"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

Даниал АХМЕТОВ: КӨПБАЛАЛЫ АНАЛАР ҚОЛДАУДЫ СЕЗІНУІ ТИІС

31.05.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Апта сәрсенбісінде Семей қаласына арнайы жұмыс сапарымен облыс әкімі Даниал Ахметов келді. Аймақ басшысы алдымен қалалық әкімдікте қабылдауға жазылған жергілікті тұрғындарды қабылдап, мәселелерін тыңдады.

Тұрғындарды қабылдады

Бұл жолы облыс әкімінің қабылдауына 100 шақты қала тұрғыны жазылған екен. Даниал Кенжетайұлы олардың әрқайсысын мұқият тыңдап, сауалдарына толыққанды жауап берді. Қабылдауға келгендер әсіресе жұмысқа орналасу мәселесі мен өздері тұратын аумақтағы инженерлік инфрақұрылымның кемшін тұстары туралы, яғни әлеуметтік сала бойынша сұрақтар қойып, өтініштерін айтты. Десек те аймақ басшысына ең көп сауал қойған көпбалалы аналар болды.

Жалпы, қазіргі таңда Семей өңірінде көпбалалы, толық емес және мүмкіндігі шектеулі балаларды тәрбиелеп отырған 1200-дің үстінде отбасы бар. Айта кетерлігі, аталмыш санаттағы отбасылардың барлығы дерлік жаңартылған форматтағы атаулы әлеуметтік көмек алып отыр. Әйтсе де баспанамен қамту мәселесі көптеген отбасы үшін әлі күнге дейін шешілмей келе жатыр. Аналардың өтініштері де осы мәселеге қатысты болды.

Сонымен қатар облыс әкімінің қабылдауы барысында көпбалалы аналар мен балалардың қоғамдық көлікте жеңілдікпен жүруі туралы да ұсыныстар айтылды. Аймақ басшысы бұл ұсынысты қолдап, аталмыш мәселе құзырлы орындардың қарауынан соң жақын аралықта шешілетінін жеткізді.

Даниал Ахметов әлеуметтік тұрғыдағы мәселелерді шешуді өз орынбасарлары мен қала әкімі Ермак Сәлімовке тапсырды.

– Еліміздің жарқын болашағына үлес қосар азаматтарды тәрбиелеп отырған ата-аналар әрқашан біздің қолдауымызды сезінуі тиіс,– деп түйіндеді өз сөзін Даниал Ахметов.

Облыс әкімінің қабылдауына сонымен қатар қолдауды қажет ететін көпбалалы отбасылардың отағасылары да келіпті. Жергілікті тұрғын, он баланың әкесі Сергей Куликов жұбайымен бірге жұмсақ жиһаз жасауды кәсіпке айналдырған екен. Отағасы отбасылық бизнесін одан әрі дамыту үшін аймақ басшысынан жүк көлігін алуына қолдау көрсетуді сұрады. Оның өтініші сол арада-ақ бірден шешімін тапты. «СемАз» ЖШС мен «Daewoo Bus Kazakhstan» ЖШС-нің бас директоры Әсемхан Досқожанов Сергейдің жүк көлігін жеңілдікпен алуына жәрдем беруге уәде етті.

Бұл күні қабылдауға жазылған көптеген семейлік тұрғындар өз мәселелерінің шешімін табу жолын біліп қайтты.

60 жаңа автобус қолданысқа берілді

Аймақ басшысының келуімен бұл күні қала өмірінде бірқатар елеулі жаңалықтар орын алды. Солардың бірі — жергілікті зауыттан жаңадан құрастырылып шығарылған 60 жаңа автобустың маршруттық желіге шығуы. Аталмыш шара салтанатты жағдайда өтіп, оған облыс басшысы Даниал Ахметов арнайы қатысты.

Бірінші кезекте Д.Кенжетайұлы Орталық алаңда қаз-қатар тізілген автобустармен танысып шықты. Жобаны семейлік «Daewoo Bus Kazakhstan» бірлескен кәсіпорны жүзеге асырып отыр. Өткен жылы ел Үкіметі жолаушыларды автобуспен тасымалдау ісін дамыту бойынша кешенді шаралар қабылдаған болатын. Соның аясында семейлік автобус парктеріне 170 автобус біршама арзандатылған бағамен ұсынылған болатын. Жобаның жалпы құны 4 млрд теңге шамасында. Қазіргі күні барлық автобустардың қала ішіндегі жолаушы тасымалы бойынша бағыттары анықталуда.

— Қаладағы автобустардың ескіргенін алғаш екі жыл бұрын көзіммен көрген едім.  Қазір сол кезде тозығы жеткен жолдар жөнделіп, халық мінетін автобустар жаңаланып жатыр. Бұл — атқарылар шаралардың тек бастамасы ғана. Алдағы уақыттарда қаладағы автобустардың 90 пайызы осындай жаңа әрі ыңғайлы көліктермен алмастырылатын болады,- деді аймақ басшысы өз құттықтау сөзінде.

Бұл жаңа автобустардың қала көшелерінде, яғни қолданыста жүрген жергілікті зауытта құрастырылған көліктерден біраз айырмашылығы бар екен. «СемАз» ЖШС бас директоры Әсемқан Досқожанов жаңа автобустардың барлығы кедергісіз орта қалыптастыру мақсатында арнайы пандустармен жабдықталғанын айтты.

Ал жаңа да жайлы автобустардың жүргізушілері мен кондукторлары бұл жобаның дер кезінде қолға алынғанын айтады. Жасыл түсті көліктердің сыйымдылығы үлкен. Бір мезетте 40-80 адамға дейін тасымалдай алады екен. Мүгедектер мен жүкті аналарға, қарттарға арналған арнайы орындар да бар.

— Қала көшелерінде жолаушыларды жаңа автобустардың тасымалдауы, әрине, сырт көзге жарасымды көрінеді. Шаһарымыздың абаттануының бір көрінісі деп санаймын. Мұның барлығы мемлекеттік қамқорлықтың арқасы. Қаламыз біртіндеп жаңарып келеді,- деп пікір білдірді жаңа автобустың кондукторы Мадина есімді қыз.

Көпбалалы аналар пәтерлі болды

Осыдан соң Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов қала іргесіндегі Қарағайлы шағын ауданында болып, қырық бес көпбалалы отбасыға салтанатты түрде пәтер кілттерін табыстау рәсіміне қатысты.

Айта кетсек, семейлік көпбалалы отбасыларды баспанамен қамту  мақсатында облыстық тұрғын үй құрылысы бағдарламасы аясында жаңадан бой көтеріп жатқан Қарағайлы шағын ауданында салынған үйден 50 пәтер сатылып алынды.  Пәтерлерді аралап шыққан аймақ басшысы олардың сапасына ризашылығын білдірді. Сонымен қатар қуанышқа кенелген тұрғындарды жаңа қоныстарымен құттықтады.

— Барлық көпбалалы аналарға пәтер берілуі керек. Бірақ бұл өте үлкен мәселе болғандықтан, бір жылдың ішінде шешілмейді. Осы жылы Семейде жыл соңына дейін тағы 30 отбасыға пәтер беріледі деген жоспар бар. Ағымдағы жылдың екінші жарты жылдығында қалада тағы 179 мың шаршы метр аумаққа үй саламыз. Бұл өз кезегінде аталмыш мәселені шешуге біршама мүмкіндік береді,- деп атап өтті өз сөзінде Даниал Ахметов.

Бүгінгі күндері мемлекеттік тұрғын үй қорынан баспана алу үшін жалпы саны 10,5 мыңнан астам азамат кезекте тұр екен. Оның ішінде  371-і көпбалалы отбасы санатында.

Ағымдағы жылы облыстағы 290 көпбалалы отбасыға баспана кілтін табыстау көзделуде.  Бұл жұмыс жыл соңына дейін жүргізілетін болады.

Тоқтала кетер болсақ, соңғы  үш жылда облысымызда тұрғын үй құрылысы қарқынды жүргізілуде. Өткен жылы ШҚО-да 410,5 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілген болатын. Ал ағымдағы жылы 639,9 мың шаршы метр тұрғын үйдің құрылысы қолға алынбақ. Яғни, жергілікті тұрғындардың баспана мәселесін шешуде ілгері қадамдар жасалуда.

Соның бір дәлелі ретінде айтар болсақ, Қарағайлыдағы №№34, 35, 36 үйлер аймақтық тұрғын үй бағдарламасы бойынша «Фирма «Азия» ЖШС мен «Ертіс» ӘКК арқылы тұрғызылып жатыр. Құрылыс барлық талапқа сай кедергісіз жүргізуде.

Пәтерлердің кілттерін салтанатты түрде табыстаған облыс әкімі Даниал Кенжетайұлы көпбалалы аналарды жаңа қоныстарымен құттықтап, барлығына денсаулық пен бақыт тіледі.

Қуанышқа кенелген көпбалалы аналар да облыс әкіміне алғыстарын айтып, жүрекжарды тілектерін білдіріп жатты.

—  Осындай ерекше сыйлық үшін Елбасыға рақмет айтамыз. Ерекше толқыныс үстінде тұрмыз. Еліміз өркендей берсін, баршаңызға бейбіт аспан, амандық тілейміз. Балаларымыз аман болсын. Осындай игіліктердің бәрін сақтайық және көбейтейік. Даниал Кенжетайұлына Қарағайлы шағын ауданын салғаны үшін ерекше алғысымызды айтамыз. Пәтер иеленген аналардың барлығы 5-6 баладан тәрбиелеп отыр. Мемлекет қамқорлығын айқын сезінудеміз,- деді көпбалалы ана Бибіжамал.

Әжелер шашу шашып, жаңа пәтер иелерін құттықтауға келген туыстары мен жақындары ақ тілектерін жаудырып, Қарағайлы аспанын сән-салтанатқа бөледі.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

23 минуты бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

43 минуты бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

23 часа бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

23 часа бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

24 часа бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

24 часа бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС