"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«АВТОБУС» ЖЕДЕЛ АЛДЫН АЛУ ШАРАСЫ ӨТКІЗІЛДІ

26.10.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен аптада Ішкі істер басқармасының өкілдері мен жолау-шылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі қызметкерлерінің ұйымдастыруымен «Автобус» жедел алдын алу шарасы өткізілді. Негізгі мақсат — көлік апатының алдын алу, сондай-ақ жолаушыларды тасымалдау талаптарын күшейту, жүргізушілердің рұқсат құжаттарының дұрыстығын тексеру.

Қоғамдық көлікті күнделікті пайдаланамыз. Қарапайым халықтың көпшілігінің тіршілігі қалаішілік автобустармен тікелей байланысты. Өйткені онсыз шаруамыз бітпейді. Жасыратыны жоқ, сол қоғамдық көліктердің кейбірінің сапасы сын көтермей жатады. Тазалық пен тәртіп, мәдениет, жолаушыларды шамадан тыс отырғызу, бірімен-бірі жарысу сияқты кемшіліктер орын алып жатады. Міне, осындай жағдайлардың алдын алу мақсатында жүргізілген тексеріс кезінде жүргізушілердің бірінің құжаты қате болса, кейбір автобустардың техникалық жағдайы талапқа сай келмейтіні анықталды. Мамандардың айтуынша, 25 құқық бұзушылық анықталып, жүргізушілерге айып-пұл салыныпты. Атап айтсақ, ереже бұзушылардың арасында жылдамдықты асыру, ұялы телефонмен сөйлесу секілді заңға қайшы әрекеттер тіркелген.

Семей қалалық ішкі істер бөлімінің жол және техникалық инспекция тобының мемлекеттік автоинспекторы, полиция аға лейтенанты  Аслан Рахимжанов кезекті рейд жайлы түсіндіріп өтті.

— Қазіргі уақытта біздің қызметкерлер жолаушылар тасымалымен айналысатын авто-көлік кәсіпорындары мен жеке кәсіпкерлер тарапынан азаматтарды тасымалдау кезіндегі қауіпсіздік талаптарының орындалуын тексеру жұмыстарын жүзеге асыруда. Әсіресе қаладағы автобустардың техникалық жай-күйіне, жүргізу-шілердің жол қозғалысы ережелерін мұқият сақтауына ерекше назар аударылуда. Мұнымен бірге техникалық жағдайы жол қозғалысы қауіпсіздігі талаптарына сәйкес келмейтін автобустарды пайдалануға тыйым салуға байланысты шаралар да қабылданады,- деді полиция аға лейтенанты.

Сондай-ақ тәртіп сақшы-ларының айтуынша, құқық бұзушылыққа екінші қайтара жол берген автобус жүргізушілері жол қозғалысы ережелері біліктілігін тексеруге жіберіледі, ал тиісті қаулы шығарылғаннан кейін екі ай ішінде емтихан тапсырмаған жағдайда, Қазақстан Республикасының «Жол жүрісі туралы» Заңына сәйкес, іс материалдары көлік құралын басқару құқығынан айыру туралы шешім шығару үшін сотқа жіберілетін болады.

Үш күндік шара аясында көлік басқару құқығынан айырылған жүргізушілердің көлік жүргізуі, сақтандыру полисінің болмауы, маневр жасау қағидаларын бұзу, апатты жағдайлар туындату, қозғалыс кезінде ұялы телефонды пайдалану, жылдамдықты шамадан тыс асыру, көлік құралының аялдау ережесін бұзу және тағы басқа да фактілерді анықтауға ерекше назар аударылды,- дейді мамандар.

Жергілікті полиция қызмет-керлері жүйелі түрде өткізіліп отыратын «Автобус» жедел алдын алу шаралары жолаушылар тасымалдайтын автокөліктердің қатысуымен орын алатын жол-көлік оқиғаларының  жолын кесіп, санын азайтуға септігін тигізетінін айтады.

Қ.НӘСІПБЕКОВ,«Семей таңы»

 


Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

59 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

1 час бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

5 часов бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС