"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

«Абай әлемі» КІТАПСҮЙЕР ҚАУЫМДЫ тағы қуантты

24.12.2019
9
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Өткен жұма, 20 желтоқсан күні Абай театрында Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ШҚО әкімдігінің қолдауымен жарық көрген «Абай әлемі» кітаптар топтамасының кезекті тұсаукесер рәсімі өтті. Жоба Қазақстанның мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, өлкемізден шыққан тұлғаларымыздың атын әйгілеуге, көркем әдебиет арқылы жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталған.

Кітаптар топтамасында шығыс өңірінен шыққан ақын-жазу-шылардың, өнер адамдарының әртүрлі әдеби жанрды қам-титын түрлі тақырыптардағы шығармалары жарық көрген. Қызығушылық танытқан оқырман алдағы уақытта кітаптарды облыстағы кітапханалардан және ҚР ҰЭК қорынан оқи алады. Ақын-жазушылардың шығармаларын бағалау және жариялау жөніндегі кеңеске жазушы, КСРО, Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Медеу Сәрсеке жетекшілік етуде.

!«Абай әлемі» кітаптар топтамасының биылғы, екінші басылымында Нұр-Сұлтан қаласындағы «Фолиант» баспасынан 9 жеке автордың кітабы мен 3 шығармалар жинағы — барлығы он екі кітап 6500 данамен жарық көрді. Орыс халқының Императорлық жағрафиялық қоғамының Батыс-Сібір Семей бөлімшесі мүшелерінің Шығыс Қазақстан туралы ХІХ-ХХ ғасырларда жазған зерттеулері «Краеведы ХІХ-ХХ веков о восточном Казахстане» деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып орыс тілінде, өлкетанушы, шежіреші Станислав Черныхтың архив материалдары мен әдеби деректер негізінде дайындалған еңбектері жеке кітап ретінде басылып шықты. Бұдан басқа ұлы Абайдың ақындық үлгісін жалғастырған дарынды шәкірті Нұрлыбек Баймұратовтың, танымал айтыскер ақын Қалихан Алтынбаевтың шығармалары, 2018 жылғы Мемлекеттік сыйлықтың иегері Тыныштықбек Әбдікәкімовтің философиялық өлеңдері, Ба-қытжан Раисованың лирикалық өлеңдері, Көпен Ерқасовтың таңдаулы шығармалары, қаламгер Айтмұхамбет Қасымовтың төл туындылары, жерлесіміз, танымал жазушы Георгий Гребенщиковтің көшпелі қазақтардың өмірі жайлы этнографиялық очерктері мен повестерінің аудармасы қазақ тілінде жарық көрді.

Мемлекеттік «Серпер» сый-лығының лауреаты, «100 жаңа есім» республикалық жобасының жеңімпазы Ержан Жұмабек және Ольга Асташенко, Медет Божан, Наталья Викс, Жасұлан Мақай сынды шығысқазақстандық жас таланттардың шығармалары «Жастықтың оты жалындап» деген атпен жарық көрсе, «Дарын» мемлекеттік сыйлығының иегері Мерей Қарт пен халықаралық байқаулардың лауреаттары Бау-ыржан Игілік, Қызырбек Дүр-гінбайұлы, Александр Мещеряков тәрізді жас ақындардың туындылары жеке кітап болып оқырмандармен қауышты.

– Тұғырлы Тәуелсіздікке қол жеткен уақыттан бастап қазақ халқы өзінің дәстүр-салтымен, рухани қазынасымен қайта қауышты. Ұмыт болған ұлы есімдер қайта оралды. Облыс әкімі Даниал Ахметовтің қолдауымен екінші жыл қатарынан Елбасының «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Абай әлемі» кітаптар топтамасын шығаруды қолға алдық. Бұл жоба ұлы Абай, кемеңгер Шәкәрім, дана Мұхтар шығармаларын шығарудан бастау алып, қазақ әдебиеті тарихынан маңызды орын алатын бірқатар қаламгерлердің шығармалары және Жастар жылы аясында дарынды жастардың шығармалары жарық көрді. Келер жылы ұлы Абайдың 175 жылдық мерейтойына арнап «Абай әлемі» жобасын жаңа кітаптармен толтыру жоспарланып отыр. Осы сәтті пайдаланып, белгілі жазушы, біздің жерлесіміз Медеу Сәрсеке ағамызға және жобаны жүзеге асырған редакция ұжымына үлкен жұмыс атқарғаны үшін зор алғыс білдіремін,- деді қала әкімі Ермак Сәлімов.

Шара барысында «Невада — Семей» антиядролық қозғалысының 30 жылдығына орай жарық көрген ақын, жазушы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сәуле Досжанның «Қасірет пен тағдыр» атты қазақ және орыс тілдеріндегі романы таныстырылды.

Айта кетейік, өткен жылы жазушы Медеу Сәрсекенің жетекшілігімен, ШҚО әкімдігінің қолдауымен «Абай әлемі» топтамасымен он алты кітап жарық көрген болатын. Келер жылы, Абайдың 175 жылдық мерейтойына орай, ұлы ақынның таңдаулы шығармалары, Кәкітай Ысқақұлы, Көкбай Жанатайұлы, Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Мұхтар Әуезов, Қайым Мұхамедханов, Сәбит Мұқанов, Зәки Ахметов, Әріп Тәңірбергенұлы, Мағауия Абайұлы, Тұрағұл Абайұлы, Әсет Найманбаев, Шәкір Әбенов және басқа да тұлғалардың шығармалары жинақталған кітаптар топтамасын шығару жоспарлануда.

Жадыра ТӨЛЕГЕНҚЫЗЫ, «Семей таңы»{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

03.11.2026
2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған 2026 жылғы Жолдауында елдің инфрақұрылымын жаңғыртуға және халықтың тұрмыс сапасын арттыруға бағытталған ауқымды...

Толығырақ...Details

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

03.11.2026

Қоршаған ортаны сақтау – тек мемлекеттік органдардың немесе экологиялық ұйымдардың міндеті емес. Табиғатқа жанашырлықпен қарау, су мен жерді ластамау, табиғи...

Толығырақ...Details

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

03.11.2026
Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

Абай облысында эпизоотиялық тұрақтылықты сақтау, ауыл шаруашылығы жануарларын бірдейлендіру және ветеринариялық қызмет сапасын арттыру бағытында жүйелі жұмыстар атқарылуда. Бұл туралы...

Толығырақ...Details

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

03.11.2026
Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

Семей қаласында дене шынықтыру мен спортты дамыту, тұрғындардың спортпен тұрақты айналысуына жағдай жасау бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде. Жыл басынан бері...

Толығырақ...Details

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

03.11.2026
Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

«iGps Tech» ЖШС ұялы байланыс желісі тартылмаған аймақтарда да жұмыс істейтін спутник арқылы бақылау жүйесін әзірледі. Отандық технология малдың орналасқан...

Толығырақ...Details

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

02.11.2026
Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

Қазақстан Республикасының Конституциясында әр азаматтың жеке меншікке ие болу және өз мүлкін заң аясында пайдалану құқығына кепілдік берілген. Бұл норма...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

2027 жыл Қазақстанда ауқымды құрылыс жылы болмақ

8 часов бұрын

Табиғатты қорғау – әр азаматтың конституциялық міндеті

10 часов бұрын

Абай облысында ветеринария саласын дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізілуде

10 часов бұрын

Семей қаласында жыл басынан бері 120-ға жуық спорттық жарыс өткізілді

10 часов бұрын

Қазақстандық AgriTech компаниясы малды спутник арқылы бақылау технологиясын халықаралық нарыққа шығаруда

10 часов бұрын

Жеке меншік құқығы Конституциямен қорғалады

1 день бұрын

Жеке хат-хабар мен телефондағы мәліметтер қорғала ма? Конституцияда азаматтардың қандай құқығы бекітілген?

2 дня бұрын

Семейде Түркістан облысының тартуы – Көрме орталығы салынып жатыр

2 дня бұрын

Семейде келесі көктемде жаңа үстел теннисі орталығы ашылады

2 дня бұрын

Қазақстан ауыл шаруашылығының өнімділігін арттыруға және технологиялық жаңғыртуға басымдық беріп отыр

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС