"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРҒЫНДАР ШАҒЫМЫ «НҰР ОТАННЫҢ» БАҚЫЛАУЫНДА

15.06.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

12 маусым, сейсенбі күні «Нұр Отан» партиясының Семей қалалық филиалының қоғамдық қабылдау бөлімінде Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті ШҚО бойынша департаментінің басшысы Болат Сатеков азаматтарды жеке сұрақтары бойынша қабылдады. Департамент басшысына жеке мәселесімен бес азамат келді. Олардың басым бөлігі мүгедектік топқа өтуге қатысты өтініш-тілектерін жеткізді. Біреуі мүгедектікке құжат рәсімдей алмай әлек, енді бірі мүгедектіктің үшінші тобынан екінші тобына өте алмай жүр.

Қабылдауға келгендер қатарында болған Александр Беляев пен Мейрамғазы Мұқажанов — біраз уақыттан бері мүгедектік топқа өте алмай жүрген жандар. Екеуінің де диагнозы бір-біріне ұқсас. Қаланың қос тұрғыны қант диабеті ауруына шалдыққан. Мысалы, А.Беляев емдеу мекемелерінің табалдырығын сан мәрте тоздырғанымен, еш нәтиже жоқ екенін айтып қынжылды.

— Тыныс алуым күннен-күнге қиындап барады. Бір адым бассам, ентігіп, жүре алмай қаламын. Отбасылық-дәрігерлік амбулаториядағы дәрігерлерлердің бақылау комиссиясында болдым. Ондағылар Өскемен қаласына жіберіп, кейін ауруханаға жатып емделдім. Міне, бес жыл болды мүгедектік топқа өте алмай жүргеніме,- дейді Александр Беляев.

Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитеті ШҚО бойынша Департаментінің басшысы Болат Сатеков азаматтың өтінішін тыңдағаннан кейін, оның барлық анализдерінің қорытындыларын Семей қалалық медициналық-әлеуметтік сараптама (ары қарай — МӘС) бөлімінің басшысы Райхан Өзбекова қарап, тиісті шешім шығарылатынын түсіндіріп берді.

Осыған ұқсас мәселемен келген Мейрамғазы Мұқажанов 62 жаста. 2005 жылдан бері қант диабеті ауруымен күресіп келеді. Бес уақыт инсулин алып жүрген оның ең болмағанда үшінші топтағы мүгедектік тағайындалса деген тілегі бар. Себебі жұмыс істеуге қауқары жоқ, дендеп бара жатқан сырқатынан көз көруі де нашарлап барады. Сөзіне қарағанда, учаскелік дәрігері мүгедектік құжатты рәсімдеуге еш құлық танытпай отырған көрінеді. Тіпті ол мүгедектік топқа өткізу, өткізбеу жөніндегі мәселені қарайтын дәрігерлік бақылау комиссиясы бар екенінен бейхабар. Өз кезегінде Департамент басшысы партияның қабылдау бөлімінің меңгерушісіне осы мәселені хаттамаға толтырып, денсаулық сақтау басқармасы арқылы шара қолдану жағын қарастыру керек екенін атап өтті.

Партия арқылы атқарушы органдардан көмек сұрап келгендердің ішінде семейлік Тілеубай Айсанов та бар еді. 80-ші жылдары аттан құлап, бір аяғын зақымдап алған азамат та мүгедектікке өту жөніндегі мәселемен келіпті мұнда.

— Аяғымды жарақаттап алғаннан кейін кезінде сүйек туберкулезі деп аталған ауруханада жаттым. Мүгедектік тағайындалды, бірақ өзім бас тарттым. Қазір, 4-5 жылдың жүзі болды, оң аяғым ауырып жүр. Кейде жүре алмай қаламын. Дәрігерлер квотамен эндопротездеу отасын жасау керек дейді, бірақ әлі күнге дейін порталға енгізген жоқ. Дәрігерлердің бақылау комиссиясына да жібермей отыр,- дейді Тілеубай Айсанов.

— Мүгедектік топқа өтудің арнайы қағидалары бар. Сол бойынша 4 ай бойы емделуіңіз керек. Осы уақыт ішінде дәрігердің қарауында боласыз. Стационарға жату керек болса, жатасыз, ота жасау керек болса, ол да жасалады квота арқылы. Ем қабылдағаннан кейін, денсаулығыңыз жақсармаса, Сізді медициналық сараптама бөліміне жібереді. Егер оң өзгерістер байқалып жатса, онда Сізге ешқандай сараптама жасалмайды. Демек, мүгедектік топқа жатқызуға еш негіз жоқ. Жылына бір рет қарала салу деген болмайды, үнемі учаскелік дәрігердің бақылауында болуыңыз керек,- деп түсіндірді МӘС бөлімінің басшысы Райхан Өзбекова.

56 жастағы Талғат Ескалмасов — өмір бойы қоғамдық көлік жүргізушісі болып еңбек еткен атпалдай азамат. Қазіргі таңда жұмыс істеуге денсаулығы жарамайды. Он екі жылдан бері бел омыртқасы ауырады. Үш жыл бойы дәрігерден дәрігерге сабылған ол үшінші топтық мүгедектікке әрең қол жеткізіпті. Жүріп-тұруы қиындап бара жатқан азамат бұл жолы мүгедектіктің екінші тобына өту жағын айта келіпті.

«Нұр Отан» партиясының Семей филиалында өткен қабылдауға өтініштерін арқалап, тығырықтан шығудың жолын іздеп келген тұрғындардың мәселесі бақылауға алынып, қажетті шаралар қабылданатын болады. Осындай қабылдау ендігі кезекте Тарбағатай ауданында жүргізілмек.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде қайырымдылық балы өтті

27.10.2026
Семейде қайырымдылық балы өтті

Семей қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде қайырымдылық Вена балы өтті. Өнер мен қайырымдылықты ұштастырған кеш екі ай бойы ұйымдастырылған игі бастамалардың...

Толығырақ...Details

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде қайырымдылық балы өтті

5 минут бұрын

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

4 дня бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

4 дня бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

5 дней бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

1 неделя бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 неделя бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 неделя бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 неделя бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 неделя бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС