"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ДАНИАЛ АХМЕТОВ «ХАЛИФА АЛТАЙ» МЕШІТІНДЕГІ ИСЛАМ МӘДЕНИЕТІ МҰРАЖАЙЫМЕН ТАНЫСТЫ

06.06.2019

«Мұсылмандар үшін қасиетті Рамазан айында Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметов облыстық «Халифа Алтай» мешітінде болды»,- деп хабарлайды облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Аймақ басшысы жақын арада мешіт аумағында орналасатын Ислам мәдениеті мұражайының құрылым тұжырымдамасымен танысты.

«Ислам мәдениеті мұражайында Қазақстанда ислам дінінің пайда болуы мен даму тарихы үш бөлікпен көрсетілетін болады: тәңіршілдік, Қазақстан жерінде исламның пайда болуы мен таралуы, исламның қазіргі дәуірі. Бұл жерге исламға дейінгі кезеңдегі Күлтегін (Күлтегін тас стелласы (VIII ғасыр) – ежелгі түркі өркениетінің ескерткіші, қолбасшы Күлтегіннің құрметіне орнатылған және сақ дәуірінің археологиялық жәдігерлері, балбал тастар, тасқа басылған таңбалы суреттердің үлгілері қойылатын болады. Сонымен қатар Қазақстан дамуының әртүрлі кезеңдеріндегі киім үлгілері мен қорда сирек кездесетін 100 және 200 жылдық тарихы бар кітаптар, Қасиетті Қағба және Қазақстан мешіттерінің макеттері көрсетіледі»,- делінген хабарламада.

Мұражайдың дәл ортасында интерактивті режімде оқуға болатын қазақ, орыс және араб тілдеріндегі электронды Құран орналасады. Барлық қосымша экспонаттар электронды түрде беріледі. Планшет арқылы әрбір нысан туралы толық ақпарат алуға мүмкіндік қарастырылған. Мұражайға қойылатын экспонаттар келіп көрушілерге ислам мәдениеті тарихы мен оның Қазақстанда дамуы жайлы көбірек мәлімет алуына мүмкіндік береді. Ерекше атап өтерлік жайт, сирек кездесетін бұл жәдігерлер тек  Шығыс Қазақстанның мұражайлық жинақтамасынан ғана емес, Түркістан облысы, Шымкент қаласы сияқты республикамыздың басқа аймақтарынан да әкелінеді.

Қазіргі уақытта экспонаттарды жинау жұмыстары жүргізілуде, сирек кездесетін 100 және 200 жылдық тарихы бар кітаптар қоры жинақталған.

Ислам мәдениеті туралы ақпарат алудың заманауи әдістері мен көне экспонаттардың бірегей үйлесімі алдағы уақытта еліміздің барлық тұрғындары мен өңір қонақтары арасында республикада теңдесі жоқ болашақ музейге деген сұранысты қамтамасыз етеді.

Даниал Ахметов мұражайды ұйымдастыру мәселелері бойынша қосымша тапсырмалар берді.

ШҚО әкімінің баспасөз қызметі.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

17.11.2026
Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

Қазіргі мемлекеттік қызмет жүйесі өзінің жұмыс философиясын біртіндеп өзгертіп келеді. Мемлекеттің басты назарында мемлекеттік қызмет көрсету процесінің өзі емес, адам,...

Толығырақ...Details

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

17.11.2026
Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

Қазақстанның экономикалық әлеуетін арттыруда көлік және логистика саласының маңызы ерекше. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған инфрақұрылымды жаңғырту, экономиканы әртараптандыру және...

Толығырақ...Details

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

17.11.2026
Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

Адамның құқықтары мен бостандықтарын қорғау, заңдылық пен әділеттілікті қамтамасыз ету құқықтық мемлекеттің басты қағидаттарының бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясында әр адамның...

Толығырақ...Details

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

17.11.2026
Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

Қазақстан Халық Кеңесі Қоғамдық бастамаларды дамыту комитетінің төрағасы Вера Кимнің төрағалығымен Білім беру және адами капитал мәселелері жөніндегі салалық комиссияның...

Толығырақ...Details

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

16.11.2026
Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

Абай облысының бүгінгі тынысын бағалау үшін кешегісін де кем білмеу керек. Ал ертеңіне сеніммен қарауға бүгінгі өзгерістердің ауқымын, нақты нәтижесі...

Толығырақ...Details

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

16.11.2026
Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

Казахстан занял 56-е место среди 110 стран в рейтинге развития путешествий и туризма за 2026 год, подготовленном Всемирным экономическим форумом...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Өтініш беруден проактивтілікке: мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қорғаудың жаңа тәсілі

16 часов бұрын

Көлік және логистика: Қазақстанның экономикалық дамуына жаңа серпін беретін бағыт

16 часов бұрын

Кінәсіздік презумпциясы – адам құқықтарын қорғаудың маңызды кепілі

16 часов бұрын

Қазақстан Халық Кеңесінде білім беру, ғылым және адами капиталды дамыту жөніндегі бастамалар қаралды

20 часов бұрын

Өткеннің ауыр жүгінен болашақтың берік іргетасына дейін…

1 день бұрын

Казахстан занял первое место в Центральной Азии по развитию туризма

2 дня бұрын

Абай облысында жыл басынан бері 171 мыңнан астам профилактикалық екпе жасалды

2 дня бұрын

Қолжетімді әрі сапалы медицина: Президент Жолдауындағы әлеуметтік дамудың маңызды бағыты

2 дня бұрын

Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты жерді таңдау – конституциялық құқық

2 дня бұрын

Семейде қоғамдық келісімді нығайтудың жаңа тәсілдері талқыланды

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС