"Семей таңы" газеті
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЕСҚАРАҒАЙ АУДАНЫНДА ЖАҢА ӘКІМ

06.11.2019
1
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Кеше Бесқарағай ауданына жаңа әкім тағайындалды. Өңірге жұмыс сапарымен барған аймақ басшысы Даниал Ахметов аудан активі және мәслихат депутаттарына жаңа әкімді таныстыра отырып, Дәулет Батырбаевтың өзіне жүктелген міндеттерді атқара алмағандығын, халықтан түскен арыз-шағымның көп болғандығын ашық айтты.

Бүгінгі мемлекеттік қызметтегі тренд қарапайым халықтың көңілінен шығу десек, көпшілік бұл кадрлық өзгерісті Дәулет Батырбаевтың жұмысына берілген заңды баға деп қабылдады.

Бесқарағай ауданына Президент әкімшілігі және аудандық мәслихаттың келісімімен Шалқар Заманбекұлы Байбеков әкім болып тағайындалды.

Шалқар Байбеков 1967 жылы 6 ақпанда бұрынғы Семей облысы Абай ауданында дүниеге келген. 1996 жылы Қазақстан мемлекеттік басқару академиясын  «Экономика» мамандығы бойынша, 2001 жылы Қазақстан мемлекеттік заң академиясын «Заңгер» мамандығы бойынша тамамдады.

Қызмет жолын 1988 жылы Семей облысы Жаңасемей аудандық инспекциясында аға инспектор болып бастады. 1990 жылдың шілде айынан бастап Семей салық инспекциясы саласында қызмет етті. 1999 жылдың ақпанынан бастап 2002 жылдың мамырына дейін Павлодар қаласы Салық комитетінің төрағасының орынбасары,  төрағасы болып жұмыс істеді. 2002 жылдың ақпанынан  2014 жылдың қыркүйек айына дейін Астана қаласы Салық комитеті төрағасы, Астана қаласы Алматы ауданы бойынша, Қарағанды облысы Салық комитетінің төрағасы, ҚР ҚМ Салық комитетінің ұйымдастырушылық қамтамасыз ету басқармасының басшысы, 2014 жылдың қыркүйек айынан  2017 жылдың тамызына дейін Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің  мемлекеттік бақылау  және ұйымдық-аумақтық жұмыс бөлімінің бас инспекторы, 2017 жылдың тамызынан бастап Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды.

Аймақ басшысы жаңадан тағайындалған әкімге бірқатар маңызды тапсырмалар жүктеп, көктемде келіп, атқарған жұмыстарын тексеретінін айтты.

Сонымен, ауданның бұрынғы әкімі Дәулет Батырбаев қызметтен кетті. Бұл кадрлық өзгеріс тосыннан болды деуге келмес. Керісінше, жергілікті халық көптен күткен шешім болатын…

Бізде қызметтен кеткен шенеунік жайлы ақпараттың соңында (мейлі лауазымы жоғарыласын, немесе төмендесін) «басқа жұмысқа ауысуына байланысты» деген тіркеменің қатар жүруі үйреншікті әдетке айналып кеткен. Лауазымды тұлғаның қызметі ауысып жатқанда жоғары билік тарапынан не үшін жұмыстан босатылып, не себепті басқа қызметке тағайындалып жатқандығы жайлы өркениетті елдерге тән ашық айту үрдісі әлі жеткіліксіз. Бірақ бұл жолы аймақ басшысы жайма-шуақтап, жұмсақтамай, әкімнің қызметтен кетуіне  халықтан түскен арыз-шағым мен өзіне жүктеген міндеттерді атқара алмағандығы себеп болғанын ашық айтты.

Сонымен, 2017 жылдың желтоқсан айында Бесқарағай жеріне басшылыққа тағайындалып, 2 айсыз 2 жыл уақытта Дәулет Батырбаев не тындырды?

Бүгін, Дәулет Батырбаев басшылық жасаған уақытта халықтың наразылығын тудырған мәселелерге тоқтала отырып, шешуін күткен сұрақтарға жаңа әкімнің назарын аудара кеткеніміз артық болмас.

Аудан орталығы Бесқарағай ауылында 80-ге тарта үйді көктем шыға су басып, тұрғындардың бұл орайда бейнет көріп келе жатқандарына бірнеше жыл болды. Жергілікті билік жыл сайын қар еріген соң мәселені шешуге уәде берумен келеді. Крыловтың «Шырылдауық шегірткесін» еске салатын жағдай… Қыр астындағы қысты халық тағы да үреймен күтуде…

Аудан орталығы Бесқарағай ауылында автовокзал үйінің жоқтығы — халыққа қолайсыздық туғызып жүрген, жергілікті билікке қанша айтылғанымен, шешімін таппай келе жатқан өзекті мәселелердің бірі. Жекешелендіру науқаны кезінде аудан орталығындағы бұрынғы жап-жақсы автовокзал ғимараты сатылып кеткен екен. Қазір жолаушылар автобусты ауылдың сыртында, далада қарсы алады. Жаздың аптап ыстығы мен қыстың сақылдаған сары аязында ашық аспан астында, паналайтын қалқа жоқ, жол бойында көлік күтудің азабын жолаушы ғана түсінер. Ал әкім мен оның командасы қоғамдық көліктің қызметін пайдаланбайтындықтан, халықтың мұңын қайдан түсінсін… Дәулет Батырбаев мырзаға осы мәселеге қанша мәрте айтылса да іс шешімін таппады.

Дәулет Батырбаев мырзаның мемлекеттік — жекеменшік әріптестік аясында балалар бақшасы мен жас мамандарға арнап 3 қабатты жатақхана салуға уәде бергенін де халық ұмыта қойған жоқ… Өкінішке орай, орындалмаған уәделердің қатарында қалды.

Тұрғын үй кезегінде тұрған бесқарағайлықтар арасында баспана салынса, әкімдіктің қызметкерлерінен аспайды деген пікір қалыптасқан. Ауданда үйлерін су басып кеткен халықтың жанайқайын ести тұра, әкімінің екі орынбасары — Бауыржан Баталов пен Нұрлан Борсықбаевтың қызметтік пәтер алғаны тұрғындар тарапынан аз наразылық тудырған жоқ. Аталған шенеуніктердің бірінің өзінің үйін жалға беріп, мемлекеттен тағы баспана алғандығы жайлы редакцияға келіп түскен арызға байланысты Батырбаевқа айтылып, газет бетінде жазылған да… Өкінішке орай, өзгеріс болған жоқ.

Бүгінгі таңда аудан орталығы Бесқарағай ауылындағы 5 мыңға таяу халықтың 80 пайызға жуығы — жергілікті ұлттың өкілдері. Біз елімізді мекендеп жатқан, Қазақстанды өз Отаны санайтын өзге ұлт өкілдеріне құрметпен қарап, олардың тілі мен салт дәстүрін сыйлаймыз. Кеңес тұсында орыс мектебі ғана болған, үлкен–кіші, кәрі жас түгелдей Одақ тілінде сөйлеп келген Бесқарағай ауылдық округі тұрғындарының 80 пайызының бүгінгі таңда өз қандастарымыз болуы — үлкен жетістік. Ендеше, ұмыт болған салт-дәстүрді қалпына келтіретін уақыт жетті дегенімізбен, «әттеген-айлар» да болып тұр. Ұлттық салт–дәстүрдің ұйытқысы ауыл басшысы болуы керек деп ойлаймыз. Өкінішке орай, елдіктің ісіне қызмет ететін кадр мәселесі — бұл ауданда ескерілмей келе жатқан кемшіліктердің бірі. Бесқарағай ауылдық округінің бүгінгі әкімі Юрий Алексеевич Сланицкий атты азамат ұлттық кодтың сақталуы мен қазақылықтың қайнарына терең бойлауға мұрындық бола алар ма екен?!

Нақты қай Владимир екенін кім білсін, әйтеуір, бесқарағайлықтар осы есімге тәуір–ақ тәуелді. Олай демеске амал жоқ. Аудан орталығы Большая Владимировканың аты Бесқарағай болып өзгертілгенімен, бұл округтегі мектеп әлі күнге Большая Владимировская ОМ болып тұр. Малая Владимировка атты ауыл бар… Ал осы елді мекендердегі мектептердің атаулары азаттықтың таңы атқанына ширек ғасырдан астам уақыт өтсе де селт етпей, Владимирдің құрметіне аталған күйі әлі күнге қасқиып тұр. Бесқарағай ауданындағы мектептер бүгінгі таңда Большая Владимировская ОМ, Малая Владимировка ОМ, Березовка ОМ, Долонь ОМ, Глуховка ОМ, Канонерка ОМ, Кривинка ОМ, Семеновка ОМ, Сосновка ОМ… болып аталады… Бесқарағай ауданындағы ауылдардың атаулары Канонерка, Кривинка, Глуховка, Малая Владимировка, Долонь, Мостик, Черемушка, Грачи, Карамурза, Букебай, тағысын тағы, осы типтес болып кете береді…

Бұрынғы аудан әкімімен кездескен кезде өңірдегі осы ономастика саласындағы олқылықтарды қалпына келтіру жұмысы жайлы қойған сауалымызға жарытымды жауап ала алмағанымызды жаңа басшы Шалқар Заманбекұлына құлаққағыс ете кеткіміз келеді.

Бесқарағайдағы ежелден келе жатқан таза қазақ ауылдарының бірі — бұрынғы Семияр, қазіргі Жетіжар. Осы ауылдағы білім ордасы бұл күндері «Семиярка орта мектебі» болып өзгеріссіз қалып отыр. Бұл — Кеңес Одағының Батыры Махмет Қайырбаевтың туған жері. Өкінішке орай, туған жерде батыр перзентін есте сақтарлықтай еш белгі жоқ. Орта мектепке осы батыр ауылдастарының атын беру жайлы ұсыныс ауыл тұрғындары тарапынан жергілікті билікке қанша айтылғанымен, жауапсыз қалып келе жатқанын да жаңа тағайындалған басшы ескерер деген үміттеміз.

Білім беретін шаңырақ өз атауын түземесе, ұрпақ санасында отаншылдық рухын қалай көктете алады?

Дәулет  Батырбаев басқарған уақытта Бесқарағайда қандай да бір жақсы өзгеріс болды дегенді естіген жоқпыз. Ең басты кемшілік — билік пен халықтың арасындағы байланыстың дұрыс жолға қойылмауы деп ойлаймыз. Кеткен әкім мен аудан тұрғындарының арасындағы келеңсіз ахуал бірлік жоқ жерде берекенің болмайтындығының тағы бір дәлелі емес пе?..

Бүгінгі Мемлекет басшысының әкімдерге қойып отырған талабы — қарапайым халықпен тікелей жұмыс жасап, мұң-мұқтажын ертеңге қалдырмай, сол жерде шешу. Бұл тұрғыдан алғанда, Дәулет Батырбаевты тәжірибесі аз жас болғандықтан жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмады деуге келмейді. Бесқарағайға дейін де аудан басқарды. Алайда елімізде өзекті мәселелер орын алып, әкімдердің жұмысы ерекше бақылауда тұрған кезде олқылықтарға жол берді. Басқарып отырған аудан тұрғындарының пікіріне құлақ түру мен өңірдің әлеуметтік-экономикалық тұрмыс-тіршілігіне жіті назар аударуды назардан тыс қалдырды.

Дәулет Батырбаевтың қызметтен кетуін, биліктің дұрыс қабылдаған шешімі деп есептейміз.

Қазір қарапайым халықтың шенділерге табыну үрдісі азайған. Керісінше, өзінің заңды құқығы арқылы басшылыққа талап қоя білетін, бастық атаулыға көзқарас өзгерген уақытта өмір сүріп жатырмыз.

Ардақты оқырман! Естеріңізде  болса, «Семей таңының» үстіміздегі жылдың 11 қаңтары күнгі санында «Ащы… Бірақ ақиқат» атты мақаламызды: «Одақтың одағай саясаты салдарынан ана тілі мен ұлттық дәстүрінен ажырап қалған өңірге халықтың озық дәстүрі мен тілін құрметтеуге қабілетті, іскерлік қасиеті мол, өресі биік, ауылдың тұрмысы мен шаруасын жетік білетін, ең бастысы, ұлтына жаны ашитын азамат басшылық жасауы керек. Жоғарыда айтылған жағдайларды шешуге ұлттық дәстүрден бейхабар, ана тілінің «уызына жарымай», асфальтта өскен Дәулет Батырбаев сияқты әкімнің қабілеті жетер ме екен?»- деп аяқтаған болатынбыз.

Жаңадан тағайындалған әкім Шалқар Заманбекұлының өмірдеректерінен қазақылықтың қаймағы бұзылмаған, ұлттық салт-дәстүрдің озық үлгілерімен сусындаған Абай елінде туып, мемлекеттік қызметтің жоғары сатыларынан өткен тәжірибелі басшы екендігін байқап отырмыз.

Ендеше, Бесқарағай ауданына тілі таза, ділі мықты, намысы бар бір қазақ басшылыққа келді деп қуанайық! Іске сәт!

Риза АСАНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Абай облысында 349 мың адам қатысқан тазалық жұмыстарының есебі тыңдалды

17.12.2025
«Таза Қазақстан»: Абай облысында 349 мың адам қатысқан тазалық жұмыстарының есебі тыңдалды

Semeytany.kz - Бүгін облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өңірде «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасының іске асырылу барысы талқыланған мәжіліс өтті. Жиынға...

Толығырақ...Details

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

17.12.2025
Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

Алматы қаласында қазақтың әйгілі опера әншісі, ұстаз, Социалистік Еңбек Ері Бибігүл Төлегенованың үйінің ауласында әскери оркестр әуен төкті. Алматы қаласы...

Толығырақ...Details

16 желтоқсан күні жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты (видео)

17.12.2025
16 желтоқсан күні жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты (видео)

Semeytany.kz - Батыс Қазақстан облысында болған ауыр жол апатынан 3 адам оқиға орнында қаза тапты. Тағы бір адам түрлі жарақатпен...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

17.12.2025
Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада өткен салтанатты жиында Қасым-Жомарт Тоқаев биыл Жұмысшы мамандықтары жылы аясында еңбек адамдарына ерекше құрмет көрсетіліп жатқанын атап өтіп, энергетика...

Толығырақ...Details

Президент: Маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғырту керек

17.12.2025
Президент: Маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғырту керек

Ақордада өтіп жатқан салтанатты жиында Мемлекет басшысы еліміздің өсіп-өркендеп келе жатқанына назар аударды. – Біз экономиканы және инфрақұрылымды дамытуға баса...

Толығырақ...Details

Ақордада энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат марапатталды

17.12.2025
Ақордада энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат марапатталды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев еліміздің энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқаны үшін бір топ азаматты мемлекеттік наградамен марапаттады. «Отан» орденімен Әбітаев...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Таза Қазақстан»: Абай облысында 349 мың адам қатысқан тазалық жұмыстарының есебі тыңдалды

8 часов бұрын

Алматыда әскери қызметшілер Бибігүл Төлегенованы туған күнімен құттықтады

12 часов бұрын

16 желтоқсан күні жантүршігерлік жол апатынан үш адам қаза тапты (видео)

13 часов бұрын

Мемлекет басшысы энергетика саласы қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

13 часов бұрын

Президент: Маңызды міндеттерді жүзеге асыру үшін энергетика саласын түбегейлі жаңғырту керек

13 часов бұрын

Ақордада энергетика саласын дамытуға елеулі үлес қосқан бір топ азамат марапатталды

13 часов бұрын

Мемлекет басшысы ресурстарды үнемдеп пайдалануға шақырды

13 часов бұрын

Камышенкада 100 орындық жаңа клуб есігін айқара ашты

13 часов бұрын

Петропавловкада 300 адамға лайықталған жаңа спорт-демалыс орталығы іске қосылды

13 часов бұрын

Абай облысы экономикасына жарты триллион теңгеге жуық қаржы құйылды

13 часов бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС