"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КЕЛЕШЕКТІҢ КЕДЕРГІСІЗ БОЛУЫ ҮШІН ДЫБЫСТЫ БАҒДАРШАМ ОРНАТУ МӘСЕЛЕСІ КӨТЕРІЛДІ

15.11.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

«Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалында партияның «Кедергісіз келешек» бағдарламасы аясында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған Ашық есік күні ұйымдастырылды. Іс-шараға «Nur Otan» партиясының Семей қалалық филиалы төрағасының орынбасары Айнұр Арғынбекова, қалалық жұмыспен қамту, сондай-ақ денсаулық сақтау бөлімінің мамандары қатысты.

Ашық күніне келген мүмкіндігі шектеулі жандар жергілікті атқарушы органдардың өкілдеріне сауалдарын қойды. Айталық, «Қазақ Соқырлар Қоғамы» қоғамдық бірлестігінің өкілдері қалада дыбысты  бағдаршам орнатуды өтінді. Олардың сөзінше, Соқырлар қоғамы мекемесінің жанына 2006 жылы дыбысты бағдаршам орнатылған. Бұдан басқа қалада дыбысты бағдаршам жоқ.

– Жол-көлік қозғалысы қиын Абай мен Шәкәрім, Қабанбай батыр — Шәкәрім көшелері қиылыстарына екі бағдаршам орнатылса деген өтінішіміз бар. Өзге қалаларда мұндай бағдаршамдар көп. Біздің бұл мәселені көтеріп келе жатқанымызға көп уақыт болды. Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Семей қаласына дыбысты бағдаршам орнатуға қаржы бөлінгенін айтты, — деді Никита есімді азамат.

Саңыраулар қоғамы жұмысқа орналасуда қиындықтардың көп екенін жеткізді. Олардың айтуынша, естуінде кемістігі бар жандарды ешкім жұмысқа қабылдағысы келмейді. 30 мың теңгеден асатын жәрдемақы да күнкөріске тақыл-тұқыл жетеді. Компьютерлік сауаттылықты үйрететін курстар ашылып, жұмыспен қамту орталығы мүмкіндігі шектеулі жандарға қатысты мәселелерді бақылауға алса деген тілектерін білдірді. Ал жиналғандар мұндай жағдайда Еңбек инспекциясы мүмкіндігі шектеулі жандарды жұмысқа қабылдаудан бас тартқандарға айыппұл салу керектігін айтады.

— Мүмкіндігі шектеулі жандар тарапынан айтылған барлық ұсыныстар мен сұрақтар партияның бақылауында. Бағдаршамдар жайлы жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің, жұмысқа орналасу жөнінде жұмыспен қамту бөлімінің басшысына сауалдар жолдап, сіздерге хабарлап айтатын боламын, — деді Айнұр Арғынбекова.

Сонымен қатар жиын барысында мүмкіндігі шектеулі жандарды мүгедектік тобына шығару туралы кеңестер берілді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

10.06.2026
101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында Шәкәрім университетінің стратегия және әлеуметтік даму жөніндегі проректоры Асқар Қасымов пен дәстүрлі әнші Қайрат...

Толығырақ...Details

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

10.06.2026
Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

На пресс-конференции в Региональной службе коммуникаций о предстоящем культурном проекте рассказали проректор по стратегии и социальному развитию Университета имени Шакарима...

Толығырақ...Details

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

10.06.2026
В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

В Департаменте полиции области Абай в рамках реализации Концепции по продвижению идеологии «Закон и порядок» на 2025–2030 годы состоялось мероприятие...

Толығырақ...Details

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

10.06.2026
«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2026 жылғы 29 мамырда Астана қаласында «Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» тақырыбында дөңгелек үстел...

Толығырақ...Details

«Заң керуені» акциясы өтті

10.06.2026
«Заң керуені» акциясы өтті

«Заң керуені» көшпелі акциясы аясында құқық қорғау және облыстық мемлекеттік органдар өкілдерінен құралған мобильді топ Семей қаласының тұрғындарына құқықтық көмек...

Толығырақ...Details

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

09.06.2026
Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

Абай облысында жазғы маусымға орай шомылуға арналған 16 ресми орын белгіленіп, су айдындарындағы қауіпсіздік шаралары күшейтілді және қауіпті учаскелерде тәулік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

101 жылдан кейін қайта жаңғырған дәстүр: Қайрат Қабышевтің рекордтық бастамасы ұлттық өнерді дәріптеуге бағытталған

2 часа бұрын

Традиция, возрождённая спустя 101 год: рекордная инициатива Кайрата Кабышева направлена на популяризацию национального искусства

2 часа бұрын

В области Абай ищут новые подходы к профилактике наркомании среди подростков

2 часа бұрын

«Ар азабы: құрбандар мен зардап шеккендерді толық ақтау – қоғам сұранысы» атты саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алуға арналған дөңгелек үстел өтті

2 часа бұрын

«Заң керуені» акциясы өтті

14 часов бұрын

Абай облысының құтқарушылары судағы қауіпсіз демалыс ережелерін еске салды

20 часов бұрын

Абай облысында инвестициялық жобалар саны төрт есеге артты

20 часов бұрын

Абай облысында демалыс орындарының санитариялық жағдайы тұрақты қадағаланады

23 часа бұрын

Абай облысында банкроттық рәсімін пайдаланғандар саны 2,4 мыңнан асты

24 часа бұрын

Елордадағы кітапханада мектепке дейінгі балаларға арналған экосағат өтті

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС