"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АҒАЙЫНБЫЗ БӘРІМІЗ!

03.05.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

1 Мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамын Семей жұртшылығы да кең көлемде атап өтті. Бұл күні Бейбітшілік аралындағы алаңға қалалықтар көп жиналды. Айта кетерлігі, биыл Бейбітшілік аралында ұйымдастырылған мейрам жаңа форматта, айрықша сипатта аталып өтті. Ауа райының салқындығына қарамастан, мерекелік шараға әсіресе жастар мен мектеп оқушылары көптеп келді.

Арал ортасындағы алаңдарда, сонымен қатар Бейбітшілік стелласында мереке құрметіне арналған концерттік бағдарламалар ұйымдастырылып, қалалық көркемөнерпаздар ұжымда-рының сый-тартуы жасалды. Сондай-ақ жастар арасында спорттық жарыстар мен халықтық ойындар, жергілікті диаспоралардың мәдениеті мен дәстүрлерін таныстыруға арналған этномәдени бірлестіктердің көрмесі ұйым-дастырылды. Бұл шараға әсіресе мектеп оқушылары белсене атсалысты. Сонымен қатар Бейбітшілік стелласында жас суретшілерге арналып алаң жұмыс жасады.

— Қазақстан халқының бірлігі күні — бұл достық пен ынтымақтың және тұрақ-тылықтың мерекесі. Бүгінде тек бірліктің арқасында көп ұлтты еліміздегі бейбіт өмірдің куәсі болып отырмыз. Қазіргі таңда біздің қаламызда 80-нен астам ұлт пен ұлыс өкілдерін біріктіріп отырған Достық үйі жұмыс істейді. Бұл шаңырақ астында 22 ұлттық этномәдени орталық жұмыс істеуде. Осынау мереке күні баршаңызға денсаулық, игілік және бейбіт аспан тілеймін, — деді өз құттықтау сөзінде қала әкімі Ермак Сәлімов.

Мерекелік шара барысында барша қала тұрғындары ән айтып, көңіл көтерді. Спорттық сайыстарды  тамашалады.

Ал қаламыздағы этно-мәдени орталықтар қала тұрғындары мен қонақтарына өздерінің ұлттық тағамдарын ұсынып, дастарқан жайды. Көпшілік те оларды мерекемен құттықтап, ізгі тілектерін білдіріп, дәм ауыз тиіп жатты.

— Қазақстан халқының бірлігі күні — біз үшін ең басты мереке, — дейді Достық үйінде орын тепкен «Возрождение» неміс қоғамдық бірлестігінің төрағасы Лилия Гончарук. — Бұл — біздің бірлестіктің мерекесі. Қазақстанда тұратын барлық немістер жақсы өмір сүреді, бізге ешқайда кетудің қажеті жоқ. Қазақстан — туған жеріміз, өз Отанымыз! Оның аспанының ашық болуына біз де тілектеспіз,- деді өз сөзінде.

Қазақстан халқының бірлігі күніне арналған мерекелік шарадан көпшіліктің үлкен әсермен қайтқаны анық.

«СТ» — ақпарат{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

29 минут бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

30 минут бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

31 минута бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

33 минуты бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

34 минуты бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

35 минут бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

36 минут бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

38 минут бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

39 минут бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

40 минут бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС