"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БАСТАМАШЫЛ ЖАСТАР ФОРУМЫНДА

29.11.2019
4
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жастар жылы аясында сейсенбі, 26 қараша күні Семейде қалалық ішкі саясат бөлімінің қолдауымен, «Шығыс жастары» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен ауыл жастарының форумы өтті. Форум Абай кітапханасында өткен семинар-тренигтен басталды. Оған Семей қаласына қарасты он төрт ауылдық округтен сексенге жуық жас қатысты.

Жастар форумының ашылу салтанаты Абай атындағы облыстық әмбебап кітапханада өтті. Форум жұмысына жастар ұйымдары өкілдері, қалалар мен аудандардағы жастар ресурстық орталықтары директорлары мен SMM бөлімі мамандары, жастар мәслихаты депутаттары мен хатшылары, жоғары оқу орындары мен кәсіпорындардағы жастар ісі комитеті жетекшілері, жоғары және орта арнаулы оқу орындары студенттері, жас отбасылар, еріктілер мен белсенді жастар қатысты.

Іс-шара барысында қаты-                         сушылар «Тәуелсіздік және Тұңғыш Президент» тақы-рыбындағы Елбасының шығар-малары қойылған суретті кітап көрмесін тамашалады. Осыдан соң арнайы төрт жұмыс тобы құрылып, тренерлердің көмегімен семинар-тренингтер ұйымдастырылды. Мәселен, ҚазИГЗУ-де «Жастар ресурстық орталықтарының тиімділігін арттыру» тақырыбы бойынша, қалалық ақпараттық орталықта SMM, копирайтинг бойынша семинар-тренинг болып өтті.

Ал Абай кітапханасындағы оқыту семинары «Мемлекеттік және халықаралық гранттар конкурстарына жастардың үкіметтік емес ұйымдардың атынан қатысуы» деп аталса, аталмыш кітапхана жанынан ашылған «Білім орталығы» коворкинг-орталығындағы семинар-тренинг «Жастармен жұмысты ұйымдастыру: әдістері, формалары» тақырыбына арналды.

Барлық жұмыс топтары бойынша жастардың қатысу белсенділігі анағұрлым жоғары болғанын айта кету ләзім. Мәселен, тренер Айдын Қайырбекұлы өткізген жиында арнайы гранттар конкурсына жастардың үкіметтік емес ұйымдар атынан қатысуы мәселелері қозғалды. Бұл ретте тәжірибелі тренер гранттар конкурсына қатысу үшін қандай іс-шаралар жүргізу керектігін түсіндіріп өтті. Сонымен қатар жоспар құру, жоба әзірлеуде көзделетін негізгі мақсат және оны қорытындылау туралы мағлұматтар берді.

Өз сөзінде жоспар құруда шетелдік әдіс-тәжірибелерге сүйену де артықтық етпейтінін айтқан Айдын Қайырбекұлы қазіргі кезеңде қазақ жастарына әлі де болса сауаттылық жетіспейтіндігін атап өтті. Сонымен қатар грантты ұтып алу үшін конкурс шарттарын дұрыс орындау мәселесі жайында да айтылып, әлеуметтік жобаларды әзірлеу мен мемлекеттік тапсырыстарды орындау үшін еліміздің қолданыстағы заңнамасын білудің маңызына да тоқталды.

Семинар-тренингте сондай-ақ мемлекеттік емес ұйымдар үшін берілетін гранттарға қол жеткізудегі қиындықтар мен оны жеңудің жолдары туралы да айтылды.

Ауыл жастарына кәсіпкер-ліктің қыр-сырын үйрету мақсатында «Шығыс жастары» қоғамдық қорының ұйым-дастыруымен өткен семинар-тренингте сөз алған «Шығыс жастары» қоғамдық қорының директоры Айдос Төлеуханов:

— «Шығыс жастары» қоғамдық қоры Жастар жылы аясында Семей қаласына қарасты он төрт ауылдық округте түрлі тақырыпта шеберлік-сыныптарын, спорттық ойындар өткізіп келеді. Жыл соңында белсенділік танытқан ауыл жастарының үздіктерін Семей қаласына шақырып отырмыз. Олар бүгін кәсіпкерлік негіздерін үйрететін семинар-тренингке қатысатын болады. Сонымен қатар «240 сағат ауылда» жобасы негізінде қала жастарын ауылға апарып, тыныс-тіршілігімен таныстырдық. Олар қой бағу, сиыр сауу, малға шөп салу сынды күнделікті тірлікпен танысып, ауыл жастарымен етене араласып кетті,- дейді.

Бүгінде ауылдағы жастардың саны аз болғанымен, олар да өз кәсіптерін бастай алады. Бұл үшін «Жас кәсіпкер», «Бастау бизнес» жобалары жүзеге асуда.

— Ауылда да бизнесті дамытуға болады. Мәселен, тіл үйрететін орталықтар, компьютер орталықтары, шаштараз сұранысқа ие. Ауыл жастарына осындай семинар-тренингтер мен шеберлік сыныптары өте қажет деп ойлаймын, — дейді Шақаман ауылан келген қатысушы Әлия Рахымғалиева.

Семинар-тренингті қаламыз-дағы «Intellectuall» білім беру орталығының директоры Еркебұлан Тұрсын жүргізіп, тәжірибесімен бөлісті. Жас кәсіпкердің айтуынша, кәсіп бастайтын адамға ең алдымен сенімділік қажет. «Сен өз кәсібіңе күмәнмен қарасаң, өзгелерді де сендіре алмайсың»,- дейді Еркебұлан Тұрсын.

Семинар-трениг соңында барлық қатысушыларға сертификаттар табысталды.

Азамат ЕРСАЙЫН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

01.10.2026
Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

Ұлттық ойындар – ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келе жатқан мәдени мұра ғана емес, адамның ойлау қабілетін, зейінін, сабырлылығы мен тапқырлығын дамытатын...

Толығырақ...Details

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

01.10.2026
Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

Мектеп дәлізіндегі жайқалған гүлдер, апельсин мен мандарин көшеттері, су айдындарын тазартуға арналған роботтардың үлгілері – Бесқарағай ауданындағы №1 орта мектеп...

Толығырақ...Details

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

01.10.2026
Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

Қазақстанда атқарушылық өндіріс саласына енгізілген жаңа өзгерістер борышты өндіріп алу тәртібін жетілдіріп қана қоймай, азаматтардың құқықтарын қорғауға да бағытталып отыр....

Толығырақ...Details

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

30.09.2026
Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

Абай облысында туризм және спорт салаларын дамытуға бағытталған бірқатар жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы облыс тұрғындарымен кездесуде Туризм және...

Толығырақ...Details

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

30.09.2026
Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

Абай облысында Дүниежүзілік туризм күніне орай «Бір күн – бір алаң» атты ауқымды шара өтті. Онда өңірдің 12 ауданы мен...

Толығырақ...Details

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

30.09.2026
Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму бағытында бірқатар жұмыстар атқарылып, ауыл шаруашылығы, инфрақұрылым, кәсіпкерлік, әлеуметтік сала және туризм бағыттарында жобалар жүзеге асырылуда....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Семейде ұлттық ойындардан зияткерлік-спорттық сайыс өтті

20 минут бұрын

Экологиялық идеялар – іс жүзінде: Абай облысы оқушыларының жобалары

1 час бұрын

Борышты өндіріп алуда не өзгереді?

1 час бұрын

Абай облысында туризм және спорт инфрақұрылымы дамып келеді

18 часов бұрын

Абай облысының туристік әлеуеті бір алаңда таныстырылды

18 часов бұрын

Бесқарағай ауданында әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері артып келеді

1 день бұрын

Абай облысында «Әділет» партиясының қоғамдық қабылдауында балалар мен отбасылардың мәселелері қаралды

2 недели бұрын

1 қыркүйектен бастап шағын жинақты мектептерге жасанды интеллектіні енгізу бойынша пилоттық жоба іске қосылды

2 недели бұрын

Абай ауданында туризмді жандандыру бағытында маңызды жобалар қолға алынуда

2 недели бұрын

«Қаладан – ауылға» жобасы: 50 отбасы ауылға қоныс аударды

2 недели бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС