"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

МЕРЕЙТОЙҒА ӘЗІРЛІК ҚАРҚЫН АЛДЫ

10.01.2020
3
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

Жуырда ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрғиса Дәуешов, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай, Бөрілідегі М.Әуезовтің музей-үйі мен Жидебайдағы Абай музей-үйіне, «Абай — Шәкәрім» мавзолей кешеніне және Семей қаласындағы бас музейге мерейтойға дайындық және өткізу шараларының барысымен танысып, алдағы ұйымдастыру жұмыстарын жан-жақты талқылау мақсатында іссапармен барып қайтты.

Іссапар барысында Абайдың «Жидебай — Бөрілі» қорық-музейінде ҚР Мәдениет және спорт вице-министрі Н.Дауешовтің төрағалығымен Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын өткізу жоспарын таныстыру және Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің жаңа экспозициясын жасақтауға байланысты жиын өткізілді.

Жиынға абайтанушы, ф.ғ.д., профессор, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті ректорының кеңесшісі Арап Еспенбетов, Абай ауданының Құрметті азаматтары — М.Жанболатов, А.Мұқатаев, О.Кәрібжанов, Б.Орынбаев, М.Толғанбаев, Л.Гумилев атындағы ЕҰУ жанындағы «Абай академиясы» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Е.Сайлаубай және Семей қаласы әкімінің орынбасары Айдар Садырбаев және шаһардағы зиялы қауым өкілдері қатысты.

Нұрғиса Маратұлы жиналған қауым алдында сөз алып, Абайдың 175 жылдығына даярлық жұмыстарын ширатудың қажеттілігі жайында келелі пікір білдірді. Мәртебелі мейман мұнымен қатар өз сөзінде Семей қаласының зиялы қауым өкілдеріне Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойын дайындау және өткізу жөніндегі жалпыреспубликалық жоспармен таныстырды.

Айта кетер болсақ, жалпыреспубликалық жоспарда хакім Абайдың мұрасын насихаттауға арналған халықаралық, республикалық және өңірлік мәдени-көпшілік шаралар өткізу, Абай шығармаларын шет тілдеріне аудару, Абайдың өмірі мен шығармашылығы, мұрасы туралы деректі фильмдер түсіру, ғылыми-танымдық конференциялар, семинарлар мен шетелдерде ұйымдастырылатын іс-шаралар мен көрмелер және тағы басқа әртүрлі форматтағы шаралар жоспарланып отырғанын баса атап өтті. Жалпы, аталмыш шаралардың барлығы да министрліктің назарында тұр.

Осынау жиын барысында Абайдың «Жидебай — Бөрілі» мемлекеттік қорық-музейінің Семей қаласындағы бас ғимаратының Абайдың шығармашылығы мен өміріне арналған жаңа экспозициясының тұжырымдама жобасы таныстырылды.

Республикалық «Абай» қорының президенті, Абай ауданының Құрметті азаматы Отантай Кәрібжанов, Абай ауданының Құрметті азаматтары — Манатай Толғанбаев, шежіреші Молдабек Жанболатов, профессор, абайтанушы Арап Еспенбетов Жидебайдағы Абай музей-үйі, Семей қаласындағы бас музейдің жаңа экспозициясын жасауға қатысты өз пікірлерін білдіріп, Нұрғиса Мұратұлына ұсыныстарын жеткізді.

Жиын барысында айтылған пікірлер мен ұсыныстар алдағы уақытта ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тарапынан ескерілетін болады.

Қ.ӘЛІМБЕК.{jcomments off}

Ұқсас жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

14.11.2026
Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

Қазақстан экономикасының тұрақты дамуы, жаңа жұмыс орындарының ашылуы және халықтың әл-ауқатының артуы кәсіпкерлік саласының өркендеуімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың...

Толығырақ...Details

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

14.11.2026
Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

Адам құқықтары мен бостандықтарын қорғау құқықтық мемлекеттің басты міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының Конституциясы әрбір адамның заңды мүдделерін қорғауға, әділ сот...

Толығырақ...Details

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

14.11.2026

  Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны...

Толығырақ...Details

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

13.11.2026
Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

Қазақстанның тұрақты дамуы табиғи ресурстарды тиімді пайдалану және қоршаған ортаны қорғау мәселелерімен тығыз байланысты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айқындалған экономиканы...

Толығырақ...Details

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

13.11.2026
Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

Азаматтардың әлеуметтік қорғалуы мен әл-ауқатын қамтамасыз ету мемлекеттің маңызды міндеттерінің бірі. Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясында әлеуметтік кепілдіктерді сақтау, халықтың осал...

Толығырақ...Details

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

13.11.2026
«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

Елордадағы Ұлттық академиялық кітапханада «Egemen Qazaqstan» газетінің «Санаткер ұлт» жобасы аясындағы кезекті дөңгелек үстел өтті. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың жаңа...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

Кәсіпкерлікті дамыту – қуатты экономика қалыптастырудың маңызды шарты

21 час бұрын

Сот арқылы қорғалу – азамат құқықтарының маңызды кепілдігі

21 час бұрын

Абай облыстық мәслихаты депутаттығына кандидаттарды партиялық тізім бойынша партиялық тізім ұсынған саяси партиялардың сайлау қорлары қаражаттарының түскені және жұмсалғаны туралы есеп

1 день бұрын

Су ресурстарын сақтау және экологиялық қауіпсіздік: елдің тұрақты дамуының маңызды шарты

2 дня бұрын

Әлеуметтік қамсыздандыру – азаматтардың конституциялық құқығы

2 дня бұрын

«Санаткер ұлт» жобасының кезекті басқосуы өтті

2 дня бұрын

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР 59 КҮНДЕ 1 102 560 КІТАП ОҚЫҒАН: «КІТАП ОҚИТЫН ҰЛТ» РЕСПУБЛИКАЛЫҚ МАРАФОНЫ ТАРИХИ БЕЛЕСТІ БАҒЫНДЫРДЫ

2 дня бұрын

Үржар ауданында инвестиция көлемі артып, жаңа өндіріс орындары іске қосылды

2 дня бұрын

Үлкен ауылында 33 мыңға дейін тұрғыны бар атомшылар қалашығын салу жоспарлануда

2 дня бұрын

Жаңа ауруханалар, стадион және мыңдаған шаршы метр тұрғын үй: Абай облысында қандай нысандар салынып жатыр?

3 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС