"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҮЛЕКТЕРДІҢ ТАРТУЫ

22.10.2018
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сейсенбі, 9 қазан күні Ертіс ауылдық округіне қарасты Мұқыр ауылында жастардың қолдауымен елді мекенге кіреберіс жолға арка орнатылып, салтанатты түрде ашылды. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласынан туындаған «Туған жер» бағдарламасына орай, жер-жерлерде елжанды азаматтар  бастамалар  көтеріп, туған өлкесінің өркендеуіне үлес қосуда. Елді мекеннің атауын білдіріп қана қоймай, ауылдың ажарын ашып тұрған Мұқыр ауылындағы кіреберіс қақпа — сөзіміздің айғағы. Салтанатты шараға ауыл тұрғындары және ауыл әкімі қатысты.

Алғашқы құттықтау сөз ауыл әкіміне берілді.

— Құрметті қауым, ауылдастар, қонақтар! Міне, бүгін сіздер 2008 — 2013 жылғы мектеп түлектерінің бастамасымен қолға алынып, орта буын өкілдерінің қолдауымен жүзеге асырылған істің куәсі болып отырсыздар. Мектебімізден түлеп ұшқан шәкірттеріміз өздерінің туған жеріне деген патриоттық сезімдерін білдіріп, тамшыдай болса да үлестерін қосып отыр. Бұл ауыл жастарының ерекеше сыйы деп білемін. Осындай көз тартарлық арка орнатып бергендеріңіз үшін әкімшілік атынан алғысымды білдіремін,- деді Ертіс ауылдық округінің әкімі Хасен Сейітхасимов.

Елді мекеннің атын үлкен етіп жазып қою үрдіске айналды. Жақсы үрдіс. Өйткені ауылға кіреберісте еңселі, айшықты, сәні мен салтанаты келіскен қақпа тұрса, риза пейіліңізді танытып, «па, шіркін!» деп өтпейсіз бе ауылға қарай. Қазір әсіресе жан-жақта түрлі салада еңбек етіп жүрген, туған жеріне оқта-текте ғана сағына жететін азаматтар ауылына бір белгі қалдыруды армандап-ақ жүретін сияқты. Иә, Мұқыр ауылында жақсы бір үрдіс қалыптасқан екен. Білім ошағын тамамдағанына 5, 10, тіпті 20 жыл болған түлектер ауылдарына қарайласып, атамекенін көркейтуде ауызбіршілік танытып, игілікті істің ұйытқысы болып жүрген көрінеді.

Аталған шарада осы тағылымы мол іске өз үлестерін қосқан ауыл тұрғындарына алғыс хаттар табысталды. «Өскелең ұрпаққа үлгі болсын деген ниетпен біз ауылдастардың еңбегін бағалап, құрмет көрсетіп отырмыз»,- дейді. Осы игілікті істің басы-қасында жүрген ауыл азаматтары да өз пікірлерін білдірді:

—  Сыныптастарымызбен  ақылдаса келе осы нысанды салу жағын ойластырдық. Туған жерімізге ескерткіш болсын, әрі пайдамыз тисін деген ниетпен кіреберіс қақпа орнатуды ұйғардық. «Көп түкірсе — көл» деген. Алғашында қолымыздан келер ме екен деген күдіктің де болғаны рас. Дегенмен барлығымыз жұдырықтай жұмылып, білек сыбана кірісіп кеттік. Біздің бастамамызға қолдау білдірген ауыл тұрғындарына және өз ісінің шебері, дәнекерлеуші ағамыз Шалқар Сағымбаевқа 2008-2013 жылғы түлектер атынан үлкен рақметімізді айтамыз,- дейді Нұрлыбек Ерқұлан есімді ауыл мектебінің түлегі.

Ауылдың көркі осындай әдемі нысандар, жерлестердің береке-бірлігі екені сөзсіз. Бұл орайда мұқырлықтар ауылдарының гүлденуіне жарыса үлестерін қосып жатыр. Ауылдағы ағайын да түлектерге алғыстарын жаудыруда. Осындай туған жерді көркейтуге бағытталған бастамалар жалғасын таба берсін деп тіледік.

Қуандық НӘДІРБЕКҰЛЫ, Семей қаласы

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

4 часа бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

4 часа бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

8 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС