"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

СУ ҚҰБЫРЛАРЫН ЖАҢАРТУ ЖҮЗЕГЕ АСЫРЫЛУДА

03.09.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қаласының баспасөз орталығында ҚР Ұлттық экономика министрлігінің Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Вера Болтовская және «Семей — Водоканал» кәсіпорнының директоры Еркен Сағандықов БАҚ өкілдерімен кездесті. Жиында 2017-2018 жылдарға арналған сумен қамтамасыз ету және санитарлық-эпидемиологиялық қызмет бойынша тарифтік сметада қарастырылған шығындарды пайдалану, күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мен инвестициялық бағдарламаларды орындау турасында айтылды.

Биыл Семейде жалпы құны 69 млн. 622,8 мың теңгені құрайтын су құбырлары мен кәріз жүйелерін күрделі жөндеуден өткізу жоспарланыпты. Қаржының 38 млн. 202,36 мың теңгесі игеріліп, қажетті материалдар сатылып алынды, әрі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Кәсіпорын қарамағында 468,7 шақырым су құбырлары жүйелері бар болса, оның 1,135 шақырымы күрделі жөндеуден өткен екен. Бұл туралы «Семей — Водоканал» МКК директоры Еркен Сағандықов мәлім етті.

«Нұрлы жол» инфрақұрылымды дамыту бағдарламасы шеңберінде кәсіпорын балансындағы бірнеше нысандар бойынша 2016-2017 жылдар аралығында үш жоба жүзеге асырылған-ды. Атап айтар болсақ, Қарағайлы шағын ауданы, Контрольный кентінде су құбырларының құрылысын салу, Қарағайлы ауданындағы тұрғын үйлерге кәріз жүйелерін жүргізу жобаларын іске асыру мақсатында 465,4 млн. теңге бөлінген.

— 2017-2018 жылдарға Ұлттық қордан 2,453 млрд. теңге сумен қамту және суды бұру жұмыстарын қайта жаңғыртуға бөлінді. Бұл ретте 4 жоба жүзеге асырылуда. Ш.Уәлиханов – Қосанов — Аюченко көшелеріне дейінгі су құбырлары, Қайнар ауылындағы су құбырлары, Шүлбі кентіндегі су бұру жүйесі, сондай-ақ «Затон» су тоғаны мен су құбырлары желілері қайта қалыпқа келтіріліп жатыр,- дейді «Семей — Водоканал» МКК директоры Е.Сағандықов.

Осыдан үш жыл бұрын «Семей — Водоканал» МКК және Еуропалық қайта құру және даму банкі арасында жаңа жобаны қаржыландыру үшін 1 156 300 000 теңгеге несиелік шарт жасалған болатын. Жобаның жалпы құны 2 585 562 000 теңгені құрайды. Қаражаттың 5,34 пайызы жергілікті бюджетке, 42,07 пайызы ҚР Ұлттық банкіне тиесілі болса, қалғаны Еуропа қайта құру және даму банкінің еншісінде.

Ал Приоритеттік инвестициялау бағдарламасы аясында қолға алынған жобалардың бірі – «Семей қаласының су құбырлары және су бұру жүйелерін жаңғырту». Несиелік келісімшартқа сәйкес, 10-нан астам іс-шараларды жүзеге асыру жоспарланған болатын. Оның ішінде су сору стансаларын, су бөгеттерін, су бұру стансаларын жаңарту, су құбырларын және кәріз жүйелерін қайта қалыпқа келтіру, мамандандырылған автомобиль техникаларын, лабораториялық құрылғыларды, суды залалсыздандыру құралдарын сатып алу, гидрогеологиялық зерттеулер жүргізу, ақпараттық басқару жүйесін енгізу сияқты бірсыпыра жұмыстар бар.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

10.11.2026
Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

Қазіргі уақытта қаржы ресурстарын тиімді пайдалану, медициналық көмектің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету, сондай-ақ саланы кадрлармен қамту мәселелері өзекті. Денсаулық...

Толығырақ...Details

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

10.11.2026
Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

Қазақстан Республикасы Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігінің Ұлттық статистика бюросы жаңартылған «Талдау» ақпараттық-талдамалық жүйесінде AI TALDAU интеллектуалды көмекшісін іске қосты....

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

21 час бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

22 часа бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

2 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

2 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

2 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

2 дня бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

2 дня бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 дня бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

2 дня бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС