"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

БЖЗҚ ӨЗ ҚЫЗМЕТІНДЕ ЦИФРЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ КЕҢІНЕН ПАЙДАЛАНУДА

04.12.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры өз салымшыларының ұсыныс-тілектерін ескере отырып, көрсететін қызметтерін үнемі жетілдіруде

Халық арасында зейнетақыны жоспарлау мәдениетін қалыптастыру және еңбекке қабілетті азаматтардың барлығын жинақтаушы зейнетақы жүйесіне тарту – Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының алдына қойған басты міндеттерінің бірі. Әрине, оны жүзеге асыру үшін ең алдымен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін арттыру керек. Ал бұл заманауи технологияларды қолдануды талап етеді. БЖЗҚ бұл тұрғыда заман талаптарынан қалыс қалмай, өз жұмысында ғылыми-техникалық прогресс жетістіктерін кеңінен пайдаланып келеді. Соның арқасында Қордың көрсететін қызметтерінің барлығы дерлік электрондық үлгіге ауыстырылған.

Бұл ретте Қордың ENPF мобильді қосымшасының орны бөлек. Ол бүгінде салымшылар мен алушылар арасында ерекше сұранысқа ие. Бұдан бес жыл бұрын БЖЗҚ мамандары әзірлеген қосымша бүгінде барынша ыңғайлы бола түскен.

Қордың қазақ және орыс тілінде жұмыс істейтін ұялы қосымшасы арқылы жеке зейнетақы шотынан үзінді көшірме алуға, сондай-ақ зейнетақы активтері бойынша ағымдағы көрсеткіштерді, шарттардың деректемелерін, жаңалықтарды, Қор филиалдарының байланыс нөмірлері мен мекенжайларын көруге болады. Таяуда осы қызметтердің қатары жаңа мүмкіндіктермен толықты. Олар: болжамды зейнетақы калькуляторы, онлайн-бот және халықтың әлеуметтік тұрғыдан осал топтарына өтініш жасауға мүмкіндік беретін қызметтер. Зейнетақы калькуляторы арқылы болашақ зейнетақыны есептеуге мүмкіндік берілсе, онлайн-бот арқылы жиі қойылатын сұрақтарға жауап алуға болады.

Пайдаланушылар ұялы қосымшада тіркелу үшін бір реттік парольді қолдана алады. Пароль ұялы телефонға SMS-хабарлама ретінде жіберіледі.

Ұялы қосымшада екі әдіс бойынша: жеке сәйкестендіру нөмірі (ЖСН) мен құпиясөзді (пароль) енгізу және электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалану арқылы авторлануға болады. Сонымен қатар пайдаланушы Android пен IOS операциялық жүйесіне арналған, Touch ID және IOS жүйесіне арналған Face ID сканерлік жүйесін қолдана алады.

Қордың ұялы қосымшасы, әдеттегідей, Google Play және AppStore дүкендерінен жүктеліп алынады.

«БЖЗҚ» АҚ ұялы қосымшасы жаңғыртылғанға дейін оны 2,5 миллионнан астам адам жүктеген. Қордың аталмыш электрондық қызметі бүгінде салымшылар мен алушылар арасында ерекше танымал.

Айта кетелік, «БЖЗҚ» АҚ өзінің ұялы қосымшасын алаяқтар мен хакерлердің шабуылынан қорғауға ерекше көңіл бөледі. Сондықтан жеке ақпараттардың құпия сақталуына уайымдаудың еш қажеті жоқ.

Push-хабарлама

Push-хабарлама –Қордың ENPF ұялы қосымшасының жаңадан енгізілген қызметі. Оны пайдалану үшін ұялы қосымшаны ашып, «Баптау» бөліміне кірген соң, (push-хабарламаны қосу/өшіру) осы қызметті іске қоссаңыз болды. Сонда, зейнетақы шотыңызға міндетті және міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары келіп түскен сәтте, экранда пайда болатын қысқаша хабарлама Сізге бұл туралы дер кезінде хабарлап отырады.

БЖЗҚ телеграм-боты

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры ұялы қосымшаны ғана емес, салымшыларға ыңғайлы болуы үшін танымал мессенджерлерді де енгізіп, дамытып жатыр. Мысалы, бір жылдан бері БЖЗҚ-ның танымал Telegram мессенджеріне арналған арнайы боты жұмыс істеп келеді. Ол бірқатар қызметтерді қамтиды. Олардың ішінде бастапқы кеңес беру қызметі бар. Сәйкесінше, үйден шықпай-ақ, смартфон арқылы кішігірім үзінді көшірме алуға, Жеке кабинеттің паролін қайта қалпына келтіруге, БЖЗҚ-ның маңызды жаңалықтары және ағымдағы көрсеткіштерімен танысуға, сондай-ақ Қордың жақын маңдағы бөлімшесін іздеп табуға болады. Бұдан басқа ағымдағы валюта бағамын білуге, жол қозғалысы ережесіне қатысты айыппұлдың бар-жоғын тексеруге және басқа да қызметтерді пайдалануға мүмкіндік бар.

Телеграм-бот арқылы үзінді көшірме алу үшін зейнетақы шотынан ақпарат алудың интернет-байланысы тәсілін таңдау керек. Бұл үшін Қордың кез келген бөлімшесіне барып, қосымша келісімге қол қойып, пароль ала аласыз. Еске саламыз, электрондық цифрлық қолтаңбаны қолдана отырып, БЖЗҚ сайтының Жеке кабинетінде хабарлау тәсілін өзгертуге болады.

Таяуда Телеграм-ботта жаңа – оператормен байланысқа шығу қызметі іске қосылды. Енді, роботтан алған алғашқы кеңеске көңіліңіз толмаса, сауалыңыз автоматты түрде кеңесшіге жолданады.

Бүгінде БЖЗҚ-ның мессенджер-арналарын күн сайын 10 мыңнан астам адам пайдаланады. Бұл Қордың электрондық қызметтерінің танымал екендігін көрсетеді. Салымшылар өтініш берудің осындай форматтарын жиі пайдалануда. Мұның өзі БЖЗҚ боттарының ыңғайлы әрі көп атқарымды екендігін білдіреді.

Өз деректемелеріңізді тексеріп тұрыңыз!

Соңғы кездері Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорының электрондық поштасына «Бір реттік парольді жеткізу мүмкін болмай жатыр» деген сипаттағы хабарламалар жиі түсіп жатыр. Орын алған жағдайға байланысты «БЖЗҚ» АҚ жауапты тұлғалары арнайы тексеру жүргізіп, мынадай қорытынды шығарды: Қордың ұялы қосымшасы мен сайты ойдағыдай жұмыс істеп жатыр. Бұл ретте БЖЗҚ дерекқорында салымшының электрондық поштасы және/немесе ұялы телефонының нөмірі дұрыс жазылмаған жағдайда ғана Қор сайтының Жеке кабинетіне кіру мүмкін еместігін айта кеткен жөн. Сондықтан Жеке кабинет арқылы жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алуға қол жеткізу үшін (жеке басты куәландырушы куәліктің түпнұсқасымен) «БЖЗҚ» АҚ бөлімшесіне барған кезде электрондық поштаңыз және/немесе ұялы телефоныңыздың дұрыстығын, маңыздылығын тексеріп тұруыңызды сұраймыз

Еске саламыз, электрондық пошта мен ұялы телефонның нөмірі Жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алу тәсілін өзгерту (белгілеу) туралы келісімде көрсетіледі.

Қорыта келе айтар болсақ, БЖЗҚ заман талаптарына сәйкес, салымшылары мен алушыларына барынша ыңғайлы болуы үшін жаңа қызметтерді енгізіп жатыр. Бұл ретте жинақтаушы зейнетақы жүйесіне қатысушылардың ұсыныс-тілектері де назардан тыс қалмай, толығымен ескерілуде.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Абай облысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

28.04.2026
Абай облысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Абай облысында республикалық ақпараттық-түсіндіру тобының қатысуымен дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары өтті. Іс-шаралар Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі Дін істері...

Толығырақ...Details

Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты

28.04.2026
Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәли төрағалығымен өткен әкімдік отырысында ауыл шаруашылығы жерлерін айналымға енгізу, қоныс аударушыларды қабылдау және...

Толығырақ...Details

Семейдің даму жоспары талқыланды

28.04.2026
Семейдің даму жоспары талқыланды

Semeytany.kz – Облыс әкімі Берік Уәлидің төрағалығымен өткен әкімдік отырысында Семей қаласын дамыту жоспары қаралды. Жиында қала әкімі Әділет Қожанбаев...

Толығырақ...Details

Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасы мен вокзалдарды жаңарту барысы қаралды

28.04.2026
Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасы мен вокзалдарды жаңарту барысы қаралды

Semeytany.kz – Бүгін облыс әкімі Берік Уәли «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Талғат Алдыбергеновмен кездесті. Жиынға өңірлік басқарма...

Толығырақ...Details

Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

27.04.2026
Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

Ұлыбританияның Хэрогейт қаласында Institution of Engineering and Technology ұйымдастырған беделді UK First Lego League Championship халықаралық робототехника чемпионаты өтті. Қазақстан...

Толығырақ...Details

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

27.04.2026
Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қасым-Жомарт Тоқаев экобелсенділермен бірге елорданың «Самал» саябағында ағаш отырғызды. Бұдан кейін Президентке жауапты мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Абай облысында дін саласындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жүргізілді

7 часов бұрын

Облыста жерді игеру мен көші-қон мәселесі күн тәртібіне шықты

8 часов бұрын

Семейдің даму жоспары талқыланды

8 часов бұрын

Абай облысында «Бақты – Аягөз» теміржол жобасы мен вокзалдарды жаңарту барысы қаралды

8 часов бұрын

Елордалық оқушылар Ұлыбританиядағы халықаралық чемпионаттың жеңімпазы атанды

23 часа бұрын

Мемлекет басшысы «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясына қатысты

23 часа бұрын

Семейде санитариялық талаптардың сақталмауына байланысты 41 өтініш түсті

24 часа бұрын

Олжас Бектенов «Самұрық-Қазына» АҚ директорлар кеңесінің отырысын өткізді

1 день бұрын

Аида Балаева: Балалардың жазғы демалысы қауіпсіз, сапалы әрі сауықтыруға бағытталған болуы тиіс

1 день бұрын

Олжас Бектенов ауыл шаруашылығы техникасын өндіруші әлемдік компаниялармен кездесу өткізді: Қазақстанда өндірісті локализациялау бойынша жаңа келісімдерге қол қойылды

1 день бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС