"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖИНАҚТАУ ДӘУІРІ: ЖЕКЕ ЗЕЙНЕТАҚЫ ШОТЫҢЫЗДЫ НЕ СЕБЕПТІ ҚАДАҒАЛАП ОТЫРУЫҢЫЗ КЕРЕК?

15.06.2018
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің іске қосылғанына биыл 20 жыл толды. Осы уақыт аралығында ол көптеген өзгерістерге ұшырап, дамуын әлі де жалғастырып келеді. Сонымен қатар салымшылардың өз жинақтарын ұлғайта түсудегі рөлі арта түсуде.

1990 жылдары, тәуелсіз Қазақстанда нарықтық қарым-қатынас өз күшіне енген кезде, ескі – кеңестік зейнетақы жүйесі ыдырай бастаған болатын. Ұрпақтар ынтымақтастығы қағидасына негізделген бұл жүйе өз дәуірінде нәтижелі, жемісті болды. Әйтсе де жұмыссыздықтың белең алуына және тұрғындардың қартаюына байланысты бұл жүйе тиімсіз бола бастады.

ҚР Статистика жөніндегі агенттігінің 1997 жылғы мәліметтері бойынша, еліміздегі жұмыс істейтін адамдар мен зейнеткерлердің ара салмағы 1,5:1 болды. Ал халықаралық тәжірибеге сүйенетін болсақ, 1 зейнеткерге кемінде жұмыс істейтін 4 адам сәйкес келген жағдайда ғана ынтымақтастық жүйе жақсы жұмыс істей алады.

Егер жағдай сол күйінде қалар болса, жүйе күйреуге ұшырайтын еді. Сол себепті Қазақстан зейнетақы жүйесіне реформа жасауды ұйғарды. Және ТМД елдері арасында мұны бірінші болып жүзеге асырды. Реформа авторлары халықаралық тәжірибелерді мұқият зерттеп, құрамында жинақтаушы құрамдауышы бар аралас зейнетақы жүйесін таңдады. Осыған сәйкес 1997 жылы маусымда қабылданған «Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы» ҚР Заңы 1998 жылы 1 қаңтарда күшіне енді.

Алғашында жаңа зейнеткерлік жүйенің артықшылықтары айқын байқалмады, айлық жалақының зейнетақы қорына аударылатын 10% мөлшерін адамдар салық ретінде қабылдады. Олар бұл жарналардың жеке зейнетақы шоттарында жинақталатындығын, болашақ зейнетақының осы жинақтардың есебінен төленетіндігін анық түсіне алмады.

Зейнетақы қызметтері нарығында бірінші болып Мемлекеттік жинақтаушы зейнетақы қоры (ГНПФ) пайда болды. Кейін біртіндеп жеке зейнетақы қорлары құрыла бастады және олар жинақтаушы зейнетақы жүйесінің дамуына маңызды үлес қосты. Мысалы, салымшылар қорды өздері таңдап, оны ауыстыруға немесе мүлдем таңдамауға құқылы болды. Бұл жағдайда зейнетақы жарналары автоматты түрде ГНПФ-қа түсетін.

Жинақтаушы зейнетақы қорлары бәсекелестік ортада салымшыларға тиімді шарттар ұсынуға тырысты. Алайда олар, негізінен, зейнеткерлік активтерді барынша табысты және тәуекелді қаржы құралдарына инвестициялады. Құнды қағаздарын жеке қорлар сатып алған компаниялардың бір бөлігі 2007-2010 жылдары Қазақстанның қаржы нарығындағы дағдарыс кезінде дефолтқа жол берді. Сонымен қатар кейбір қорлар тарапынан үлестес тұлғалармен көпе-көрінеу шығынды мәмілелер жасалғандығы анықталды. Сондай-ақ жеке қорлар зейнетақымен қамсыздандыру туралы шарттарды әрқалай есепке алатын. Бұл салымшылардың бір емес, бірнеше шотының болуына әкеліп соқты.

Азаматтардың жинақтарын басқару тиімді әрі қауіпсіз болуы үшін, 2013 жылы ГНПФ базасында Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры құрылды (БЖЗҚ). Жеке қорлардың активтері БЖЗҚ-ға берілгеннен кейін әкімшілік және операциялық шығындар қысқарды, сондай-ақ комиссиялық сыйақылардың мөлшері де екі есеге азайды.

Салымшылардың бірыңғай базасының құрылуы арқасында қате ашылған техникалық шоттардың саны қысқарды. Одан басқа БЖЗҚ жеке қорлардан мұра болып қалған мұндай шоттардың санын азайту бойынша жұмыстарды белсенді жүргізіп келеді. Енді үлестес тұлғалармен көпе-көрінеу залалды мәмілелер жасасу тәуекелі жойылды. «БЖЗҚ» АҚ-ның зейнетақы активтерін Қазақстан Республикасы Үкіметі бекіткен қаржы құралдары тізіміне сәйкес, ҚР Ұлттық банкі инвестициялайды.

Бұл ретте БЖЗҚ-ның құрылуы зейнетақы жүйесінің өзгеруіне әкеп соққан жоқ. Қазақстанның зейнетақы жүйесі бұрынғыдай үш деңгейден тұрады:  ортақ және базалық зейнетақы, сондай-ақ жинақтаушы бөлік.

Бүгінде зейнеткерлерге мемлекеттік бюджеттен базалық және ортақ зейнетақы төленеді. Бірақ бұл үнемі солай бола бермейді. 2040 жылдары 1998 жылға дейін еңбек өтілі болмаған адамдар зейнетке шыға бастайды. Демек оларға ортақ зейнетақы төленбейді. Олар базалық зейнетақыны және өз жинақтары есебінен зейнетақы төлемдерін ғана алатын болады. 2018 жылдың 1 шілдесінен бастап базалық зейнетақыны тағайындауда 1998 жылға дейінгі еңбек өтілі мен жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысу өтілі ескеріледі.

Зейнетақы жүйесінің барлық үш құрамдауыш бөлігін: егер 1998 жылға дейін еңбек өтіліңіз бар болса – ортақ зейнетақыны, базалық зейнетақыны және инвестициялық табыс қоса есептелген жеке жинақтарыңызды ескере отырып, болашақ зейнетақыңыздың болжамды мөлшерін enpf.kz сайтынан білуге болады.

Бұл есептеулер адамдарға дұрыс қорытынды шығаруға көмектеседі. Өйткені болашақта жақсы зейнетақы алу үшін өзіңіздің зейнетақы шотыңыздағы жинақтарыңыздың мол болуына қазірден бастап мүдделі болуыңыз керек.

Жұмыс берушімен еңбек қарым-қатынасын дұрыс рәсімдеп, зейнетақы жарналарының Қорға тұрақты аударылып тұруын қадағалаудың маңызы өте зор. Бұдан өзге, Қорға ерікті зейнетақы жарналарын аударып тұрған жөн. Бұл болашақта алатын зейнетақының мөлшерін ұлғайтуға септігін тигізеді.

БЖЗҚ өз тарапынан ерікті зейнетақы жоспарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүдделі және әрбір салымшыға кәсіби кеңесші болуға дайын. Егер зейнетақыны жоспарлауға жауапты қарап, БЖЗҚ мамандарының білімі мен тәжірибесін пайдаланатын болсаңыз, болашақта алар зейнетақыңыздың мөлшері де қомақты бола түсері анық.

 

Ұқсас жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

02.10.2026
Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері бойынша оң динамика сақталып, ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, құрылыс және инфрақұрылым салаларында бірқатар жұмыстар жүргізілуде. Бұл...

Толығырақ...Details

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

02.10.2026
Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

Бүгін Қазан қаласында Қазақстан Республикасының Бас Прокуроры Берік Асылов Шанхай ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекеттердің бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты. Іс-шараға...

Толығырақ...Details

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

02.10.2026
Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

Отбасы – қоғамның тұрақтылығы мен ұрпақ сабақтастығын қамтамасыз ететін маңызды әлеуметтік институт. Сондықтан отбасының құқықтары мен мүдделерін қорғау, ата-аналардың жауапкершілігін...

Толығырақ...Details

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

02.10.2026
Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

1 қазан – Халықаралық қарттар күніне орай Семей қаласында «Қарттарға құрмет – ұрпаққа міндет» атты салтанатты қабылдау өтті. Жиынға Абай...

Толығырақ...Details

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

02.10.2026
Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

Жапонияның Нагоя қаласында өтіп жатқан XX жазғы Азия ойындарында Абай облысының спортшысы Ажар Асхат дзюдодан 70 келіге дейінгі салмақта күміс...

Толығырақ...Details

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

02.10.2026
Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

Семей қаласында Кемел Тоқаев атындағы ІХ республикалық детектив шығармалар байқауының қорытындысы шығарылып, үздік авторлар марапатталды. Биыл алғаш рет Абай облысында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Бородулиха ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытындағы жұмыстар жалғасуда

9 часов бұрын

Қазақстанның Бас Прокуроры Қазан қаласында өткен ШЫҰ-ға мүше мемлекеттер бас прокурорларының 24-ші отырысына қатысты

9 часов бұрын

Отбасы құндылықтарын қорғаудың конституциялық негізі

9 часов бұрын

Абай облысында ардагерлерге құрмет көрсетілді

15 часов бұрын

Ажар Асхат Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды

15 часов бұрын

Семейде Кемел Тоқаев атындағы республикалық детектив байқауының жеңімпаздары анықталды

15 часов бұрын

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

1 день бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 день бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 день бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС