"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

*

04.03.2014
*
8
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Семей қалалық қаржы  бөлімінің

басшысы Роза Кәкімова:

ӘЙЕЛ ЖАНЫ ӘДЕППЕНЕН ӘДЕМІ

— Роза Құдайбергенқызы, Сіз үшін 8 наурыз несімен ерекшеленеді?

— Шұғылалы көктемнің шуақты мерекесі ғой. Қыс аяқталып, көктемнің лебі сезіледі. Көктемде тіршілік оянып, айнала жаңарады. Адамзат баласының бойында көктеммен бірге бір мейірім, жылылық, тіпті, белсенділік ояна бастайды. Көктемнің алғашқы мерекесі – 8 Наурыздың орыны бөлек. Бұл мерекенің тек нәзік жандар үшін ғана емес, бүкіл адамзат баласына ерекше қуаныш сыйлайтыны сөзсіз. Себебі, бұл күн — әлемді мейірімділік пен сұлулыққа бөлеген әйел-аналар мерекесі. Барлығымыздың аналарымыздың, әпке-сіңлілеріміздің мерекесі.

— Осы айтулы мерекеде ең бірінші кімді құттықтайсыз?

— Әрбір адам баласы үшін ананың алақанының жылуынан артық ештеңе жоқ қой. Мереке күні ең алдымен анамды мерекесімен құттықтап, жылы лебізімді білдіруге асығамын.

Ерекше есіңізде қалған 8 наурыз мерекесі және ерекше сый…

— Мен үшін өмірдегі ең үлкен, ерекше сый ұлымның бірінші сыныпта оқып жүргенде қолдан жасап сыйлаған мерекелік ашықхаты.  Сол кезде өте қатты қуандым, ұлымның бал-бұл жанған жүзі әлі есімде. Әр мереке сайын баланың берген әр сыйы ана үшін қымбат, мәңгі жадында жатталады.

— Қоғамдағы әйел-ананың рөлі туралы не айтасыз?

— Қазіргі таңда нәзік жандылар барлық салада белсенділік танытуда. Ең ауыр деген жұмыстарға аналар араласады. «Қыздың қырық жаны бар»  деген ғой, халқымыз. Әйел адам өмірге ұрпақ әкеліп, бала тәрбиелеп, отбасы-ошақ қасында ғана отырған жоқ, еңбекке де араласуда. Қоғамда тың идеялардың туындауына да себепкер. Бұл өте дұрыс деп ойлаймын. Әйел адам жүрген жерде жинақылық, тәртіп болады. Нәзік жанды басшы болса, ол ана ретінде ұжымға мейіріммен қарайды. «Бұлақ көрсең көзін аш» демекші, жастар болса, жігерлендіруге тырысады, ана ретінде қолдау көрсетеді.

— «Нәзік жанды» сұлулықтың символы іспетті. Сіз сұлулығыңызды қалай сақтайсыз? Сұлулық салондарына барасыз ба?

— Уақыт тапшы ғой, десе де, сұлулық салондарына жиі барамын. Сыртқы келбетіме мән беремін. Әйел заты тән сұлулығымен ғана масаттанбауы керек, ішкі рухани жан дүниесі де әдемі болуы керек.

 

{jcomments on}- Сөзіңіз аузыңызда, рухани дүниеңізді молайту үшін жиі кітап оқисыз ба? Қандай шығармаларды ұнатасыз?

 

— Демалыс кезінде сапарға шықсам, серігім ретінде «Абай жолы» роман-эпопеясын өзіммен бірге алып жүремін. Қанша мәрте оқысам да, ол кітаптың берер тағылымы мол. Сонымен қатар, түрлі шығармашылық әдебиеттен басқа психологиялық жанрдағы кітаптарды жиі оқимын. Әр адамның өз сыры болады дегендей. Бұл жанрдағы кітаптарды оқып жатқаным – жалпы адамзат баласының жан дүниесін тану қызмет бабында септігін тигізеді.

— Сіздің ойыңызша, адамзат баласының бойында қандай қасиет болуы керек?

— Мінез-құлық – адам бойына сүтпен кіріп, сүйектен шығатын қасиет дейді ғой. Ең басты қасиет әдептілік деп санаймын. Жеке бастағы әдептілік көп ретте оның қарапайымдылығын, имандылығын танытады.

— Биылғы мерекеден қандай сый күтесіз?

— Биыл осындай сый күтемін деп айта алмаймын, құпия болсын. Бірақ, әрбір нәзік жанды үшін 8 Наурыз бен туған күні ерекше мейрам. Бұл күні жақын адамдарымыздан сый күтетініміз рас. Бірақ, қандай сый болмасын, сыйлық жасаушы адам өзінің ойымен, жақсылық нышанымен сыйлық жасаса, ұнатпауға хақым жоқ, қуана қабыл аламын.

— Гүлдің қандай түрлерін ұнатасыз?

— Көктем мезгілінде қызғалдақты, ал басқа мезгілдері, әрине, раушан гүлін ерекше ұнатамын.

— Бөлме гүлдерін өсіру сүйікті ісіңізге жата ма?

— Иә, бөлме гүлдерін өсіру де сүйіп атқаратын істерімнің қатарынан. Бөлме өсімдіктері тамаша эстетикалық ләззат сыйлайды. Ал, оны күтіп-баптау адамға жағымды әсер етеді.  Аналарымыз бізге үйреткендей, әйел бар үйде терезенің алды бос тұрмауы керек. Өйткені, ол жылылық, мейірімділік пен ізгілік және адам баласының табиғатпен етене байланысының айғағы.

— Әңгімеңізге рахмет!

Сұхбаттасқан Әйгерім СӘРСЕНҒАЛИ.

Ұқсас жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

12.11.2026
Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

Абай облысында тұрғын үйлер, әлеуметтік нысандар мен ірі инфрақұрылымдық жобалардың құрылысы жалғасуда. Негізгі бастамалардың қатарында екі көпбейінді аурухана, футбол стадионы,...

Толығырақ...Details

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

12.11.2026
Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

Салықтарды уақтылы әрі толық төлеу – әрбір салық төлеушінің заңнамада белгіленген міндеті ғана емес, сонымен қатар елдің дамуына, экономиканың нығаюына...

Толығырақ...Details

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

12.11.2026
Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

Қазақстанның экономикалық дамуы еңбек нарығындағы өзгерістермен және жаңа технологиялардың кеңінен енгізілуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында елдің экономикалық әлеуетін...

Толығырақ...Details

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

12.11.2026
Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

Азаматтардың қоғамдық өмірге қатысуы, өз пікірін ашық білдіруі және ортақ мәселелерді талқылауы демократиялық қоғамның маңызды белгілерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа...

Толығырақ...Details

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

11.11.2026
«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

Қазақстанда инфрақұрылымды жаңғырту және халықтың өмір сүру сапасын арттыру мемлекеттік саясаттың маңызды бағыттарының біріне айналып отыр. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2026...

Толығырақ...Details

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

11.11.2026
Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

Semeitany.kz - Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы азаматтардың қоғамдық өмірге белсенді қатысуына мүмкіндік беретін маңызды конституциялық кепілдіктердің бірі. Бұл...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

20 часов бұрын

Салықтық құқық бұзушылықтарының алдын алу – мемлекет, бизнес және қоғамның ортақ жауапкершілігі

20 часов бұрын

Жаңа мамандықтар мен еңбек нарығы: Президент Жолдауы қандай мүмкіндіктерге жол ашады?

20 часов бұрын

Бейбіт жиналыстар өткізу құқығы – азаматтық белсенділіктің маңызды кепілі

21 час бұрын

«Халықтық құрылыс»: Президент Жолдауында өңірлерді дамытуға ерекше басымдық берілді

2 дня бұрын

Сөз бостандығы мен ақпарат алу құқығы – демократиялық қоғамның негізі

2 дня бұрын

Денсаулық сақтау жүйесіндегі экономикалық тетіктер

3 дня бұрын

Қазақстанның ресми статистикасын енді AI TALDAU жасанды интеллекті көмегімен алуға болады

3 дня бұрын

Жасанды интеллект және цифрлық даму: Президент Жолдауындағы маңызды басымдық

3 дня бұрын

Отбасы мен бала құқығын қорғау – Конституцияның маңызды кепілдігі

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС