"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

КӘСІПОРЫНДЫ САҚТАП ҚАЛУҒА БОЛА МА?

15.11.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Заманында еліміздегі іргелі өндіріс орны саналған Семей былғары – мех комбинаты — бүгінгі нарықтағы жағдайларға біртіндеп бейімделіп, жұмысын жаңадан жүйелеп келе жатқан кәсіпорын. Әйтсе де аталмыш мекеме мен банк құрылымдары арасындағы қиындықтар өндіріс процесіне толыққанды кірісуге мүмкіндік бермей, тұйыққа тіреді. Бұл туралы кеше, апта бейсенбісінде кәсіпорын директоры Жұмағазы Рахымғалиев БАҚ өкілдері алдында мәлім етті.

Тоқтала кетсек, 2008 жылы Семей былғары — мех комбинаты мен Қазақстанның Даму Банкі арасында былғары өндірісін модернизациялау үшін 12 жылға 3,3 миллиард теңге банктік несие беру туралы келісім жасалған. Бұл қаржының 2,9 миллиард теңгесі игерілген. Алайда 2010 жылы банк тарапынан кепілдік мүліктің көлемін ұлғайту туралы заңсыз талап негізінде қаржыландыру тоқтатылған. Онымен қоса жұмысты жүргізу үшін айналымға да қаржы бөлінбегендіктен кәсіпорын жұмысын біржола тоқтатты. 1 700 адам жұмыссыз қалды. Ал еліміздегі аяқ киім фабрикалары отандық арзан шикізатсыз қалып, былғары аяқ киім өндірісі үлкен шығынға ұшырады.

Бұдан кейін банк тарапынан қаржыландыру болмаған. Ұзаққа созылған сот процестерінен кейін қарызды қайтару құқығы Қазақстанның инвестициялық қорына берілді. Бүгінгі таңда қарыз көлемі 2,3 млрд. теңгені құрайды. Нәтижесінде жұмысы тоқтап тұрған кәсіпорын қосымша 111 млн. теңге шамасында, еңбекақы қарызы 36 млн, басқа да берешектер бойынша 700 млн-ға қарыз болып отыр. Бүгінгі таңда, есепшоттарын пайдалануға тыйым салынғандықтан, кәсіпорын жұмыс істей алмайды.

ШҚО аппелляциялық сот алқасының 2019 жылдың 11 қарашасы күнгі қаулысымен, былғары — мех комбинатының мүлкі банк алдындағы қарыздан 15 есе көп болғанына қарамастан, кәсіпорын банкрот деп танылды.

— Семей былғары — мех комбинатының басшылығына жұмысты дұрыс ұйымдастыра алмаған деген кінә артылды. Алайда алғашқыда 40 адам ғана еңбек еткен кәсіпорындағы жұмысшылар санын 1700 адамға жеткізіп, үлкен ұжымға айналдырғанымыз есепке алынбады,- дейді мекеме басшылығы.

Біздің өнімдеріміз әлемнің 16 мемлекетіне экспортталса, оның ішінде АҚШ, Еуропа елдері, Оңтүстік Корея, Қытай, Үндістан бар. Тек Италияның «Ламипель» компаниясына  ғана 2008 жылға дейін 267 контейнер тауар жөнелтілген. Қорғаныс Министрлігіне, ІІМ, «ҚТЖ» ҰК»АҚ мен «ҚазМұнайГаз»  кәсіпорындарының барлық салаларына қыстық киімді осы комбинат дайындады. Бүгінгі таңда Италия, Германия және Қытай мемлекеттерінен бұл мекемемен жұмыс істеуге ниетті инвесторлар бар.

— Біз мемлекеттен көмек сұрап отырған жоқпыз. Тек кәсіпорынның банкрот деп танылғаны жайлы шешімді өзгертіп, жұмыс істеуге, салығымызды төлеп, Үкіметпен есеп айырысуға мүмкіндік берілсе деген өтінішіміз бар, — дейді Семей былғары-мех комбинатының директоры Жұмағазы Рахымғалиев.

Кәсіпорынның банкрот болуы салдарынан Семейдің ғана емес, еліміздің экономикасы да қажылық тұрғыдан үлкен шығынға ұшырайды. Жұмыс істеуге қабілетті кәсіпорынның мүлкі банкрот деп танылған соң металл қалдықтары саудасына түседі. Бюджетке қарыздың аз ғана бөлігі қайтарылады. Қазір кәсіпорын қаржыландырып отырған тазарту құрылғыларын бюджет тарапынан қаржыландыруға тура келеді.

Егер кәсіпорынның есепшоттарына салынған тыйымды алып, жұмыс істеуге мүмкіндік жасалса, Семей былғары-мех комбинаты қала бюджетін толықтыруға үлес қосып қана қоймай, отандық тауарды экспорттау арқылы ел экономикасын өркендетуге, жұмыссыздықты азайтуға да ықпал етер еді.

Өз тілшіміз

{jcomments off}

 

Ұқсас жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

13.11.2026
ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

Қазақстан тарихындағы алғашқы ауқымды республикалық кітап оқу марафоны «Кітап оқитын ұлт» миллион кітап белесінен асты. 59 күнде қатысушылар 1 102 560...

Толығырақ...Details

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

13.11.2026
Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

Үржар ауданында 2026 жылдың он айында негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 48,4 млрд теңгеге жетіп, өнеркәсіп өндірісі өткен жылдың сәйкес...

Толығырақ...Details

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

13.11.2026
Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

Қазақстанда атом электр станциясын салу аясында Үлкен ауылын тұрғын үйлер мен әлеуметтік инфрақұрылымды дамыта отырып, кешенді түрде өркендету жоспарлануда. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

1 час бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 часа бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 часа бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 часа бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

3 часа бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

3 часа бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

1 день бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

1 день бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

1 день бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС