"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚЫСҚА ДАЙЫНДЫҚ ХАЛЫҚ ҚАЛАУЛЫЛАРЫ НАЗАРЫНДА

03.10.2018
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 27 қыркүйек күні қалалық әкімдікте қалалық мәслихаттың кезекті, 29 сессиясы болып өтті. Бұл жолы күн тәртібінде сегіз мәселе қаралды.

Сессия барысында өткен жылу маусымының қорытындысы және қаланың биылғы қысқа дайындығы туралы тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Амантай Өтелбаев баяндама жасады. Оның сөзіне сүйенсек, жылу мен су мекемелерінің қысқа әзірлігі 95 пайызды құрап отыр.

— Қаланы жылумен қамту «Жылукоммунэнерго» кәсіпорнының 17 жылу орталығы, 16 қазандығы, 1 ЖЭО арқылы 72 жылу пункттері бойынша жүзеге асырылады. Шаһарда барлығы 68 қазан агрегаттары мен 313 мың құбыр бар,- деді Амантай Өтелбаев мәслихат депутаттары алдындағы есеп беруінде. – Қала әкімінің тапсырмасы бойынша Семейде 20 жыл болмаған ыстық су мәселесі шешіліп, тұрғындар жаз мезгілінде жылы сумен қамтамасыз етілді. Шаһар басшысының орынбасары Николай Ушаковтың төрағалығымен штаб құрылып, жылу орталықтары мен әлеуметтік мекемелердің, көп қабатты тұрғын үйлердің қысқа дайындық барысы апта сайын тексеріліп отыр. Қазанның бірінен бастап ауруханалар мен мектептерге жылу беріледі. Бүгінгі күні қажетті 80 мың тонна көмірдің 58 мың тоннасы түсірілді. Күнделікті 30 вагон қатты отын жеткізілуде. 15 қазанға дейін көп қабатты үйлер де жылумен қамтамасыз етіледі,- деді А.Өтелбаев.

Мәслихат депутаты Қайрат Құсайынов бөлім басшысынан Комсомол көшесіндегі қоқыстарды шығару мәселесін жолға қоюды сұрады. «Комсомол көшесінің шеткі аймақтарын қоқыстан тазарту мәселесін бірнеше мәрте көтергенмін. Басталғанымен, үнемі аяқсыз қалады. Бұл іс қашан шешімін табады?»- деген депутат сауалына Амантай Хайроллинұлы бюджеттен қаржы қарастырылғанын айтып: «Қазір тазалау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазан айының соңына дейін аяқталатын болады»,- деп жауап қайырды.

Сондай-ақ депутаттар жеке сектордағы тұрғын үйлер үшін көмірдің жеткіліксіз екендігін айтты.

— Қалада Қаражыра көмірін сатумен айналысатын «Жігер-СТ» ЖШС-нің тек үш нүктесі ғана жұмыс істеп тұр. Ол аздық етеді. Шілде айының аяғында 5-10 мың тонна көмір қоймада болуы тиіс еді. Бірақ қыркүйекте ғана 1000 тонна көмір жеткізілді — деді қалалық мәслихат депутаты Нұрғазы Қайырбеков.

— Кәрменов көшесіндегі 113, 123-ші үйлердің тұрғындары судың ақшасын уақытында төлеп отыр. Бірақ 1970 жылдары салынған құбырлар күрделі жөндеу көрмеген. Құбыр жарылса, тиісті мекемелер бұл үйлердің олардың теңгеріміне қарамайтынын айтып, көмек көрсетуден бас тартады. Алайда тұғындардан су үшін ақша алып отыр,- деді депутат Қ.Құсайынов.

Бұл ретте Амантай Хайроллинұлы Кәрменов көшесіндегі тұрғын үйлердің тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің теңгерімінде екенін айтып, құбырды жөндеуден өткізуге қатысты жобаның дайындалып жатқанын жеткізді.

Сессияда қаралған екінші мәселе үкіметтік емес ұйымдарға мемлекет тарапынан көрсетілетін қолдау жайлы болды. Бұл туралы ішкі саясат бөлімі басшысы Нұржан Есенжоловтың есебі тыңдалды. Оның айтуынша, бүгінде Семейде 160-тан астам үкіметтік емес ұйым тіркелген. Оның ішінде 4 саяси партия филиалы, 30-дан астам жастар ұйымы, 35 діни, 6 кәсіподақ бірлестігі, 21 этномәдени орталық және басқа да әлеуметтік-құқықтық, отбасылық–демографиялық саясат жөніндегі және спорт, білім салаларына қатысты ұйымдар жұмыс істеуде.

— Семей қаласында үкіметтік емес ұйымдарды қолдау бағдарламасы 2007 жылы қабылданды. Уақыт ағымына қарай лот тақырыптары жаңарып, қаржыландыру көлемі ұлғайып келеді.  Ағымдағы жылы қоғамдық бірлестіктерді қаржыландыру көлемі 6 млн. теңгені құрады. Қазіргі күні мемлекеттік тапсырыс негізіндегі конкурс аясында 5 лот жүзеге асуда: 2030 жылға дейінгі ҚР-ның отбасылық және гендерлік саясат жөніндегі тұжырымдамасын жүзеге асыру; қаланың тұрақты дамуына, қоғамның бірігуіне, халық бірлігін нығайтуға мониторинг жүргізу; үкіметтік емес ұйымдарға инвестициялар тарту, оқыту; «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру аясында шаралар ұйымдастыру және жылына бір рет қаланың үкіметтік емес ұйымдарының форумын өткізу,- деді Н.Есенжолов.

Өз кезегінде мәслихат депутаттары қолға алынып жатқан жобаларды жергілікті телеарналар арқылы халыққа жеткізу қажеттігі жайлы ой тастады.

Шаған кенті әкімінің мәслихат депутаттары алдындағы есебінен соң кенттегі мектеп жайы қозғалды. Қазір елді мекендегі бір қабатты мекемеде 70 бала екі ауысымда білім алуда. Төрт сыныбы бар мектепте асхана мен спорт залы да, медициналық пункт те жоқ.

Білім бөлімі басшысының айтуынша, оқу орнына құрылыс жұмыстарын жүргізуге 394 млн. теңге, ал жаңа мектеп салуға 420 млн. теңге қажет екен. Кенттегі оқушы санының аздығын алға тартқан білім бөлімінің басшысы жаңа мектеп салудың тиімсіз екенін айтады.

— Әрбір оқушының тегін білім алуға құқығы бар. 70 бала болса да жақсы жерде білім алуы қажет. Шаған темір жол бекеті бойында орналасқандықтан, бұл кент жойылып кетпейді. Сондықтан жаңа мектеп салынуы тиіс,- деді мәслихат депутаты Бауыржан Қайрамбаев.

Қалалық мәслихат отырысында сондай-ақ Семей қаласының әуежайындағы жөндеу жұмыстарының қорытындысы тыңдалып, «Таза қала» жоспарын әзірлеу, қаланың агроөнеркәсіптік кешенін дамыту, тұрғын үй көмегінің мөлшерін белгілеу, «Әйелдер істері және отбасы-демографиялық саясат жөніндегі қалалық комиссияның дербес құрамдарын бекіту туралы» 2017 жылғы 29 наурыздағы Семей қаласы мәслихатының шешіміне өзгерістер енгізуге байланысты мәселелер қаралды.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы».

Ұқсас жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

10.11.2026
Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

Қазақстанның экономикалық дамуы мен халықаралық бәсекеге қабілеттілігін арттыруда цифрлық технологиялардың маңызы артып келеді. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың соңғы Жолдауында жасанды...

Толығырақ...Details

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

10.11.2026
Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

Отбасы – қоғамның негізгі тірегі, ал оның тұрақтылығы мен әл-ауқаты мемлекеттің әлеуметтік дамуы үшін маңызды. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында отбасы...

Толығырақ...Details

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

10.11.2026
Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

10.11.2026
«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

Тіл – адамдардың бір-бірімен түсінісуіне көмектесетін маңызды құрал. Біз тіл арқылы өз ойымызды жеткіземіз, білім аламыз және айналамыздағы адамдармен қарым-қатынас...

Толығырақ...Details

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

10.11.2026
Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

Абай облысында республикалық маңызы бар «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолының 111 шақырымында жөндеу жұмысы толық аяқталды. Осылайша Семей қаласынан...

Толығырақ...Details

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

10.11.2026
Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

«Қазақ тілі» қоғамы – мемлекеттік тілдің мызғымас тұғырын нығайтып жүрген аса маңызды құрылым. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақ...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

1 час бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

1 час бұрын

Өтініш бермей тұрып-ақ: қызмет алушылардың құқықтарын қорғау қалай өзгерді

1 час бұрын

«Цифрлық дәуірдегі сөйлеу мәдениеті: тілдік сауаттылық пен тиімді коммуникация»

2 часа бұрын

Абай облысындағы «Семей – РФ шекарасы» автомобиль жолы жаңартылып, пайдалануға берілді

3 часа бұрын

Қазақ тілінің абырой-беделін арттыру үшін табанды жұмыс істеуіміз керек – Президент

3 часа бұрын

Қазақ тілінің конституциялық мәртебесі тайға таңба басқандай жазылды — Президент

3 часа бұрын

Халқымыздың мұрасы мен рухани байлығы цифрлық кеңістікте сақталуы тиіс — Президент

3 часа бұрын

Қазақстан Орталық Азияда туризмді дамыту жөніндегі әлемдік рейтингте көш бастады

3 часа бұрын

«Әділетті қоғамға – шыншыл сөз»: Семейде Президент кітабының мазмұны талқыланды

3 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС