"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ӨЗ ҮЙІМ – ӨЛЕҢ ТӨСЕГІМ

26.06.2018

22 маусым күні қаланың Пристань аумағындағы көктемгі орын алған төтенше жағдайда баспаналары тұруға жарамсыз болып қалған екі отбасыға пәтер кілттері табысталды. Сейіт Жұмаділов ақсақалдың және Марат Зайкеновтің отбасына Жас Алаш, 6 «А» мекенжайындағы жаңадан бой көтерген көп қабатты тұрғын үйден екі және үш бөлмелі пәтер берілді. Қос отбасының қуанышына қала әкімі Ермак Сәлімов те ортақтасып, пәтер кілтін табыс етті. Айта кетейік, үйлері тұруға жарамсыз деп танылған екі отбасыға баспана құнын бағалау мен пәтерді іздестіруді қала әкімдігі өздеріне сеніп тапсырған болатын.

— Қала әкімі Ермак Сәлімов бастаған азаматтарға алғыстан басқа айтарым жоқ. Қала басшысы көктемгі су тасқыны кезінде ешкім де назардан тыс қалмайды деп айтқан еді. Міне, екі бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отырмыз,- дейді бұрынғы Портовый көшесіндегі 44 үйдің тұрғыны Сейіт ақсақал.

Пәтерге қол жеткізген екінші отбасы — Марат Зайкеновтің жанұясы. Бұрын Затондағы Крайняя көшесіндегі 35 үйде тұрған Мараттың отбасы қуаныштан көңілдері толқып жүр.

— 29 наурыздан бері «Семей» қонақ үйін паналадық. Құжаттарымызды жиыстырып, осы үш бөлмелі пәтерге қол жеткізіп отырмыз. «Өз үйім — өлең төсегім» деп қатты қуанып жатырмыз,- дейді отағасы Марат Зайкенов.

Қала әкімі Ермак Сәлімов қуаныш иелерін жаңа қонысымен құттықтады.

— Бүгінгі күні су басқан аудандарда баспаналарды қалыпқа келтіру жұмыстары қарқынды жүруде. Пристань және Затон аудандарында 205 үй зардап шекті. Оның ішінде 9-ы апатты деп танылды. Бүгінгі күні 8 отбасы жаңа үйге қоныс аударып үлгерді. Қуаныш иелері баспананы өздері таңдады. Үйлер республикалық бюджет есебінен сатылып алынды. Ал Бобровка саяжайындағы үйлерді әкімшілік бюджеттен тыс қаражатқа жөндеп беріп жатыр. Бүгін пәтер кілтін алған қос отбасыға шаңырақтары тек қуанышқа толы болсын демекпін,- деді Ермак Бидахметұлы.

Серік ӘБІЛҚАСЫМҰЛЫ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

19.11.2026
«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

Қазақстанның ауқымды «Халықтық құрылыс» бағдарламасы шетелдік EU Reporter басылымындағы мақалаға арқау болды. «Құрылыс және тағы да құрылыс! Қазақстан инфрақұрылымды дамыту...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

23 часа бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

23 часа бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

23 часа бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

2 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

2 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

2 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

2 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

2 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

3 дня бұрын

Камералдық бақылау нәтижесі бойынша жолданған хабарламаларды орындау тәртібі. Салық төлеушілер нені білуі қажет?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС