"Семей таңы" газеті
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
PDF нұсқа
ztlogo
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
"Семей таңы" газеті
PDF
Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин: СЕМЕЙДІ ӨЗГЕРІСТЕР КҮТІП ТҰР

14.01.2020
0
Қаралды
Facebook-ке бөлісуWhatsapp-қа бөлісуTelegram-ға бөлісу

ҚР Парламенті Мәжілісінің Төрағасы Нұрлан Нығматулин Шығыс Қазақстан облысына жұмыс сапары барысында Семей қаласына келді. Нұрлан Зайроллаұлы алдымен «Жидебай-Бөрілі» мемлекеттік тарихи-мәдени және әдеби-мемориалдық қорық–музейіне барды. Қарағайлы шағын ауданында болып, ондағы көпфункционалды мәдени-спорт кешенінің жұмысымен танысты. Одан соң қаладағы Жедел медициналық жәрдем ауруханасына ат басын бұрып, жұртшылықпен кездесу өткізді.

«Жидебай-Бөрілі» музейіндегі экспонаттармен танысып шыққан Мәжіліс Төрағасы Нұрлан Нығматулин Ұлы Абай мұрасы Қазақстан халқының игілігі екенін айта келе қазақ жазба әдебиетінің негізін салушы Абай Құнанбаевтың Қазақстан қоғамының рухани дамуына қосқан үлесі зор екенін атап өтті. Нұрлан Зайроллаұлы Қазақстанның Тұңғыш Президенті — Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Абайдың шығармаларын қазақстандықтар арасында кеңінен насихаттауға баса назар аударып отырғанын еске салды. Мәжіліс Төрағасы Қазақстан Президентінің «Абай және XXI ғасырдағы Қазақстан» мақаласындағы Абайдың шығармашылығы мен Семей қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуына қатысты міндеттерінің маңыздылығына тоқталды. Нұрлан Нығматулиннің айтуынша, оларды жүзеге асыру әлемге әйгілі қоғам қайраткерінің 175 жылдығын жоғары деңгейде атап өтуге ғана емес, сонымен бірге еліміздің тарихи және мәдени мұрасының артуына ықпал етеді.

Семейге жұмыс сапары барысында Нұрлан Нығматулин Қарағайлы шағын ауданына барып, ондағы көпфункционалды мәдени-спорт кешенінің жұмысымен танысты. Мәжіліс Төрағасы бұл кешен барлық халықаралық стандарттарға сәйкес келетіндігін және әртүрлі маңызды іс-шаралар мен бос уақытты бүкіл отбасымен өткізуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Бұдан соң ҚР Парламент мәжілісінің төрағасы Семейдегі жедел жәрдем ауруханасына ат басын тіреп, жұртшылықпен кездесу өткізді.

Жиында «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы талқыланды.

— Бұл күндері Парламент Мәжілісінің депутаттары облыс орталықтарында, қалаларда көптеген кездесулер өткізуде. Бұл біз үшін өте маңызды кері байланыс, өйткені бұл депутаттарға заң шығару саласындағы мәселелерді білуге және Үкіметпен бірлесіп, ел азаматтарының өмір сүру сапасын жақсартуға жағдай жасауға мүмкіндік береді. Осы жылы мен жұмыс сапарымды Шығыс Қазақстан облысынан, Семей қаласынан бастағанды дұрыс деп санадым. Бұл кездейсоқтық емес, биыл біз ұлы ақын Абай Құнанбаевтың 175 жылдығын атап өтеміз. Президент Қ.Тоқаев Семей қаласына қатысты бірқатар тапсырмалар берді. Енді Семей тарихи орталық мәртебесіне ие болады. Қаланы әлеуметтік-экономикалық тұрғыда жан-жақты дамытуға байланысты жұмыс жүргізіледі. Бірқатар тарихи нысандар жаңғыртылады. Семей қаласын көптеген оң өзгерістер күтіп отыр. Қажет болған жағдайда, осы жұмыстарды жүзеге асыруға Парламент депутаттары заңнамалық деңгейде белсенді түрде қатысатынын айтқым келеді,- деді Нұрлан Нығматулин.

Қазір «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» кодекс жобасы Парламент депутаттарының қарауында. Нұрлан Нығматулин аталған құжаттың маңыздылығын атап өтті.

— Заң жобасында аурудың алдын алу, дәрігерге дейінгі және медициналық көмек көрсету саласындағы көптеген жаңашылдықтар, сондай-ақ трансплантология саласындағы жаңа тәсілдер қарастырылған. Парламентке түскен кодекстің үкіметтік нұсқасы өткен жылдың күзінде қолданысқа енгізілді және де мұқият және жан-жақты қаралып, Мәжілістің барлық комитеттерінде талқыланды. Негізгі жұмыс депутаттар, үкіметтік емес ұйымдар және медициналық қоғамдастықтың өкілдері кіретін жұмыс тобының аясында жүзеге асырылады. Өйткені бұл өте көлемді құжат және мұқият талқылауды қажет етеді. Біз үшін дәрігерлердің кеңестері мен ұсыныстары өте маңызды, — деді Парламент Мәжілісінің спикері.

Нұрлан Нығматулин Шығыс Қазақстанда медициналық кадрларды даярлау жүйесі жақсы жолға қойылғанын атап өтті.

— Мен облыс әкімі Даниал Ахметовтің шығыс аймағындағы медицина саласын дамытудағы рөлін атап өткім келеді. Елордада, «ең жоғары» кеңселерде ол облыстың жағдайын жақсартуға, әсіресе денсаулық сақтау жүйесін дамытуға ерекше назар аударуды талап етеді. Даниал Кенжетайұлы Үкіметпен де, депутаттық корпуспен де тығыз байланыста жұмыс істейді. Бюджеттен бөлінген барлық қаражат тиімді пайдаланылуда, менің ойымша, аймақ тұрғындары мұны біледі,- деді Нұрлан Нығматулин.

Жұртшылықпен кездесуде сонымен қатар трансплантология, өмірді жасанды қолдау, профилактикалық егулер, скринингтік зерттеулер және балаларды профилактикалық медициналық тексерулер туралы мазмұнды әңгіме болды.

Жүздесу соңында Парламент Мәжілісінің спикері халықты кодекстің жобасын — еліміздің денсаулық сақтау саласына қатысты негізгі құжатты талқылауға белсене қатысуға шақырды.

Семей қаласының ақпараттық орталығы{jcomments off}

 

 

Ұқсас жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

19.06.2026
«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

Абай облысында мемлекеттік органдардың өкілдерін, қоғамдық ұйымдарды, сарапшыларды, педагогтер мен белсенді әкелерді біріктірген «Әке өнегесі – өмірлік сабақ» атты өңірлік...

Толығырақ...Details

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

19.06.2026
Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

Ақордада медицина қызметкері күніне орай салтанатты іс-шара өтті. Жиында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев дәрігерлерді кәсіби мерекесімен құттықтап, бірқатар мемлекеттік наградалармен...

Толығырақ...Details

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

19.06.2026
Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада денсаулық сақтау саласындағы жетістіктерге тоқталды. Баршаңызға белгілі, мемлекет медицина саласын...

Толығырақ...Details

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

19.06.2026
Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада қоғамдық орындарда әдеп сақтау мәселесін көтерді. Өз сөзінде Президент ауқымды...

Толығырақ...Details

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

19.06.2026
Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев медицина қызметкері күніне арналған салтанатты іс-шарада білікті маман тапшылығын жою, оларды қолдау бағдарламасын әзірлеу мәселесін көтерді....

Толығырақ...Details

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

19.06.2026
Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

Мемлекет басшысы жалпыұлттық референдумға белсенді қатысқан медицина мамандарына ризашылығын білдірді. Өз сөзінде Президент қазір әділетті, күшті, озық әрі таза Қазақстан...

Толығырақ...Details

Жаңалықтар

«Әке өнегесі – өмірлік сабақ»: Абай облысында жас ұрпақ тәрбиесіндегі әкенің рөлі талқыланды

6 часов бұрын

Президент медицина қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтады

6 часов бұрын

Дәрігерді қорғау Заң мен тәртіп қағидатына толық сай келеді – Президент

6 часов бұрын

Президент: Зайырлы болу — ұлт болмысынан аттау немесе құндылықтарды ұмыту емес

6 часов бұрын

Медицина мамандарын қолдау бағдарламасын әзірлеу керек — Президент

6 часов бұрын

Жаңа Конституцияда «ұлт саулығы» ұғымына алғаш рет назар аударылды — Президент

6 часов бұрын

3,6 миллионнан астам қаралым: елімізде цифрлық кітапханаларға сұраныс артып келеді

11 часов бұрын

Абай облысында биыл әскери жиындарға 825 азамат шақырылады

2 дня бұрын

Абай облысында «Таза су айдындары» акциясы өтті

2 дня бұрын

Адам мен AI серіктестігі: ғылыми шешім қабылдаудағы оңтайлы модель

2 дня бұрын
Тағы оқу...

Директор:
Риза Асанқызы Молдашева

Веб-менеджер:
Ерлан Айқынұлы


«Семей таңы» газеті 1969 жылы «Құрмет белгісі» орденімен, 2009 жылы ҚР Президентінің БАҚ саласындағы
грантымен марапатталған.

Редакция мекенжайы:

F18A5H3, Семей қаласы,
Қайым Мұхамедханов көшесі,12.

Байланыс:

Директордың қабылдау бөлмесі — 523657;
бас редактор — 520984;
Жарнама және баспасөзге жазылу бөлімі — 560803;
факс — 520475.

 

e-mail:
info@semeytany.kz


Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігі берген қайта тіркеу куәлігі
№7220-Г, 30.07.2018.ж.


Яндекс.Метрика

© «ABAI AIMAQ MEDIA» ЖШС

Нәтиже табылмады
Барлық нәтижені қарау
  • Жаңалықтар
    • Саясат
    • Мәдениет
    • Қоғам
    • Қылмыс
    • Спорт
    • Экономика
    • Жаһан
    • Көзқарас
  • Мультимедиа
    • Видео
    • Фото
  • Төртінші билік

© «Семей таңы газеттері – Вести Семей» ЖШС