"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Біздің № 1»

29.11.2019
5
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Сәрсенбі, 27 қараша күні Абай кітапханасында Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпованың қатысуымен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған «Біздің № 1» жастар форумы өтті.

Жастар жылын қорытындылау аясында Әсем Бекқызы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы Жанна Қабдолдақызымен бірге облыстағы белсенді жастармен кездесу өткізді. Семейдегі кездесу барысында жастар жетістіктерімен бөлісіп, алға қойған мақсаттары, жоспарлары туралы айтып, пікір алмасты. Олардың арасында Ресейдің Қазан қаласында өткен 45-ші «WorldSkills Kazan — 2019» әлем чемпионатында «Ұлттың үздік өкілі» медалін жеңіп алған Александр Бэтцольд, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университетінің 4 — курс студенті Еркежан Досмұхаметова, С.Аманжолов атындағы ШҚМУ-дың 3-курс студенті, облыс әкімі грантының иегері Виктория Кузнецова; «Серпін-2050» бағдарламасының түлегі Дәурен Құлбеков, Семей медициналық университетінің 5 — курс студенті, QazMedVolunteers еріктілер қозғалысының төрағасы Гүлфайруз Тукинова, «Жас кәсіпкер» жобасының қатысушысы Айдын Серікқазин, Қазақстан Жазушылар одағы Семей қаласындағы филиалының төрағасы, «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері Мерей Қарт және өзге де талантты жастар болды.

— Мен қазір мехатроника және мобильді робототехника саласындағы тәлімгермін. Біздің тәрбиеленушілер Австрияда өтетін Euroskills, сондай-ақ Біріккен Араб Әмірліктерінде өтетін WorldSkills Asia әлем чемпионаттарына қатыспақ. Жақында ғана біздің колледж «Жас маман» жобасының жеңімпазы атанды. Біз мұнымен тоқтамаймыз. Кәсіби шеберлігімізді одан әрі дамытып, биік шыңға шығатынымызға сенімдімін,- дейді Александр Бэтцольд.

Нұр-Сұлтан қаласында өткен V Республикалық «Wordskills Kazakhstan – 2019» чемпионатында Шығыс Қазақстан облысының командасы жеңімпаз атанып, соның ішінде Семей Электротехникалық колледжінің студенттері жүлденің басым бөлігін қоржынға салған еді.

«Жас кәсіпкер» бағдарла-масының қатысушысы Айдын Серікқазин қымыздан балмұздақ жасау, Ирина Самойлова «Zhas project» асяында «DonutKing» жобасын жүзеге асырған.

«Толағай сұлтаны — 2019» І Халықаралық байқауының жеңімпазы Айдос Үркімбай шығыс жастарын ұлы Абайдың 175 жылдығын мерекелеу аясында өткізілетін барлық шараларға белсенді қатысуға шақырса, Көкпекті аудандық ауруханасының педиатры Меруерт Омарбекова «Дипломмен — ауылға» бағдарламасына қатысудың артықшылықтары туралы айтты. «Алтай — 2019» ІT-Хакатон байқауының жеңімпазы Сырым Бауыржан спорттық немесе олимпиадалық бағыттағы мектептер мен университеттер үшін оқу-білім беру порталын құру идеясымен бөлісті.

Жиынды қорытындылаған Мерей Қарт «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында шығыстағы жас ақын-жазушылардың шығар-малары енген «Абай әлемі» атты кітаптар сериясы үшін Шығыс Қазақстан облысының әкімі Даниал Ахметовке алғыс білдірді.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»

{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

20 часов бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС