"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР БЕЛСЕНДІЛІГІ ЖОҒАРЫ

04.06.2019
7
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семейдегі Жастар шығармашылық сарайында қала әкімі жанындағы Жастар ісі жөніндегі кеңестің кезекті отырысы болып өтті. Жиын барысында, негізінен, екі мәселе: Жастар жылы аясында атқарылып жатқан жұмыстар және колледж студенттерін әскери-патриоттық тұрғыда тәрбиелеу бағытында жүргізіліп жатқан жұмыстар қарастырылды. Сонымен қатар жастар бойында өмірлік маңызы бар дағдыларды қалыптастыру және «Start up» жастар жобалары туралы мәселелер талқыланды.

Қаламыздағы жастар қауымы, соның ішінде колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері жиналған басқосуға қала әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев қатысып, Жастар жылы аясында атқарылған шараларға баға беріп өтті. Сонымен қатар өскелең буынға патриоттық тәрбие беру, отаншылдық рухты оятуға байланысты қолға алынған жұмыстар жөнінде келелі сөз қозғады.

Қала әкімі орынбасарының айтуынша, облыс басшысы Даниал Ахметовтің тапсырмасымен, қала әкімі Ермак Сәлімовтің қолдауымен қалалық Жастар ресурстық орталығының штаты алдағы уақыттарда арта түспек.

Жиын барысында сөз алған қалалық Жастар ресурстық орталығының жетекшісі Олжас Соғымбай ағымдағы Жастар жылының жаңа толқынға ерекше міндеттемелер жүктейтінін айтып өтті. Сонымен қатар жастардың белсенділігі айқын байқалған қала көлеміндегі мәдени-көпшілік шараларға, соның ішінде «Мерейлі отбасы» байқауы, «Жайдарман» ойындарына тоқталды.

Ал қаламыздағы колледж директорлары кеңесінің төрағасы Оралхан Сартаев арнаулы орта білім беретін мекемелерде әскери-патриоттық тәрбие беру мәселелері жөнінде тұшымды ойларымен бөлісті.

Басқосуда сондай-ақ «Бизнес-инкубатор» орталығының жетекшісі Диас Смағұлов жастар кәсіпкерлігі туралы қызықты мәліметтерді ортаға салды. Оның айтуынша, бүгінгі таңда қаламызда 40-тан аса студент өз кәсіптерін ашып, өркендетіп отыр.

— Жыл сайын біздің бастамамызбен жастар арасындағы кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған «Startup Battle» байқауы ұйымдастырылады. Бұл мақсатта 2017-2019 жылдары 2 млн. теңге қаражат бөлінген болатын. Бұл сомаға 10 жоба іске асырылды,- деп ақпарат берді Диас Смағұлов.

Бүгінгі таңда аталмыш орталықтың мемлекеттік жастар саясатын жүзеге асыруда атқарып отырған жұмысы ұшан-теңіз.

Мән-мағынасы ерекше жиын барысында жастар өміріне қатысты бірқатар мәселелер қозғалды.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

22 часа бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

22 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

22 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

22 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

24 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

24 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

2 дня бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

2 дня бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС