"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ЖАСТАР КЕРУЕНІ СЕМЕЙДЕ

16.08.2019
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жастар жылы аясында «Қазақстан жастарының Конгресі» заңды тұлғалардың қауымдастық нысанындағы бірлестігі жастардың ішкі туризмін дамыту, жастарды Қазақстанның киелі жерлерімен, еліміздің әр аймағындағы мәдени және тарихи мұралармен таныстыру, талантты, шығармашыл және зияткер жастарды анықтау мақсатында «Жастар керуені» республикалық жобасын іске асыруда. Осы жоба шеңберінде 16 мен 29 жас аралығындағы 700 белсенді жас республиканың әр түкпіріне жолға шықты.

Апта сәрсенбісі, 14 тамыз күні 100-ге жуық белсенді жастардың керуені Семей қаласына табан тіреді. Еліміздің әр түкпірінен арнайы келген меймандардың мақсаты — кешегі өткен дала данышпандарының рухани-мәдени мұрасымен жақын танысып, олардың табанының ізі қалған «Жидебай-Бөрілі» мемориалдық кешеніне барып, ұлылар кесенесіне зиярат ету.

Осы күні кешкісін керуенмен келген жастарды ҚазИГЗУ ашық аспан астында ұйымдастырылған жазғы фестивальға қонаққа шақырды. Қаламыздағы бұл іргелі оқу орнында әр апта сайын арнайы фестиваль өткізіледі екен. Бұл жолғы шара шаһар меймандарына арналыпты. Қала әкімінің орынбасары қатысқан айтулы шара барысында Жастар ресурстық орталығының белсенді жастары ән мен заманауи биден шашу шашты. Сонымен қатар түрлі тақырыптар бойынша викторина өткізіліп, қызықты сұрақтарға жауап берген тапқыр жастарға арнайы әзірленген сыйлықтар тарту етілді.

– Бүгінгі күн біз үшін ерекше мағынаға ие. Республикалық Жастар керуенімен келген замандастарымызды қарсы алып отырмыз. Олардың уақыттарын көңілді өткізу үшін бүгінгі кешіміздің бағдарламасына түрлі ойындар мен мерекелік номерлер енгіздік. Сонымен қатар, ымырт үйірілісімен, Абайдың 175 жылдығына орай, «Құнанбай» көркем фильмін ашық аспан астында меймандар назарына ұсынамыз,- дейді белсенділік танытып жүрген бастамашыл семейлік жастар.

Жастар фестивалі барысында сондай-ақ заманауи би түрлерінен баттл өткізіліп, үздіктер анықталды. Қонақтар құрметіне әндер шырқалды.

– Біз Шығыс Қазақстан облысында 4 күн боламыз. Осынау аралықта аймақтағы тарихи-мәдени орындарды аралап үлгеруіміз керек. Біздің жобамыздың басты мақсаты жастар туризмін дамыту болып отыр. Қазіргі күні осы мақсатта 16 мен 29 жас аралығындағы 700 белсенді жас республиканың әр түкпіріне жолға шықты. Біз – шығысты таңдадық. Осынау сапарымыздан керемет әсер алып қайтатынымызға сенімдімін, бү-гінгі шарадан алған әсеріміздің өзі сөзбен айтып жеткізгісіз,- дейді Жастар конгресінің менеджері Жанбота Пашен.

Оның айтуынша, еліміздің шығысы жастардың үлкен қызығушылығын туғызыпты.

— Біз Шығыс Қазақстан облы-сындағы ішкі туризмді дамытуға үлес қосуға келдік. Біздің арамызда студенттер де, еңбек ететін жастар да бар. Сондай-ақ азаматтық белсенділер мен блогерлер, өнер мен ғылым саласында жүрген жас буын өкілдері де бар. Сонымен қатар «Жас Отан» мен «Жас Ұлан» қатарындағы мектеп оқушылары да бізбен бірге келді. Осынау саяхатымыз аяқталған соң біз міндетті түрде әлеуметтік желілерде алған әсеріміз жайлы кеңінен баяндап жазатын боламыз,- дейді  Дана Пашен.

Жастардың айтуынша, саяхат-шылардың басым көпшілігі ел астанасы — Нұр-Сұлтан қаласы мен солтүстік өңірлерден келіпті.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы» {jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

22 часа бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

24 часа бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

2 дня бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

4 дня бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

5 дней бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

5 дней бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

5 дней бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

5 дней бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

5 дней бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

6 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС