"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«ТҮНГІ СОТТАР» ТӘЖІРИБЕГЕ ЕНГІЗІЛЕДІ

18.09.2018
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

13 қыркүйек күні Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында қала судьялары, прокурорлар және адвокаттар алқасы, жергілікті полиция өкілдерінің қатысуымен «Түнгі сот» пилоттық жобасы тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Отырыс барысында «Түнгі сот» пилоттық жобасымен әкімшілік құқық бұзушылықтарды кешкі уақытта қарау мүмкіндіктері талқыланды. Спикерлердің айтуынша, сот үрдісіне қатысушылардың уақытын үнемдеуге мүмкіндік беретін кешкі отырыстар әлемдік тәжірибеде бұрыннан қолданылып келеді. Кешкі отырыс тұрғындардың уақытын зая кетірмеуге мұрсат беріп, мәселелердің жылдам шешілуіне ықпал етеді.

Айта кетейік, Қазақстанның мақсаты – құқықтық мемлекет құру, дамыған отыз елдің қатарына кіру. Соған сай, әр салаға озық үлгілерді енгізіп жатыр. Жемқорлықты жеңген ел қатарындағы Сингапур — өзін қай жағынан да әлемге мойындатқан мемлекет. Содан болар, соңғы жылдары Қазақстанның сот жүйесіне осы мемлекеттің тиімді тәжірибелері молынан алынып, екі ел соттары арасындағы ынтымақтастық жылдан-жылға нығаюда. Мысалы, Сингапурда түнгі соттар жедел, оның ішінде жол көлік оқиғасы мен отбасындағы зорлық-зомбылыққа қатысты істерді сағат 18.00-ден бастап аптасына 4 рет қарайды екен. Айта кетерлігі, жоба азаматтардың құқықтарын қорғау, сот ісін жүргізуді жылдамдату мен жеңілдету мақсатында енгізілуде.

Түнгі соттардың жұмыс уақыты қандай болады десек, мамандар оның 18:30-дан 22:00-ге дейінгі аралықты қамтығанын құп көріп отыр. Ал нақты қандай істер қаралатынына келсек, жобада, негізінен, әкімшілік құқық бұзушылық туралы, мәселен, жол-көлік оқиғаларына, тұрмыстық-отбасылық кикілжіңдер, ұсақ бұзақылық, миграцияға қатысты кейінге қалдыруға болмайтын істерді аптасына 5 рет қарау ұсынылды. Мамандар пікірінше, түнгі соттар қажеттілігі жолда жүру ережелерін бұзғандардың көбеюіне қатысты туындауда. Іс қаралмас бұрын, тараптар оқиғаға байланысты сауалнама толтырады.

Семей қаласының мамандандырылған әкімшілік сотының төрағасы Айтжамал Молдағожинаныңайтуынша, істің түнгі сотта бірінші талқылауда-ақ тез шешілуі тараптардың одан әрі дау тудыруын тоқтатуға ықпал етеді. Шетелдік тәжірибе осыны көрсеткен.

ҚР Жоғарғы Соты тарапынан көтерілген «Түнгі соттар» пилоттық жобасы қазіргі қоғамның сұранысына дөп келіп тұр. Жолдағы оқиғалар, отбасылық жанжалдар, ұсақ бұзақылықтар аяқ астынан болады. Сондайда істі басқа күнге қалдырмай тез шешу, уақытты үнемдеумен қатар, заңдылықты қалпына келтіреді. Яғни, істің жылдам қаралуы сот әділдігін орнатуға ықпал етеді. Өйткені оқиғаның ізі суымайды. Пилоттық жобаның алдымен әкімшілік соттарға қосылуы құптарлық. Себебі әкімшілік істер созбалаңға салуды көтермейді. Сот әділдігі жоғары деңгейде болуы керек.

Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша, кездесуге қатысушылар азаматтардың құқығын қорғау мүмкіндігін кеңейтетін, әділеттіліктің ыңғайы мен әсерлілігін арттыратын «түнгі сот» жобасының пайдалы болатынына сенім білдірді.

 

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы.

 

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

12 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

12 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

12 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС