"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒА МЕН ШАМА

18.09.2018

Жұма, 14 қыркүйек күні қала әкімдігінде шаһар басшысының орынбасары Қайрат Ерембесовтің төрағалығымен әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселелері жөніндегі штабтың кезектен тыс отырысы болып өтті. Жиынға Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің ШҚО бойынша департаменті басшысының орынбасары Наталья Петрова қатысты. Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сауда секторының меңгерушісі Айжан Хасенованың әлеуметтік маңызға ие азық-түлік тауарларының бүгінгі бағалары жөніндегі есебі тыңдалып, штаб мүшелері азық-түлік қауіпсіздігін сақтау, бағалардың тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелерін қозғады.

Кәсіпкерлік бөлімнің мәліметіне сәйкес, осы жылдың тамыз айында әлеуметтік маңызды үш тауардың бағасы өскен. Мәселен, күнбағыс майының бағасы 0,5, құс еті 2,3, сәбіз 4,5 пайызға көтерілген екен. Ал картоп бағасы 17,2, орамжапырақ 12,5 пайызға төмендеді. Ұн, бірінші сұрыпты ұннан жасалған нан, дәнді дақылдар, қант, сиыр еті, пастерленген сүт, күріш, тұз сияқты азық-түліктердің бағасында тұрақтылық байқалады.

— Азық-түлік өнімдері қоры таусылып қалса, тауарлар жаңа бағалармен қайта сатылып алынады. Дәл қазір бағаны тұрақтандыруды қатаң қадағалауымыз керек. Ірі көтерме сауда компанияларымен тығыз байланыста болу қажет,- деген Қайрат Ерембесов штаб мүшелеріне әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағаларының негізсіз өсуін болдырмауды, тұрақты түрде мониторинг жүргізуді тапсырды.

Семей қалалық кәсіпкерлік бөлімінің сауда секторының меңгерушісі Айжан Хасенованың баяндауынша, ағымдағы жылдың 4-11 қыркүйек аралығында тек тауық жұмыртқасының бағасы өскен. Қалған азық-түліктің бағасы сол қалпында сақталған. Азық-түлік өнімдерін тиімді бағамен сату мақсатында кәсіпкерлік бөлімі мен ірі кәсіпорындар арасында 160 меморандумға қол қойылыпты. Осы келісім аясында 133 рейд жүргізілген екен. Жуырда, 12 қыркүйекте, мониторинг жүргізу тобы Мирный кенті, 1-ші шағын аудан, 343, 342, 72-квартал, облыстық аурухана, Глинка көшесі аумақтарындағы сауда нысандарын аралап, тексеру жұмыстарын жүргізген. Мониторинг қорытындысы бойынша, әзірге азық-түліктердің бағасы бірқалыпты екені анықталды.

Жібек СЕРҒАЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

21.11.2026
БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

Тоқаевтың бастамасы Абу-Дабиде су саласындағы халықаралық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мәселелері аясында талқыланады. Қазақстанның Халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысын...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

«АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысында Мемлекет басшысының «Халықтық құрылыс» бастамасы және оны өңірде жүзеге асыру жолдары талқыланды. Отырыста Абай облысы...

Толығырақ...Details

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

20.11.2026
«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына Жолдауында инклюзивті білім беру мәселесіне назар аударылды. Бұл мәселе Абай облыстық «АйтClub» интеллектуалды клубының...

Толығырақ...Details

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

20.11.2026
Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

Абай облысында қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өңірлік даму мәселелерін сарапшылармен бірге талқылауға арналған «АйтClub» интеллектуалды клубының алғашқы отырысы өтті. Жаңа пікірталас...

Толығырақ...Details

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

19.11.2026
66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

«Кітап оқитын ұлт» республикалық марафоны 66-күнге жетті. Осы уақыт ішінде қатысушылар 1,5 миллионнан астам кітап оқыды. Қазір қатысушылар марафонның бесінші...

Толығырақ...Details

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

19.11.2026
Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында көтерілген «Халықтық құрылыс» бастамасы, экономиканы әртараптандыру, көлік-логистика инфрақұрылымын дамыту және еңбек адамдарының әл-ауқатын арттыру мәселелері...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

БҰҰ-да Қазақстанның халықаралық су ұйымын құру туралы ұсынысы қаралады

1 день бұрын

«АйтClub» алаңында «Халықтық құрылыс» бастамасын өңірде іске асыру жолдары талқыланды

2 дня бұрын

«АйтClub» алаңында инклюзивті білім беру мәселелері талқыланды

2 дня бұрын

Абай облысында «АйтClub» интеллектуалды клубы жұмысын бастады

2 дня бұрын

66 КҮНДЕ 1,5 МИЛЛИОН КІТАП: «ТАЛАПТЫ ОҚЫРМАН» БЕЛГІСІНІҢ АЛҒАШҚЫ ИЕГЕРЛЕРІ АНЫҚТАЛДЫ

3 дня бұрын

Жолдау міндеттері: инфрақұрылымды жаңғырту, өндірісті дамыту және халықтың табысын арттыру

3 дня бұрын

«Құрылыс және тағы да құрылыс!»: шетелдік БАҚ Қазақстанның инфрақұрылымға инвестиция салу тәжірибесі туралы

3 дня бұрын

Энергетикалық қауіпсіздік: Қазақстанның тұрақты дамуы үшін инфрақұрылымды жаңғырту маңызды

3 дня бұрын

Адамның қадір-қасиеті мен жеке бас бостандығы – Конституция қорғауындағы құндылықтар

3 дня бұрын

Шындық пен жауапкершілік: Абай облысының журналистері студенттермен кәсіби этика мәселелерін талқылады

4 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС