"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

“МЕН ЖАСТАРҒА СЕНЕМІН”

13.12.2013
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Мағжан ақынның  осы сөзімен  қала әкімі А.Кәрімовтың

жастармен кездесуінде айтқан ойы үйлесіп жатты

Әйгерім Сәрсенғали,

«Семей таңы»

Көздерінде от ойнар,

Сөздерінде жалын бар,

Жаннан қымбат оларға ар,

Мен жастарға сенемін!.. деп, кезінде Мағжан ақын жырлаған еді. Бұл өлең жарыққа  шыққалы сан жылдар өтсе де, кешегі бодан ел тә-уелсіздікке жетсе де, өзгермеген бір-ақ нәрсе бар, ол – жастарға деген сенім. Иә, жастар қашанда жұрт сенімі, ел болашағы. Елбасымыз «Қазақстанның болашағы — бүгiнгi жастар» деп сенім артты. Бұл қала әкімінің жастармен кездесу кезіндегі ойынан да көрініс тапты.

Тәуелсіздік күні қарсаңында қала әкімі Айбек Кәрімов қоғамдық жастар бірлестіктерінің белсенділерімен кездесті. Қала басшысымен өткен кездесуде еліміздегі жастар саясаты кеңінен талқыланып, жиналғандар көкейлерінде жүрген ойларын ортаға салды.

 

Алғаш сөз алған Айбек Мүталапханұлы жастарды келе жатқан Тәуелсіздік күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің әр қазақстандық үшін қаншалықты  қымбат екендігіне тоқталды.

 

— Жігерлі жүздеріңізді көргеніме, кездескеніме өте қуаныштымын. Еліміздің болашағы  осы жиналысқа қатысып отырған сіздердің қолдарыңызда.  Тәуелсіздік — еліміздің тарихында ерекше орын алады. Біз де сіздердей жас болдық. Сол кезде біз ұлт тәуелсіздігін, ел тә-уелсіздігін іштей армандасақ та, іс жүзінде қалай болатынына тек ой жүгіртетінбіз. Біздің ойлы, ақылды ұлт зиялылары азаттық жолын, бодандықтан бостандыққа жету жолын ойлағандарымен, қол жеткізе алмай кетті.  Бірақ, олар ұрпақтарына асыл армандарын мұра етіп қалдырып кетті… 1991 жылы  тәуелсіздікке қол жеткіздік. Сондықтан біз өте бақытты елміз. Тәуелсіз елде өмір сүріп, өз тілінде еркін сөйлеп, өз құқығын қорғай алып жүрген ұрпақ нағыз бақытты ұрпақ,- дей келе, қала басшысы Елбасының ерен еңбегіне де тоқталды —  Елдің тізгінін ұстау, елді дұрыс жолмен алып жүру әр адамның қолынан келе бермейді. Елбасымыздың  теориялық тұрғыда осы мемлекеттің құрылымын жасаудағы стратегиялық ойлары және осының бәрін іс жүзінде жүзеге асыруының өзі мемлекет басшысының көрегендік саясаты. Елбасы батыл шешім қабылдап, «Қазақстан-2030» даму Стратегиясын жариялаған кезде расында да толғанғанбыз. Елбасы саясатын түсінбеген жандар соңынан «Стратегиясы болмаған елде болашақ болмайды» деп мойындаған да болатын. Қазір енді, 2050 жылға дейінгі даму бағдарламасы қабылданды. Осыған қарап біз Елбасымыздың ұлт үшін, ел үшін қаншалықты еңбек сіңіргенін көріп отырмыз. Тәуелсіздікті алу қандай қиын болса, сол Тәуелсіздікті сақтап қалу одан да қиын. Нұрсұлтан Әбішұлының кемеңгерлік, дана саясатының арқасында біз ел бірлігін сақтай отырып, дамушы елдер қатарына қосылдық. Елді тану үшін, елге инвестиция салу үшін, бұл елді сыйлау үшін оның басшысын білу керек. Біздің Қазақстанға бүкіл дү-ниежүзінен барлық елдердің басшылары, ин-весторлары, әсіресе, бірімен-бірі араласа бермейтін дін басшыларының  келуі – біздің Елбасымыздың әлемдегі беделінің айғағы.  Елбасы арқылы Қазақстанды – әлем танып жатыр,- деді Айбек Кәрімов.  Сондай-ақ, ол Тәуелсіздік ал-ғаннан кейінгі еліміздің алғашқы қадамдары, жетістіктері жайлы айтты. Тарих толқынына көз жүгірткен жастар еліміздің дамуына атсалысып жатқан істері жайлы баян етті. Еркін отырыста ойларымен бөлісіп, көкейлерінде жүрген сауалдарын жолдады.

«Жас Отан» жастар қанатының хатшысы Мұхтар Баймағұлов қаладағы барлық жастар бірлестіктерін бір шаңырақтың астына, бір ғимаратқа тоғыстырсақ деген ой айтты. Бұл сауалды өзге ұйымдар да қолдап, бір шаңырақ астында жұмыс жасауға ынта білдірді.

— Сіздердің өз ғимараттарыңыз болғанын қалаймыз. Бұл үшін сіздердің дәрежелеріңізді айқындап алу керек. Біз бұл сұрақты қарастырып, жиындарыңызды өткізе алатындай,      жағдай жасалған, жалға алу құны аса қымбат болмайтындай ғимарат бөліп беруге тырысамыз, — деді қала басшысы.

Мемлекеттік гранттармен жұмыс жасап жат- қан жастар ұйымдары шағын бизнесті дамыту бағытында бірқатар істерді жүзеге асыруда. Айбек Кәрімов оларға  бірігіп, жас кәсіпкерлерге көмектесетін және табыс көзін молайтатын ауқымды орталық құруға ұсыныс жасады.

Қаланың лайықты келбетін қалыптастыру керек деген пікір білдірген Назарбаев зияткерлік мектебінің өкілі Бауыржан Серікұлының: «Қазіргі таңда мамандарды тарту керек. Алайда, ғаламторда берілген мәліметтерге сәйкес, шетелдіктер Семейді бұрынғы полигон аймағы ретінде қабылдайды» — деп айта келе, шетелдік ғалымдарға арнап қаламыздың көрікті жерлерінен  бейнебаян түсіргендіктерін де айтты. Бұл орайда А.Кәрімов:

-Шынында да, қаламызға деген мұндай көзқарасты өзгертуіміз керек. Бұл ретте жастар көмегі қажет. Меніңше, Назарбаев зияткерлік мектебінің Курчатов мемлекеттік ядролық орталығымен байланыс орнатулары жақсы нәтижелерге алып келеді. Біздің елде ядролық қауіпсіздікке ерекше көңіл бөлінетінін көрсетуіміз керек. Мен биыл Жапонияда, Хиросимадағы конференцияға қатыстым. Өзге елдердің өкілдерімен араласу арқылы  антиядролық қозғалысты, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевты шетелдіктер қалай құрметтейтінін көрдім. Бізді Мексика, Норвегия мен Индонезия да таниды. Бізге де сол қонақтарды қабылдап, Семей полигоны жөнінде айтатын, халқымыздың полигон тарихы мен қасіретінен сыр шертетін мұражай салу керек,- деді.

Сонымен қатар, Айбек Мүталапханұлы ғаламтор беттеріндегі Семей жайлы мәліметтерді жаңарту керектігін айтып, ішкі саясат бөліміне тапсырма берді. Жастар тарапынан түскен  келер жылы Семейде халықаралық жастар форумын өткізсек, Венн балын облыс-тық дәрежеде өткізу және басқа сұрақтар қала басшысын қуантты.  Айбек Кәрімов жастармен 2011 жылы кездескенде алғашқы сауал «КВН-ді қалай дамытамыз, оған қайдан қаражат аламыз?» деген сауалдар болса, бүгінгі күні жастар көкейіндегі сауалдардың да салмақтырақ бола бастағанын сүйсіне айтты.  Бұл жағдайға қуанышты екенін білдірген қала басшысы жастарды ел болашағына балап, еліміздің дамуына сүбелі үлес қосады деген сенімін білдірді.

Ұқсас жаңалықтар

AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

25.05.2026
AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

Semeytany.kz – Astana AI Film Festival халықаралық AI-фильмдер байқауына әлемнің түкпір-түкпірінен өтінім қабылдау басталды. Фестивальдің ресми сайты – Astana AI...

Толығырақ...Details

Мемлекеттік тіл тақырыбындағы үздік материалдарға байқау жарияланды

25.05.2026
Мемлекеттік тіл тақырыбындағы үздік материалдарға байқау жарияланды

Semeytany.kz – Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Тіл саясаты комитеті «Мемлекеттік тіл және БАҚ» республикалық байқауын жариялады. Байқаудың...

Толығырақ...Details

Семей маңында ірі ет комбинаты салынып жатыр

25.05.2026
Семей маңында ірі ет комбинаты салынып жатыр

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданы Достық ауылдық округінде бой көтеріп жатқан «Eurasia Agro Semey» ЖШС-нің ет...

Толығырақ...Details

Бөкенші ауылында өрт сөндіру пункті іске қосылды

25.05.2026
Бөкенші ауылында өрт сөндіру пункті іске қосылды

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданы Жиенәлі ауылдық округіне қарасты Бөкенші ауылында жаңадан салынған өрт сөндіру пунктінің...

Толығырақ...Details

Талица ауылында таза ауыз су мәселесі шешілді

25.05.2026
Талица ауылында таза ауыз су мәселесі шешілді

Semeytany.kz - Абай облысының әкімі Берік Уәли Жаңасемей ауданына жұмыс сапары барысында Талица ауылындағы ауыз су құбырының іске қосылу рәсіміне...

Толығырақ...Details

Өрт қауіпсіздігі мен базарларды жаңғырту мәселесі талқыланды

25.05.2026
Өрт қауіпсіздігі мен базарларды жаңғырту мәселесі талқыланды

Semeytany.kz – Абай облысының әкімі Берік Уәли төрағалық еткен кеңейтілген аппараттық кеңесте өңірдегі өрт қаупі бар маусымның өтуі, сауда нысандарының...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

AI арқылы түсірілген фильмдерге халықаралық байқау жарияланды

10 часов бұрын

Мемлекеттік тіл тақырыбындағы үздік материалдарға байқау жарияланды

10 часов бұрын

Семей маңында ірі ет комбинаты салынып жатыр

18 часов бұрын

Бөкенші ауылында өрт сөндіру пункті іске қосылды

18 часов бұрын

Талица ауылында таза ауыз су мәселесі шешілді

18 часов бұрын

Өрт қауіпсіздігі мен базарларды жаңғырту мәселесі талқыланды

18 часов бұрын

Семейдегі базарлар жаңарып жатыр: бірқатар сауда нысанында құрылыс басталмақ

18 часов бұрын

Құрбан айт мерекесі 27 мамырда атап өтіледі

18 часов бұрын

Құрбан айт кезінде арнайы орындарда ғана мал союға рұқсат етіледі

18 часов бұрын

Облыс әкімі жастармен бірге көшет отырғызды

18 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС