"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАҒДАРЛАМА ШАРТТАРЫ ЖЕҢІЛДЕДІ

28.08.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бейсенбі, 22 тамыз күні Ақпараттық орталықта Семей қаласында «Нұрлы жер» бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ Семей қалалық филиалы қызметкерлерінің қатысуымен баспасөз мәслихаты өтті.

Банктің бизнесті дамыту бөлімінің басшысы Айбек Жарлығаповтың айтуынша, енді ТҚЖБ салымшыларына «Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасына қатысу үшін өтінім берудің және байқауға қатысудың қажеті жоқ. Банктің hcsbk.kz сайтына немесе baspana.kz сайтына кіріп, ұнатқан пәтерді таңдау және сатып алу үшін брондау жеткілікті. Бағдарлама аясында Қарағайлы ықшам ауданынан «Абай Арена» спорт кешені мен Назарбаев Зияткерлік мектебінің жанынан барлығы 286 пәтер ұсынылып отыр. Еске сала кететін жайт — жақында енгізілген өзгерістерге байланысты «Нұрлы жер» бағдарламасы арқылы пәтер алушылардың атында соңғы бес жылда тұрғын үй болмауы керек деген шарт алынып тасталған. Тек пәтер сатып алу кезінде клиенттің жекеменшігінде үй болмаса жеткілікті.

— Қарағайлыда «Нұрлы жер» бағдарламасы бойынша пәтерлердің бір шаршы метрі 140000 теңгеден сатылады. Пәтерді сатып алу үшін ТҚЖБ клиенттерінің шотында 1,5 млн. теңге немесе тұрғын үй құнының 20%-ы болса жеткілікті. Әрі қарай банк 5%-дық жылдық мөлшерлемемен жеңілдетілген заем ұсынып, қолжетімді тұрғын үйді сатып алуға көмектеседі. Бұл жағдайда ай сайынғы төлем сомасы 53 мың теңге шамасын құрайды. Құны 7,5 млн. теңгелік екі бөлмелі пәтердің бастапқы есебі осындай,- дейді Айбек Жарлығапов.

Ал «Өз үйім» бағдарламасы арқылы сатылатын тұрғын үйлердің шаршы метрінің құны 165 000 теңгеден басталады. 20 % бастапқы жарна болған кезде заем бойынша жылдық мөлшерлеме 7%-ды құрайды. Бұл бағдарламаның артықшылығы — қатысушыларға пәтер алу сәтінде өзге тұрғын үйлерінің болуы кедергі болмайды. Бүгінде Семей қаласында аталмыш бағдарлама арқылы 3 үй сатылымға қойылып отыр.

— Қазіргі таңда «Тұрғын үй құрылыс жинақ банкі» АҚ тұрғын үйлері мен халыққа ұсынып отырған бағдарламалары қолжетімді. Тиісінше, тұрғындар арасында сұраныс та жоғары. Күн сайын қаламызда банктің 50 жаңа салымшысы пайда болады, шамамен банктің 3 клиенті қолжетімді несие рәсімдеп, қоныс тойын тойлайды. Биылғы жылдың басынан біз 1 101 несие бердік. Бұл – жақсы көрсеткіш, — дейді А.Жарылғапов.

Елімізде биылғы жылдың 17 шілдесінен бастап көпбалалы, мүмкіндігі шектеулі бала тәриелеп отырған және толық емес отбасыларға арналған «Бақытты отбасы» бағдарламасы жүзеге асуда. Бағдарлама бойынша бастапқы жарна тұрғын үй құнының 10%-ын құраса, заем бойынша жылдық мөлшерлеме 2 %-ға тең.

— Жергілікті атқарушы орган тарапынан жоғарыда аталған 3 категория бойынша 311 ұсыныс келіп түсті. Банк оның ішінде 155 клиентпен жұмыс істеді, 26 клиент 200 млн. теңгеден астам сомаға несие алып, тұрғын үйлерді таңдау үстінде. Бүгінгі күні 71 өтініш қаралуда. Ал 55 тұрғын әртүрлі себептерге байланысты банктен рұқсат ала алмады. Біз өтініш берушілердің несие тарихын, төлем қабілеттілігін және отбасы мүшелерінің әрқайсының орташа табысының 42 мыңнан аспауын да басшылыққа аламыз. Әзірге «Бақытты отбасы» бағдарламасы аясында Лаура Турдина атты тұрғын ғана қоныс тойын тойлап үлгерді,- дейді А.Жарылғапов.

Жоғарыда аталған бағдарлама аясында тұрғын үйлерді салумен «Восток Строй» мекемесі айналысуда. Мекеме өкілінің айтуынша, салынған үйлердің кепілдік мерзімі – 2 жыл.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, {jcomments off}«Семей таңы»

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

27 минут бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

39 минут бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

4 часа бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 день бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

1 день бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

1 день бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

1 день бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

1 день бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

1 день бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС