. теңге бөлінген еді. Сонымен қатар шаһар бойынша 9 су сорғыш құрылғы орнатылды. 50 шақырым арық жүйелері тазартылып, 8 мың шаршы метр қар қала сыртына шығарылды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

32 минуты бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

34 минуты бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

36 минут бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

37 минут бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

39 минут бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

40 минут бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

6 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

1 день бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

1 день бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС