"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ТҰРАҚТАНДЫРУ ҚОРЫ — ТИІМДІЛІК КЕПІЛІ

04.03.2014
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек Елубаев өткізген кезекті аппараттық кеңестің күн тәртібінде қала өміріне байланысты көптеген мәселелер қаралды.

Қаржы бөлімінің жетекшісі Роза Кәкімова бөлімдердің мемлекеттік сатып алуларға байланысты және олардың балансындағы нысандардың бекітілуі жайлы, сондай-ақ ай соңындағы қаражаттарды жұмсау мәселесі бойынша жиналғандарды ақпараттандырды.

Қала әкімінің орынбасары Жағыпарбек    Елубаев бюджет қаражатының  мерзімінде және тиісті мақсаттарға жұмсалуының тиімді тетіктерін қарастырудың қажеттілігі, сондай-ақ,  бюджет  қаржысының барлық бюджеттік бағдарламалардың қажетін өтеу мен мемлекеттік сатып алу  конкурстарының өз уақытында өтуі жайлы айтып өтті. Бұл әсіресе құрылыс бөлімі мен тұрғын үй коммуналдық ша-руашылығы, көлік тасымалы  және автомобиль жолдары бөлімі үшін маңызды. Сонымен қатар, әкім орынбасары нысандарды бөлімдер балансына бекітіп беру мәселесін жылдамдатып шешу қажеттілігіне де тоқталып өтті. Бұл шара өткен жылы басталған болатын.

Келесі кезектегі сауалдар қатары қаламызда жүргізіліп жатқан бағаны тұрақтандыру шаралары төңірегінде өрбіді.  Жағыпарбек Елубайұлы атап көрсеткендей, бұл мақсаттағы құрылған жұмыс тобына  қаламызда тауар бағасының күрт, әрі негізсіз өсуіне жол бермеу үшін әлі де белсенді жұмыс  жасау қажет. Бұл орайда тек бағаға мониторинг жүргізу ғана емес, көтерме сауда жүргізетін жеткізушілер мен сатушылар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек.  Сонымен қоса, тұрақтандыру қорынан бөлінетін азық-түлік түрлеріне де мән берген жөн. Яғни, аталмыш қор өнімдерін саудалайтын қосымша нүктелер ашу қажет. Қазіргі күнге дейінгі тәжірибе көрсеткендей, төмен баға мен жоғары сапа тұрғындар назарын аударған. Сұраныс бар, тұтынушылар көп. Қала әкімінің орынбасары айтып өткендей, жақын арада тағы да үш нүкте ашу көзделуде. Оның бірі «Мереке» базарында орналаспақ.

 

{jcomments on}Кәсіпкерлік бөлімі баға тұрақтылығын сақтау бағытында базарлар, сауда үйлері және дүкендер иелерімен жұмысты жалғастыра беруі тиіс.

 

Аппараттық кеңесте сонымен қатар, қаладағы коммуналдық кәсіпорындардың қазіргі қызмет ахуалы  жайлы да сөз қозғалды. «Теплокоммунэнерго» МКК өкілінің ақпаратына қарағанда тұтынылған жылу үшін жұртшылықтан жиналған қаражат өткен жылмен салыстырғанда 5 пайызға артқан, мекемеге көмір жеткізуде ешқандай кедергі жоқ, «Қаражыра LTD» ЖШС-мен келісім шарт бекітілген болатын.

Сонымен қатар, кестеден қалып келе жат-қанмен де «Шығысэнерготрейд» алдындағы қарыздар да біртіндеп өтелуде. Мекеме басшысы Еркен Сағындықовтың айтуынша, дәл осындай ахуал «Семей Водоканал» МКК-мен арада да туындап отыр. Дегенмен,аталған мәселеге байланысты  «Шығысэнерготрейд» шектеулер енгізбек. Тұрғындардың дебиторлық қарызы мекеменің электрмен қамту мекемесі алдындағы қарызымен тең. Сол себептен бұл тығырықтан  шығудың бірден бір жолы тұрғындардан қарызды жинау жұмыстарын ширата түсу болып отыр.

Аппараттық кеңестің соңында ақпараттық-насихаттық топ жұмысы сарапталып, қала өміріне қатысты тағы да бірқатар сауалдар төңірегінде әңгіме өрбіді.

Қ.ӘЛІМБЕК.

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

09.11.2026
Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен кеңейтілген аппараттық кеңесте «Кітап оқитын ұлт» жобасының өңірде іске асырылу барысы талқыланды. Күн тәртібіндегі...

Толығырақ...Details

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

09.11.2026
Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

Абай облысында 2026–2027 жылдардағы жылыту кезеңінде өрттің алдын алу мақсатында 31 618 тұрғын үй профилактикалық іс-шаралармен қамтылды. Негізгі назар пешпен...

Толығырақ...Details

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

09.11.2026
Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында ел экономикасын жаңғырту, цифрлық технологияларды кеңінен енгізу және жасанды интеллект мүмкіндіктерін тиімді пайдалану мәселелеріне ерекше...

Толығырақ...Details

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

08.11.2026
350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

Цифрлық отбасы картасы қазақстандықтардың табысын, мүлкін, көлігін және несие міндеттемелерін ескеріп, отбасыларды әлеуметтік әл-ауқатына қарай бес санатқа бөледі. Қазақстанда отбасының...

Толығырақ...Details

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

08.11.2026
Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

Қазақстан Республикасының Конституциясы азаматтардың елдің қоғамдық-саяси өміріне араласуына және мемлекеттік шешімдер қабылдау үдерісіне қатысуына құқықтық негіз қалайды. Бұл құқық демократиялық...

Толығырақ...Details

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

06.11.2026
Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

Абай облысына жұмыс сапарымен Қазақстан Халық Кеңесінің мүшесі Нұртай Сабильянов пен Құрылтай депутаты Айрат Базенов бастаған делегация келді. Сапар аясында...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында кітап оқу марафонына 30 мыңнан астам адам қатысты

12 часов бұрын

Абай облысында 31 мыңнан астам тұрғын үй өрт қауіпсіздігі шараларымен қамтылды

12 часов бұрын

Жасанды интеллект пен цифрландыру – Қазақстан дамуының жаңа мүмкіндігі

12 часов бұрын

350 мың теңге табыс, бірнеше пәтер, көлік: Қазақстанда кімдер ауқатты отбасы саналады?

1 день бұрын

Мемлекет басқару ісіне қатысу – әр азаматтың конституциялық құқығы

1 день бұрын

Президент Жолдауы: Семейде жастар саясаты мен білім берудің басым бағыттары талқыланды

4 дня бұрын

Қорғаныс министрлігінің қызметін кешенді тексеру жөніндегі комиссия аралық қорытындыларды ұсынды

4 дня бұрын

Жаңа мектептер және білім сапасы: Абай облысында қандай өзгерістер күтілуде?

4 дня бұрын

«Заң мен тәртіп»: Абай облысында салық берешегін өндіріп алу бойынша 2 818 рейд жүргізілді

4 дня бұрын

Қазақстанда ең төменгі жалақыны 110 мың теңгеге дейін көтеру жоспарланып отыр

5 дней бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС