"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

156 ЖАС ПРЕЗИДЕНТТІК КАДР РЕЗЕРВІНЕ ТАПСЫРДЫ

01.10.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Облыста 70 мыңнан астам мемлекеттік қызметкер жұмыс істейді. Оның 54 пайызын жастар құрайды. Бұл туралы аймақтық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің ШҚО бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызы мәлім етті.

Брифингте Президенттік жастар кадрлық резервіне қалай қатысуға болатыны туралы кеңінен түсіндірілді.

– Облыста 23-29 жас аралығындағы 86 адам жұмыс істейді. Ал 30-39 жас аралығындағы 518 қызметкер басшылық қызметтерді атқарады. Оның ішінде облыс әкімінің бір орынбасары, үш қала мен аудан әкімі, облыстық басқарманың 10 басшысы мен 45 ауылдық округтің әкімі бар, — деді Жанна Қабдолдақызы.

Президенттік жастар кадрлық резервіне қатысу үшін үміткерлерге бар болғаны PKRezerv.kz сайтына тіркелу қажет. Оған кемінде 5 жыл жұмыс өтілі бар, 35 жасқа толмаған Қазақстан Республикасының жоғары білімді азаматы үміткер бола алады. Тіркеу онлайн платформада жүргізілмек. Брифингке қатысқан «ҚР Президентінің жанындағы мемлекеттік басқару академиясының» ШҚО-дағы филиалының директоры Сергей Ковалев осылай деді.

– Бірнеше кезеңнен тұратын іріктеуде үміткерлер алдымен тестен өтіп, эссе жазады. Бұл қатысушылардың ой-өрісін, жазу қабілетін, ақпаратты сараптай алуы мен жеке қасиеттерін бағалауға мүмкіндік береді. Алғашқы кезеңнен сүрінбей өткендер бейнежазбалар арқылы өз жобаларын қорғайды. Жобалардың әлеуметтік маңызы болуы шарт. Әр кезеңнің бағасы есепке алынып, үміткерге орташа ұпай қойылады. Озып шыққандармен эксперттік комиссия жеке кездесу өткізеді. Ең көп балл жинаған қатысушылардың кандидатурасы Президенттік жастар кадрлық резервінің Ұлттық комиссиясының отырысында белгілі болады, — деді Сергей Ковалев.

ШҚО аймақтық коммуникациялар қызметі{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

23.10.2026
«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

Оюлы киім, күмістен соғылған әшекей, қолдан жасалған бұйым – әрқайсысы халқымыздың тарихы мен талғамынан сыр шертеді. Бүгінде осы мұраны сақтап...

Толығырақ...Details

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

23.10.2026
Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

Жуырда Астана қаласында балалар мен жастардың шығармашылық қабілетін қолдауға арналған «Мың бала» республикалық мәдени-ағартушылық жобасы өтті. Оған Абай облысының атынан...

Толығырақ...Details

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

22.10.2026
В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

С 5 октября по 5 ноября в области Абай проходит республиканское оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй». Его цель — выявление проблемных...

Толығырақ...Details

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

20.10.2026
Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

Семей қаласында 2026 жылдың қазан айынан бастап халықты маусымдық тұмауға қарсы егу жұмыстары жүргізілуде. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен...

Толығырақ...Details

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

19.10.2026
Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

Абай облысында есепті кезеңде 465 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 41%-ға аз. Алайда жол апаттарынан қаза...

Толығырақ...Details

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

19.10.2026
«Е-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

Әлеуметтік маңызы бар тауарлардың бағасы негізсіз көтерілсе, не істеу керек? Әлеуметтік маңызы бар тауарлар (ӘМАТ) – халықтың күнделікті тұтынатын негізгі...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«ABAI ШЕБЕР FEST»: Ұлттық өнерге жаңа тыныс

3 дня бұрын

Абай облысының өкілі «Мың бала» республикалық жобасында өнер көрсетті

3 дня бұрын

В области Абай проводится оперативно-профилактическое мероприятие «Қауіпсіз үй»

5 дней бұрын

Семейде тұмауға қарсы вакцинация жүргізіліп жатыр

6 дней бұрын

Абай облысында жол-көлік оқиғаларының саны 41%-ға азайды

1 неделя бұрын

«e-Otinish» ақпараттық жүйесі арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап

1 неделя бұрын

Бородулиха ауданындағы Петропавловка ауылында су құбырының 2,5 шақырымы жаңартылды

1 неделя бұрын

Берік Уәли сауда нысандарындағы кемшіліктерді 1 желтоқсанға дейін жоюды тапсырды

1 неделя бұрын

Берік Асылов Азия пара ойындарының жеңімпазы Еркін Ғаббасовты құттықтады

1 неделя бұрын

«Басталған іс аяқсыз қалмайды»

1 неделя бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС