"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АЗАМАТТАРДЫ ҚАБЫЛДАДЫ

09.10.2018
11
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 27 қыркүйек күні «Нұр Отан» партиясы Семей қалалық филиалының ғимаратында Семей қаласы Ішкі істер басқармасының басшысы Дулат Қазақбаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауға келгендер, негізінен, құқықтық қатынастарға қатысты түйткілді мәселелерін ортаға салды.

Кез келген мемлекеттің басты құндылығы адам мен оның құқықтары екені сөзсіз. Сондықтан мемлекеттік орган үшін халықтың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдау аса маңызды. Қоғамдағы қордаланған мәселелерге және жеке басына қатысты сұрақтарына жауап іздеген тұрғындар қабылдауға жазылып, тұшымды жауаптар алды. Арыз-шағымдарын айта келген тұрғындардың көбі әлеуметтік мәселелерді көтерді. Сондай-ақ құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қоғамдық тәртіпті қадағалау шараларына көңілдері толмайтындарын жеткізді.

Қабылдауға келген  Силикатный кентіндегі 9-үйдің тұрғыны  Гүлжан Селеубаева учаскелік полиция жұмысына сын айтты. Оның сөзінше, көршілерімен арадағы дау-дамайдың туындағанына 7 жыл уақыт өтіпті. Оған себеп ащы суға сылқия тойып алатын көршісі ауланың тыныштығын бұзып, маза бермейтін көрінеді. Осы орайда көршісін айыптап талай мәрте сотқа жүгінген Гүлжан Селеубаева іс сотқа дейін ғана қаралып, айыпталушы тек айыппұл төлеумен шектелетініне наразы. Учаскелік полиция инспекторының сөзіне сүйенсек, арадағы кикілжіңдерге қатысты жағдайлардың бәрі заң негізінде қаралып, жан-жақты тексерілген. Дегенмен мәселенің байыбын түсінген басқарма басшысы Г.Селеубаеваның өтініші негізінде істі қайта қарауды учаскелік полиция инспекторына тапсырды.

Қала тұрғыны, зейнеткер Иван Демидов көршісінің түн ішінде жұмыс істеп, мазасын алатынын айтып арыз жазып, учаскелік полицияға бірнеше рет шағымдағанын жеткізді.

— Мен көршілеріме жұмыс істемесін демеймін. Бірақ түнгі сағат он бірден асқан соң жұмысты доғару керек қой. Біз зейнеткерлік жастағы қариялар болған соң, қатты дыбыс, шудан ұйықтай алмаймыз. Түн ауа жұмыс істеулерін қойып, тыныштық беру үшін осыған бір шара қолданылса екен деймін,- дейді Иван Демидов.

Қарияның арыз-шағымын мұқият тыңдаған ІІБ басшысы осы мәселе бойынша бүгіннен қалмай аталған тұрғын үй секторы тексеріліп, рейдтік жұмыс жүргізіліп, шара қолданылатынын жеткізді.

ІІБ басшысы Дулат Қазақбаев барлық сұрақтар бойынша заң нормаларын жан-жақты түсіндіріп, өз орынбасарларына тиісті тапсырмалар берді.

— Жеке қабылдауға азаматтар кәсіптік құқықтық көмек алуға, сондай-ақ түйткілді мәселелерінің шешімін табуға үміт артып келеді. Полицияға шағымданған әр азамат арыздың жан-жақты қаралып, кінәлі тұлғалардың жауапқа тартылатынына сенеді. Келіп түскен әрбір шағым мен арызды жіті қарап, заң шеңберінде әрекет етуге тиіспіз, бірде-бір шағым ескерусіз қалмауы керек,– деді ІІБ басшысы жиын соңында.

Қуандық НӘСІПБЕКОВ, Семей қаласы.

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

21 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

21 час бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

22 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

23 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС