ҚР Тұңғыш Президенті – Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламалық мақаласы аясында «Ауыл – Ел бесігі» жобасы қолға алынды. Жоба аясында Семей қаласының Жастар ресурстық орталығы ШҚО Семей қаласының ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы аясында «Шығыс Жастары» қоғамдық қоры ауыл жастарына арналған спорт ойындарын, семинар-тренингтер өткізіп, кәсіби бағдар беру жұмыстарын жүргізуде.
Жыл көлемінде барлық ауылдық округтерді қамту жоспарланып отыр. Айта кетсек, таулары қазынаға толы Көкентау ауылында «240 сағат ауылда» жобасы іске асырылмақ. Бұл жобаның мақсаты — қалалық жерлердегі 14-29 жас аралығындағы жастарды ауыл өмірімен таныстырып, қала мен ауыл арасында алтын көпір орнату. Сондай-ақ жуырда ғана Семей шаһарынан 300 шақырым жерде жатқан Қайнар ауылында «Ауылға сенеміз, Қазақстанмен мақтанамыз!» атты жастар керуені ұйымдастырылды. Бұл шараның мақсаты шалғайдағы ауыл жаста-рының мүмкіншілігін артты-ру болып табылады. Одан өзге алдағы уақытта При-речный, Шүлбі кенті сынды ауыл жастарымен кездесу және жыл соңында барлық ауыл жастарының басын қосатын өңірлік ауыл жастарының форумын өткізу жоспарланып отыр.
Жалпы, екі тоқсанның қорытындысы бойынша, 2 ауылға іссапар ұйым-дастырылып, 8 ауылдық округтің жастарымен іс-шаралар өткізілді.
Мұқыр ауылында Достық, Жиенәлі, Ертіс ауылдық округтерінің жастарына арналған оқыту курсы ұйымдастырылды. Курс екі бағыт бойынша (Дін және көшбасшылық) жүргізілді. Барлық қатысушыларға арнайы сертификаттар табыс етілді. Шараға жиыны 60 адам қатысты.
Сондай-ақ Қараөлең ауылдық округінде Ақбұ-лақ, Айнабұлақ, Абы-ралы, Алғабас, Қайнар ауылдарының жастары үшін жастар керуені ұйымдастырылды. Керуен аясында кіші футболдан жарыс өтті. Сонымен бірге ауылдық округтер арасында «Ауылға сенеміз, Қазақстанмен мақ-танамыз!» атты іс-шара ұйымдастырылып, Жұмыс-пен қамту орталығының маманы жастарға бос жұмыс орындары туралы ақпарат бердсе, тренерлер оқыту семинарларын өткізді. Шараға жалпы жиыны 200-ге жуық жас қатысты.
Айдос ТӨЛЕУХАНОВ, Семей қаласы{jcomments off}