"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

АРЫСТЫҚТАРҒА КӨМЕК КӨРСЕТКЕНДЕР МАРАПАТТАЛДЫ

16.08.2019
13
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Еліміздің оңтүстігіндегі Арыс қаласында орын алған қайғылы оқиғадан кейін барша қазақстандықтар көмек қолын созғаны мәлім. Байтақ республикамыздың түкпір-түкпірінен материалдық және қаржылай көмектер ұсынылып, құрылыс жұмыстарын жүргізу үшін арнайы құрылған топтар Арысқа ағылған болатын. Семейден де үш еріктілер бригадасы жіберілген еді. Жуырда қалалық әкімдіктің мәжіліс залында өткен салтанатты жиында шаһар басшысы Ермак Сәлімов жұмыстарын аяқтап, Семейге оралған азаматтарға алғыс білдіріп, арнайы әзірленген сый-сияпаттарды табыс етті.

Еліміздің өзге өңірлерінен барған құрылысшылар қатарында семейліктер де Арыс қаласындағы бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіруге барынша белсенділікпен атсалысуда. Алғашқы топ бүгінде Семейге қайтып оралды. Тоқтала кетсек, 15 күннің ішінде семейліктер Арыс қаласында құрылыс, қайта қалпына келтіру және әрлеу жұмыстарын толық жүргізіп шығыпты.

Жиынды қала әкімі Ермак Бидахметұлы алғы сөзбен ашып, аталмыш шара жайында кеңінен түсінік беріп өтті.

— Бүгін біз 24 маусым күні Арыс қаласында орын алған жағдайға байланысты көмек көрсеткен жандарға алғыс айтуға жиналып отырмыз. Қаламыздың 39 тұрғыны Арысқа аттанған болатын. Семейліктер Арыс қаласын қайта қалпына келтіру жұмыстарына асқан белсенділікпен қатысты. Бүгін сондай-ақ осы жандарға қаржылай сыйлық ұсынып отырған «Полимер бұйымдары зауыты» ЖШС мен «Қазына» ойын-сауық кешенінің кәсіпкерлеріне ризашылығымды білдіремін,- деп атап өтті қала басшысы. — Бұдан былай елімізде мұндай жағдай болмасын. Мемлекетіміз өркендеп, жеріміз гүлденсін. Баршаңызға мол бақыт, мықты денсаулық тілеймін.

Ермак Бидахметұлы сөзінің соңында Арыс қаласын қалпына келтіруге қатысқан жергілікті азаматтарды алғыс хаттармен марапаттады. Ал кәсіпкерлер қаржылай сыйлықтарын табыс етті.

Бұл күні мерейі үстем болған жерлестеріміздің барлығы дерлік құрылыс және ішкі әрлеу жұмыстарын жүргізудің әуесқой шеберлері екен. Олардың арасында Слямхан Әлімханов, Мейрамбек Апашев, Мұратқали Асқаров, Рүстем Байдәулетов, Медет Серікқанұлы, Еркін Байжұмановтарды атап төтуге болады.

— Арыста 15 күн болдық. Әртүрлі жұмыстарды атқардық. 19 адам барған едік. Жұмыла жұмыс жүргізіп, бүлінген үйлерді қайта қалпына келтіруге атсалыстық. Көбінесе үйлердің шатырлары мен сыртқы келбеті бүлінген екен. Көмек көрсетуде аянып қалған жоқпыз. Арыстықтардың семейліктерге алғысы зор екенін де айтқымыз келеді,- дейді пікір білдірген азаматтар.

Сөз соңында айта кетсек, Арыс қаласында жұмыс істеп жатқан семейліктер қатары әлі де бар. Алғашқы топ қайтып оралғанымен, өзге азаматтар бүлінген шаһарды толық қалпына келтіріп оралмақ.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

10 часов бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

10 часов бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

10 часов бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

10 часов бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

11 часов бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

12 часов бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС