"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ШАРУАЛАР ЖИЫН — ТЕРІНГЕ ЖИНАҚТАЛУДА

02.08.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Көктемдегі ауа райының қолайсыздығына орай туындаған қиындықтарға қарамастан, күзгі жиын — терін жылдағыдай мөлшерде болады деген болжам бар. Осы және өзге де ауыл шаруашылығы саласына қатысты мәселелер сәрсенбі, 1 тамыз күні Семей қалалық ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаевтың, ауыл шаруашылығы бөлімі тамақ өнімдерін өндіру секторының меңгерушісі Нәби Абылқасымның, ауыл шаруашылығы бөлімінің өсімдік шаруашылығы және техникалық сервис секторының бас маманы Мақсат Әсембаевтың қатысуымен қалалық Ақпарат орталығында өткен баспасөз мәслихатына арқау болды.

Сұрақ — жауап түрінде өрбіген баспаөз мәслихаты барысында алғашқы сауал ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру мәселесіне бағытталды. Тілшілердің сауалына орай жауап қайтарған ауыл шаруашылығы бөлімінің басшысы Нұрлан Шақабаев қазіргі таңда 28 кооператив тіркелгенін айтып, толығырақ ақпараттандырды.

— 2009 жылдан бастап, Мемлекет басшысының тапсырмасына орай, ауыл шаруашылығы кооперативтерін құру қолға алынған. Семей өңірі бойынша 28 коопертив тіркелсе, оның 19-ы жұмыс істеп тұр. Олардың басым бөлігі мал басын асылдандыру бағытында. Себебі өңірімізде, әрбір ауылда асыл тұқымды аналықтар болғанымен, асылдандырылған бұқалардың аздығы өзекті мәселе. Проблеманы шешу бағытында Знаменка ауылдық округінде 104 адамнан құрылған «Қарасу» кооперативі 11 млн. теңге қаржыға ет бағытындағы асыл тұқымды бұқа малын сатып алды. Сол сияқты өзге де бағыттар бойынша жұмыс істеп жатқан кооперативтер бар. Алғашқы кездегідей емес, кооперативтердің алдындағы мәселелер ретімен шешімін табуда. Алдағы уақытта олар мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдауға ие болып, өркендей түседі деп ойлаймын,- деді Нұрлан Нұрғалиұлы.

Баспасөз мәслихатында Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017 — 2021 жылдарға арналған бағдарламасы, асыл тұқымды ет бағытындағы мал басы санын арттыру жайы да айтылды. Сала мамандарының пікіріне сүйенсек, қазіргі таңда Семей өңірі ғана емес, жалпы Шығыс Қазақстан облысы Ресеймен байланыс орнатып, Ангус, қазақтың ақбас сиыры, сүт және ет бағытындағы асыл тұқымды мал импорттау ісін жолға қойған. Сонымен бірге Ресейге ет өнімдері экспортталса, ҚХР-ға ет тасымалдау үшін жұмыс жүргізіліп жатыр.

— Семей өңіріндегі шаруа қожалықтардың басым бөлігі ет бағытындағы мал шаруашылығымен айналысады: 124 қожалық асылдандыру жұмыстарын жолға қойған. Сүт бағытында Озерки, Новобаженово ауылдық округтері еңбек етуде,- деген бөлім басшысы сүт бағытындағы проблеманы да мәлімдеді.

Негізінен, сүт бағытындағы өзекті мәселе — қала маңындағы ауылдық округтердің шаруалары сүттерін сүт өңдеуші кәсіпорындарға тапсырмайды екен. Жиыннан түйгеніміздей, сүт өңдеу орындарына өнім қажет, ал сауын сауып отырған шаруалар қаладағы базарларға келіп, өздері саудалайтын көрінеді. Қазіргі таңда «Қалиханұлы» ШҚ қала маңындағы ауылдардан сүт қабылдап, күніне 4 тонна сүт өңдеп отыр. Десе де өңдеуші шаруа қожалықтарының қуатын бұдан бірнеше есе еселей түсуге мүмкіндік бар. Тек шикізат – сүт табылса болғаны.

— Жаз кезінде ақ басқа мезгілдерге қарағанда мол болатындықтан, баға да литріне 70 — 80 теңгеге дейін төмендейді. Ал қыста ол 180 теңгеге көтеріледі. Сондықтан көктемде және күзде бұзаулайтын сиырлар деп малды екі топқа бөлу қажеттігі жайлы шаруа қожалықтарына кеңес береміз. Қазіргі таңда, статистикалық деректер бойынша, Семей өңірінің өзін — өзі сүтпен қамтуы 40 пайыз. Бұл көрсеткішті арттыру үшін қожалықтарға қолдау танытып, мәселелерін шешіп беруге тырысамыз,- деген Нұрлан Шақабаев «Айша» тауар белгісінің бұған дейін өнімдерін саудалайтын 4 нүктесі болса, соңғы жылдары тағы 3 сауда орны ашылғанын тілге тиек етті.

Ет, сүт мәселесінен кейін тауық еті мен жұмыртқа жайы да жиында талқыланды. Бөлім жетекшілері айтқандай, семейліктер тауық етінен тапшылық көріп отырған жоқ. Ал жұмыртқа жайлы бұлай айта алмаймыз.

— Соңғы 3 жылда «Семей құс» фабрикасының жұмысы белгілі бір себептермен тоқтап тұр. Десе де фабрика заманауи құрылғылармен толықтай қамтамасыз етілген, жұмыс істеуге әзір. 2016 жылы «Алтай инвест» форумында фабриканың жұмысын жандандыратын инвестор іздегенбіз. Қызығушылық танытушы тарап табылмады. Соған қарамастан, құс фабрикасының жұмысын жолға қою үшін әрекеттеніп жатырмыз. Нәтиже болатынына үміт зор. Ал тауық еті бойынша тапшылық жоқ. «Восток бройлер», «Ертіс» тауық фабрикаларының өнімдері тұрғындарға жетеді. Артық тауық еті үшін еліміздің жетекші қалаларынан дистрибьюторлық орталық ашу қолға алынуда,- деген Нәби Абылқасымов аталмыш өндіріс орны қайта іске қосылса, жұмыртқа тапшылығы жойылып, баға саясатының реттелуіне де сеп болатынын айтты.

Айта кетсек, қазіргі таңда, жергілікті өніммен қоса, дүкен сөрелерін толтырып тұрған — еліміздің өзге өңірлерінен және Ресейден әкелінген жұмыртқалар.

Көктемдегі ауа райының қолайсыздығы егіншілерді әуреге салып, қарапайым халықтың санасында «күзде көкөністер қымбаттап кете ме?!» деген күмәнді ой туғызғаны рас. Алайда сала мамандары күзде астық қамбаға толып, жылдағыдай өнім алатындарына сендіріп отыр.

— Биылғы көктем жаңбырлы болғанына қарамастан, 13767 гектар егістік алқабы егілді. Ол өткен жылмен салыстырғанда 860 гектарға артық. Нақтырақ айтсақ, 3 400 гектарға картоп, 570 гектарға дәнді дақылдар, 65 гектарға бақша өнімдері, 883 гектарға майлы дақылдар егілді. Сонымен қатар мал азығына бір жылдық және көп жылдық шөптер, силос бар,- деді ауыл шаруашылығы бөлімінің өсімдік шаруашылығы және техникалық сервис секторының бас маманы Мақсат Әсембаев.

Айта кетсек, жалпы 400 шаруа қожалығы мал бағытында шаруаларын дөңгелетсе, 260 шаруа қожалығы жер игеруге маманданған.

Дәнді дақылдар сияқты, картоп та халықтың сұранысына ерекше ие. Картоп өсіруге берілетін мемлекеттік субсидия екі жылдан бері алынып тасталса да, егістік алқабы өткен жылдармен салыстырғанда қысқармапты. Бөлім мамандарының айтуынша, жоспар бойынша, күзде қамбаға 57 мың тонна картоп түседі деп күтілуде. Мұндай қор болса, Семей өңірінің сұранысы толықтай өтеліп, бағаның да тұрақты болатыны сөзсіз. Көкөніс өнімдері арасында пияз алқабы аз болғандықтан, өзге өңірлердің пиязын пайдалануымыз мүмкін.

Жалпы, қамбаға түскен өнімді ұқсатып, тұрақтандыру қорларында сақтаудың өзі үлкен маңызға ие. Өңірімізде 45 мың тонна көкөніс өнімдерін сақтауға арналған арнайы орын бар. Яғни, сақтау мәселесінен қиыншылық тумайды.

Жиын барысында аталған басты мәселелердің бірі – соя дақылы мен қарақұмықты жаңа технология бойынша өсіруді қолға алу. Ата кәсіп деп айта алмасақ та, соя мен қарақұмық алқабының көлемі жыл санап артып келе жатқаны көңілге қуаныш ұялатады.

Жалпы, баспасөз мәслихатында осы және өзге де мәселелер кеңінен талқыланды. Бір сөзбен айтсақ, Семей өңірінің ауыл шаруашылығы саласы өткен жылдардағы қарқынмен дамуда. Егілген егін берекесімен жиналса, сол абырой болмақ.

Әйгерім СӘРСЕНҚАЛИ, «Семей таңы»

Ұқсас жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

18 часов бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

18 часов бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

21 час бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

21 час бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

21 час бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

21 час бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

22 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

22 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

22 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

22 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС