"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҰРПАҚ ТӘРБИЕСІ — ОРТАҚ ТАҚЫРЫП

05.12.2019
2
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда қаламыздағы экономика лицейінде қалалық білім бөлімінің ұйымдастыруымен «Отбасы-Мектеп-Қоғам» атты тақырыпта дөңгелек үстел болып өтті. Аталмыш басқосуға атқарушы билік өкілдері мен қамқоршылық кеңес және шаһардағы ұйымдар төрағалары, білім беру мекемелерінің басшылары, ата-аналар қауымдастығының өкілдері жиналып, бала тәрбиесі мәдениетін қалыптастыру бойынша келелі кеңес өткізді.

Диалог, пікір алмасу форматында өткен жиында негізінен отбасы, мектеп және қоғам арасындағы бала тәрбиесіне байланысты  ықпалдастық мәселелері кеңінен сөз болды. Сөз алғандар әуелгі кезекте бала тәрбиесіне жауапты тұлғалардың, оның ішінде педагогтар қауымының кәсіби біліктілігі туралы ғана емес, заманауи әдістемелік тәсілдердің тиімділігі және ата-анамен байланыста болудың маңыздылығы жайында да пікір өрбітті.

Сонымен қатар, белсенді азаматтық қоғам қалыптастырудағы балаларға берілуі тиіс патриоттық тәрбие туралы тұшымды көзқарастар мен ғылыми негіздегі дәйекті тұжырымдамалар ортаға салынды. Мұнымен қатар, өскелең ортада адами құндылықтарды дәріптеу мен жастар санасына адамгершілік туралы ұғымдарды сіңіре отырып, олардың коммуникативті, жан-жақты дамыған тұлға болып қалыптасуы үшін атқарылар маңызды іс, кешенді шаралар жайы да әңгіме тиегіне айналды.

Аталмыш тақырыпта сөз алғандар арасында Шәкәрім атындағы университеттің геодезия және құрылыс кафедрасының профессоры Алексей Коновалов келелі баяндама жасады.

— Мен сіздердің назарларыңызға тақырып аясында бірнеше әдістемелік материалдар ұсынғым келеді. Отбасы, мектеп және қоғам арасындағы ықпалдастық бұл әлемдік деңгейдегі аса күрделі мәселе. Бұл ретте біздің әлеуметтік орталық жиі-жиі қаламыздағы мектеп түлектерінің және студент жастардың арасында сауалнама жүргізеді. Олардың барлығы да бірауыздан мектептегі берілетін тәрбиеге баса назар аудару керектігін алға тартады. Әлеуметтану тұрғысынан қарастырсақ, мәдениет дегеніміз білім және оны тиімді пайдалана білу деген ұғымды білдіреді. Ал, білім дегеніміз аясы өте кең ұғым. Осы ретте айтарым, бала тәрбиесінде, оның бойында ізгі қасиеттер мен қатар мәдениет қалыптастыруда мектеп пен отбасы және оның қоршаған ортасының қосар үлесі аса мол, — деп дәйекті пікір білдіріп өткен профессор тақырып төңірегінде бірқатар ой өрбітті.

Қалалық білім бөлімінің басшысы Наталья Фесенко да сөз алып, қазіргі таңдағы еліміз бойынша қолға алынып отырған білім мен тәрбие беру мәселелері төңірегінде пікір білдіріп, басшы ретіндегі өз ойын жеткізді.

Басқосу барысында сонымен қатар білім бөлімінің мамандары, педагогтер қауымы, мектеп директорлары, қоғам белсенділерімен бірге берекесіз отбасылар мен толық емес жанұялар балаларына тәрбие беру жайын да тақырып өзегіне айналдырды.

Ал, жиын соңында барша қатысушылар бала тәрбиесіне тек мектеп пен ата-аналар қауымы ғана емес, бүкіл қоғам мен оның әрбір мүшесі жауапты деген тоқтамға келді.

Әлібек КЕМЕЛХАН, «Семей таңы»{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Тереңнен тамыр тартқан мемлекеттігіміздің жаңа кезеңіне қадам басқалы тұрмыз. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім...

Толығырақ...Details

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

26.06.2026
30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

Қазақстан Парламенті отыз жылдан астам уақытта 3,5 мыңға жуық заң қабылдап, елдің құқықтық жүйесін қалыптастыру мен мемлекеттілікті нығайтуға елеулі үлес...

Толығырақ...Details

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

26.06.2026
Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында Сенат және Мәжіліс депутаттарына ризашылығын білдірді. — Мен Парламенттегі қайнаған еңбектің, онда...

Толығырақ...Details

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

26.06.2026
Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев жаңа Құрылтайдың технологиялық прогрестің жетекші факторы боларына үміт білдірді. Депутаттар заң шығару қызметінде цифрлық технологиялар мен...

Толығырақ...Details

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

26.06.2026
Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

Қазақстан президенттік республика болып қала береді. Бұл туралы Парламент палаталарының бірлескен отырысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мәлім етті. — Мемлекеттік...

Толығырақ...Details

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

26.06.2026
Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент палаталарының бірлескен отырысында жаңа конституциялық орган — Қазақстан Халық Кеңесінің атқаратын қызметтері жөнінде мәлімдеме жасады....

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Президент Құрылтай жөнінде: бұл өзгеріс Қазақстанда тарихи сабақтастық бар екенін анық көрсетеді

2 часа бұрын

30 жылда Парламент 3,5 мыңға жуық заң қабылдады — Президент

2 часа бұрын

Президент: кейінгі үш жылда 300-ден астам өте маңызды заң қабылданды

2 часа бұрын

Президент: Электрондық Парламентті дамытуға басымдық беріледі

2 часа бұрын

Тоқаев Құрылтайдың алдында қандай міндет тұрғанын атады

2 часа бұрын

Қазақстан халқы ассамблеясына тиесілі болған қызметтік міндеттер Халық кеңесіне өтеді — Тоқаев

2 часа бұрын

Ұлттық банктің негізгі пайыздық ставкасына қатысты мәселені пайымдап шешу керек — Президент

2 часа бұрын

Мемлекет басшысы: 20 миллион шаршы метрден астам тұрғын үй салынды

2 часа бұрын

Тоқаев: Алдағы екі жылда 200-ден астам жаңа өндіріс орны ашылады

2 часа бұрын

Президент Қазақстанды Еуразияның іскерлік хабына айналдыру жөнінде айтты

2 часа бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС