"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АУЫЛ КӘСІПКЕРЛЕРІНЕ ҚАРЖЫЛАЙ ҚОЛДАУ КӨРСЕТІЛУДЕ

26.10.2018
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бүгінде мемлекет тарапынан ауыл шаруашылығын өркендетуге баса назар аударылып отырғаны белгілі. Республика көлемінде түрлі бағдарламалар іске қосылып, кәсіпкерлерге қолдау көрсетілуде. Айталық, саланы дамытуға «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» акционерлік қоғамы да өз үлесін қосып келеді. Ауыл кәсіпкерлеріне жеңілдетілген несие берумен айналысатын қордың Семей қаласындағы бөлімшесі 2013 жылы ашылған. Жуырда аталмыш акционерлік қоғамның Шығыс Қазақстан филиалындағы бөлім басшысының орынбасары Жанат Какимановамен сұхбаттасудың сәті түскен еді.

— Жанат Ғабдулғайқызы, «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ-ның негізгі бағыты жайлы айта кетсеңіз. Ауыл кәсіпкерлері тарапынан жеңілдетілген несие алуға сұраныс көп пе?

Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қорының негізгі мақсаты – ауыл кәсіпкерлеріне қолдау көрсетіп, жеңілдетілген несие беру. Қордың Шығыс Қазақстан филилалы Өскемен қаласында орналасқандықтан, Семей бөлімшесі Бородулиха, Абай, Бесқарағай, Жарма аудандарымен және Семей қаласына қарасты ауылдық округтермен ғана жұмыс істейді.

Қор ауыл кәсіпкерлерін, өз қаржысымен қатар, 2017-2021 жылдарға арналған Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы бойынша тартылған қаржыдан да несиелейді. Сонымен қатар біз Кәсіпкерлік палатасымен және ауыл шаруашылығы басқармасымен тығыз байланыстамыз.

Осы күнге дейін Семей өңірі бойынша 24 азамат 75 млн. теңгеге несие алды. Аталған 24 азаматтың барлығы кәсіптерін енді бастағандықтан, Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы несиелендірілді.

Жалпы, Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры жылына 6 пайыздық мөлшерлемемен алты жылға дейінгі мерзімге несие береді. Бізде қарызды ай сайын жауып отыру міндетті емес. Клиент өз мүмкіндігіне қарай тиімді уақытты таңдайды. Ай немесе тоқсан аралатып, яки жылына екі рет қарыздың белгілі мөлшерін төлеуі мүмкін. Кәсіпкер аяғынан тік тұрып кетуі үшін, 24 айға дейін жеңілдетілген несие қарастырылған.

Несие алуға сұраныс көп деп айта алмаймын. Себебі ауыл тұрғындарының көпшілігі мұндай бағдарламалардан бейхабар. Қазір халыққа түсіндіру жұмыстарын қолға алдық.

— «Сыбаға» бағдарламасына кеңірек тоқталып кетсеңіз…

— Қазір, негізінен, асыл тұқымды ірі қара мал өсірушілерге арналған «Сыбаға» бағдарламасымен жұмыс істеудеміз. Бұл бағдарлама аясында әзірге үш азамат несие алды. Бағдарламаның ерекшелігі – кәсіпкер 70 миллион теңгеге дейін несие ала алады. Қайтару мерзімі 15 жыл. 30 ай жеңілдік кезеңі қарастырылған. Яғни кәсіпкерге осы уақыт аралығында ешқандай қаржы төлемесе де болады. Ал кепілге қоятын жылжитын немесе жылжымайтын мүлік сомасы қарыздың жалпы сомасының 25%-нан кем болмауы шарт. Айта кету керек, «Сыбаға» бағдарламасы бойынша тек ірі қара емес, техника мен жем-шөп алуға да болады. Берілген қарыз жүз пайыз кепілдендіріледі.

Аталмыш бағдарламамен несие алушының шабындық немесе егіндік жері болуы керек. Яғни кәсіпкердің ірі қара малын ұстауға жағдайы болуы тиіс. Ал Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы кәсібін енді бастаған немесе салада жүргеніне 3 жыл толмаған кәсіпкерлерге арналады. Азамат жеке кәсіпкер ретінде биыл ғана тіркелген болса, жоғарыда аталған бағдарлама бойынша үйін немесе жылжымалы мүлігін кепілге қою арқылы несие ала алады. Бірақ оның міндетті түрде қора-жайы болуы керек.

— Ауыл шаруашылығының басқа салаларына арналған бағдарламалар бар ма?

— Біз тек мал шаруашылығы бағытында жұмыс істемейміз. «Ынтымақ» бағдарламасы аясында ет, сүт, жеміс-көкөніс өнімдерін өндіру және сату жөніндегі кооперативтердің дамуына, «Береке» аясында отбасылық мал бордақылау алаңдарына, «Игілік» бойынша мал мен құстың басын сатып алу мен көбейтуге, «Ырыс» бойынша отбасылық сүтті-тауарлы фермаларға несие беріледі. «Кәсіпкер» бағдарламасы аясында азаматтар техникалар мен кәсібіне қажетті құрал-жабдықтар сатып алуға қол жеткізе алады.

Айта кету керек, несие алғысы келетін тұрғындар алдымен қалалық Жұмыспен қамту орталығына баруы керек. Себебі біз клиенттерді осы орталықтың жолдамасы арқылы ғана қабылдаймыз. Семейге қарасты ауылдық округтердегі азаматтар Семей қаласының Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар орталығына, өзге аудандар өз орталықтарына барады. Азаматтар «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы арқылы кәсіпкерлік негіздері бойынша білімдерін жетілдіріп, сертификат алады.

Нәтижелі жұмыспен қамту және жаппай кәсіпкерлікті дамыту бағдарламасы арқылы «Кәсіпкер» бағдарламасымен 6 млн. теңгеге дейін, «Игілік» бағдарламасымен 4 млн. теңгеге дейін несие беріледі. Ал Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры «Кәсіпкер» бағдарламасымен 17 миллион теңгеге дейін несие бере алады.

Сөз соңында ауыл азаматтарын Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры арқылы өз кәсібін ашуға шақырамыз. Біздің Семей қаласындағы мекенжайымыз: Мәңгілік ел  көшесі, 9; 2-қабат, 204-кабинет. Байланыс телефондары: 36-28-37; 36-25-97.

-Әңгімеңізге рақмет.

Сұхбаттасқан Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

11 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

11 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

11 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

3 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

3 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

3 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС